Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Шубарова Береке Жумагалиевна, Семей қаласы, « Бақыт шағын орталығының» тәрбиешісі «Нағыз тәрбиеші - жан жақты жетілген, білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі» Тәрбиеші-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім -тәрбие өнегесініғ бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындыырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптсуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік, жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу-тәрбиешінің басты міндеті. Тәрбиеші жан жақты жетілген білімді әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынас түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе, осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның тәрбиешілік тәжірибесін жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады. Тәрбиешінің кәсіби білік-дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Оған: -тәрбиешінің жеке мәдени деңгейі -адамгершілігі - тәлім-тәрбиесі - ізденімпаздығы - зерттеушілі жатады. Тәрбиеші кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген жағдайда ғана баланың шығармашылық қабілетін дамытып, ғылымға деген қызығуын қалыптастыра алады. Сондай-ақ тәрбиеші жаңалық жаршысы ретінде оқытушы тиімді тәсілдерін озық тәжірибелерді сараптап, шығармашыл ізденіс үстінде болуы керек. Ең бастысы, тәрбиеші өз жұмысына қойылатын талаптарды терең түсініп, өзін психологиялық жағынана даярлау міндетті. Ұстамдылық, өз ойын еркін жеткізе білуі, эмоциялық тұрақтылығы, әлеуметтік қарым-қатынас жиынтығын меңгеруі т.с.с. Сонымен қатар, алдына қойған мақсатына жетуі үшін, өзінің күш қайратын, ерік-жігерін жұмылдырып шыңдауы тиіс. | |
Просмотров: 918 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|