Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ата-аналар жыналысы Тақырыбы: «Ата-аналар мен бала – айырылмас достар»
Семей қаласы
Жумабекова Айгуль Оралгазиновна
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Ата-аналар жыналысы
Тақырыбы: «Ата-аналар мен бала – айырылмас достар»
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі тілектестікті дамытуға арналған іс-тәжірибелік ұсыныстар беру.
Өткізу формасы: форум.
Жиналыстың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Бүгінгі күнді біз бір-бірімізге арнаймыз, ДОСТЫҚ деген адам өміріндегі маңызды сөзіне арнаймыз.
1. Шаттық шеңбері
Жүргізуші: - Қолдарыңызды бiр-бiрiңнiң иықтарыңа қойып, екі жаққа шайқалып көрiңдершi. (Барлығы қимылды орындайды.)
- Қасыңда тұрған адамның иығының қолдауын сездіңдер ме?
- Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Отбасында да әрбiр адамға туыстары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi.
Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:
Отбасымыз - гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы күн!» деп айтамыз,
Бір болып, бақытты боламыз.

2. «Достық мектебі» ойыны.
Ата-аналар мен балалар шеңбер жасап тұрады. Олардың барлығы достық мектебінің оқушылары. Бір қатысушы жүргізуші болады. Қатысушыларға әр түрлі жан-жануарлардың суреттері бар карточкалар таратылады (құстар, балықтар, гүлдер, ағаштар және т.б.). Олар өздерінің карточкаларын бір-біріне көрсетпеулері тиіс. Әрбір қатысушы карточкада бейнеленген жануарға дос болу үшін не істейтінін айтуы қажет. Достық мектебінің жүргізушісі карточкалардығы суреттелген қатысушылардың суреттеуі бойынша сәйкестендіріп табу керек. Егер жүргізуші таба алмаса, онда ол қатысушымен орнын ауыстырады.

3. Сұхбатқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар (интервью):
- Шын дос болу қиын ба, ол үшін не не қажет екені туралы не ойлайсыз?
- Досыңыздың болуы үшін адамдармен қандай қарым-қатынас жасау қажет?
- Қай адаммен сіз достасқыңыз келеді және неге?
- Өзіңізді жалғыз сезінген жағдайларыңыз болды ма, бірақ сонан соң керісінше ойда болған жағдайларыңыз болды ма?

4. «Төрт дос» шығармашылық жаттығуы.
Ата-аналар мен балаларды төрт төрттен топтарға бөлу керек. Әрбір топта: біреуі – пілдің баласы, екіншісі – үйрек, үшінші – алау, төртінші – бұлт болады. Ата-аналар мен балалар бірігіп, төрт досының біреуіне қиын кезде көмектесіп, қол ұшын берген әңгімесін құрастыру.

5. Педагогикалық ойын «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Әр топтың бір мүшесі шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады.

6. Сиқырлы экран. (алдын ала балалармен түсірілген бейнесюжет көрсету)
Сұрақтар:
- Достар туралы жаман айтуға болады ма?
- Егер сіздің досыңыз жаман қылық жасаса, ол туралы басқаларға айтуға болады ма?
- Сіздің жақындарыңыз ұнатпайтын адаммен достасасыз ба?
- Досыңыздың қателігін кешіруге болады ма?
- Достармен ұрысып, ренжуге болады ма?
- Әке мен ананы дос ретінде қабылдауға болады ма?
- Достыққа бағынуға болады ма?

7. Жағдаяттарды ойнау.
1-ші жағдаят.
Гүлімнің Әсем деген құрбысы бар. Әсем әдемі кофта сатып алады. Ал Гүлім болса дәл сондай алғысы келеді. Гүлімнің анасы оған басқа бірдеңені сатып алуға болатыны туралы айта бастағанда, ол жылай бастайды.
2-ші жағдаят.
Еркебұланның ата-анасы үйден бірдеңені алуға рұқсат етпейтін маркаларды Сұлтан бұрыннан бері сұрағысы келген. Ал Еркебұлан болса ата-анасының бұл қылықтарын өз алдына ұнатпайды.
3-ші жағдаят.
Ержан өзінің туған күніне достарын шақырады, олар онда жаман қылықтарды көрсете бастады. Сонда Ержанның ата-анасы...
Жүргізуші: Жағдаятта көрсетілгендей ата-ана мен балалар арасында шын достық қарым-қатынас болуы мүмкін бе? Жоқ. Онда ол қандай болуы мүмкін? Олай болса бәрімізге ортақ шаңырақтың астында жақсы болатындай етіп өмір сүрейік. Бірігіп, достасып, бір-бірімізді түсініп тұруға, қуануға тырысайық. Ол үшін ата-аналар мен балаларға арналған кеңес, ақыл-ойларды қолдану керек. Ата-аналар мен балаларға арналған кеңестер бұлама қағазда беріледі.

Ата-аналарға арналған кеңестер:
1. Балаңызды жалғыздыққа үйретпей басқалармен араласуға бөгет жасамаңыз.
2. Балаңыздың досын сол досының ата-анасының беделін қолданып сыйламаңыз, оны балаңыздың позициясынан сыйлаңыз.
3. Балаңыздың досының тек қана жағымды жақтарын көрсетуге тырысыңыз.
4. Достықта жеткен жетістіктері үшін балаңызды мадақтауға ұмытпаңыз.
5. Жастық шақтағы балаңызда болған достықты сақтау нәтижесінде оның болашақта жақсы тіреуі болуы мүмкін.

Балаларға арналған кеңестер
1. Өздеріңіздің ата-аналарыңызға сеніңіз – олар сендердің тіректерің, кез келген уақытта сендерге ақыл-кеңес беріп көмектеседі.
2. Ата-аналарға қамқорлық жасаңыз – оларда қиыншылықтар көп болады.
3. Олармен бос ренжісіп, ұрыссуға болмайды.
4. Достарыңызбен оларды таныстырыңыз, олар туралы әңгімелесіңіз.
5. Достарыңыздың қуанышын ата-аналарыңызбен бөлісіп қуаныңыз.

8. Қорытынды.
Соңында ата-аналар мен балалар бірігіп суретке түседі.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-04) E
Просмотров: 876 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru