Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ата-аналарға арналған кеңес
Ата-аналарға арналған кеңес
Тақырыбы: Сәби тілін дамыту жолдары
ШҚО Семей қаласы
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Шулембаева Кулаш Кайсахановна
Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі мекемелерде мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуы, сөздік қорының молаюы, сөзге қызығушылығы жедел қалыптасатыны ғылымда дәлелденген. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойнау тілінің, мінез- құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі артады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтын ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.қолдың ұсақ мотрикасы мен қимыл- қозғалыстарындамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстары, оның жеке тұлғалық белгілерін психолог, логопед мамандарымен бірлесе отырып анықтап алу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, психологиялық ауытқушылықтар болатына назар аудару қажет. Балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығулары балаларға қызықты, тартымды болуы тиіс.
Баланың тілін дамытуда сөйлеу басты рөл атқарады. Сөйлеудің негізгі және басты өлшемі қарым-қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқарады. Бала әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуде ақпарат алысады. Тілдің коммуникативтік қызметінің бұл аспектілерін мектеп жасына дейінгі балар белменді меңгереді. Дәл осы тілдік қызмет баланың тілді меңгеруіне ықпал етіп, фонетика, лексика, грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлеуі мен диалогтық сөйлеуді игертеді.
Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі - балармен сөздік жұмысын жүргізу ісі. Біз балармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, оның атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінің ажырата білуге, өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайында ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсеңді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Баларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорды дамыту жұмыстары бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын барысында дамытылады. Кішкентай сәбилер сөз ішіндегі кейбір дыбыстарды айтуға қиналады. Кейде бала аталған дыбыстарды жекелей дұрыс айтады да, сөз ішінде кейбір дыбыстарды айтуға қиналады. Кейде бала аталғандыбыстарды жекелей дұрыс айтады да, сөз ішінде теріс қолданады. Бала тіліндегі дыбыстық кемшіліктер мына түрде кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, дыбысты алмастыру (қолғап-қолбақ, орамал-омарал, т.б). Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа сабақтарда да (шығарма оқу, дидактикалық ойын, бақылау) мазмұнына қарай жүргізуге болады. Бала оқу жылы ішінде бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтып үйренуі тиіс.
Жоғарыда аталған тіл кемшіліктерін түзету үшін ең алдымен жиі кездесетін сөздерді тыңдата отырып, оның есту қабілетін дамыту, сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру. Соңынан осы дыбыстарды жекелеп айтып, сөйлеу мүшелерін дұрыс қоя білуге үйрету, көрсетіп жаттықтыру қажет. Мысалы: «Ш» дыбысын айтқанда ерін алға сәл сүйірленіп, тілдің ұшы тілден алыстап, артқы көмейге қарай жиырылады. Іштен жылы ауа шыққаны байқалады. «Ж» дыбысы да «Ш» сияқты айтылады. «С» дыбысын айтқанда ерін ғана ашылып, тіл астыңғы тістің түбіне таяу тіреліп, салқын ауа білінеді. «З» дыбысы «С» дыбысы сияқты айтылады. Мұндағы ерекшелік - аздаған үн қатысы бар. Осылайша баларға жеке дыбыстарды айтқыза отырып, ойын әдісін түрлендіре,сөйлеу аппаратын дұрыс қолдануға үйрету қажет. Мұндайда ойын мен көрнекілік әдісті баланың көру, тыңдай қабілетін дамытуға қатар қолдануға болады. Ең алдымен ойыншықтарды көрсетіп, олардың атын айтқызу, дауыссыз дыбыстар жиі қолданылатын сөздерді қатыстыра отырып үйрету қажет. Ойын үстінде айтуға қиын дыбыстардың жиі қолданылуына көңіл бөлінуі керек. Мұндайда хормен айтқызу әдісін жекелей айтқызумен қайталап жалғастырудың орны бөлек. Дыбысты дұрыс айтуға үйрету үстінде қозғалмалы ойын әдісі тиімді емес. Өйткені балардың зейіні ойын әрекетіне ауады да, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығу назардан тыс қалады. Естияр балалар тіліндегі бірінші ерекшелік – сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуға қабілеті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле түседі. Бұл жағдай жеке сөздердің дыбыстық жағын дұрыс айтуына негіз болады. Екінші ерекшелігі- олар өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөздерді дұрыс қолдану керектігін ескермейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы – тіл дамыту ісінің бір бөлігі болып табылады.
ҰОІӘ үстінде түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы жетістік, кемшіліктері анықталып отырады. Баланың тіл мүкістігін, кемшіліктері анықталып отырады. Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды және бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылады. Мысалы: « Бүгін (Р) дыбысын дұрыс айтып үйренеміз» - деп, сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді. Оқу іс- әрекетінің екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Тәрбиеші өзі бірнеше суретті (р немесе л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы заттарды айтады. Балаларға өз ойларынан бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді. Сабақ соңында сол дыбыстар қатысатын өлең, тақпақ не жаңылтпаш оқылады. Жаңылтпаш жаттығулар арқылы «Р» дыбысына тілі келіп, сөзді мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің өткелінен өткендей әсер алады.
3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны белгілі. Сондықтан оларға суреті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру ыңғайлы. Бұл жастағы сәбилер оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытуда тек қана ертегіні оқып беріп қана қоймай, артегіні рөлдерге бөліп сахналату бала тілін дамытуға зор ықпалын тигізеді. Балбақшада тағы бір жүргізілетін жұмыстың түрі - санамақтар. Санамақтарды халық негізінен балаға сан үйрететі, әрі дүние танытады, баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Сәби тілін дамытуда мақал – мәтелдердің де алатын орны ерекше. Балаға айтатын ақыл өсиет, өнеге, әсерлі әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Тіл дамытуға көркем әдебиет түрлерін орында пайдалана білген тәрбиеші баланың түсінігін кеңейтіп, ұғымын байытады.
Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Сондықтанда әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек етемін. Біздің балаларымыз бақытты болуға лайықты. Бұл тек қана баланын жеке тұлға ретіндеидамуына қажетті жағдай туғызғанда ғана болмақ.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2016-02-05) E
Просмотров: 1691 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru