Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Берекелі күз» ертенгілік
«Берекелі күз»
К.Ж.Сағит
№64 НОМ жанындағы
шағын – орталықтың тәрбиешісі.
Қарағанды қаласы.

Топтың іші күз мезгіліне байланысты безендірілген. Балалар сазды әуенмен топқа кіреді.
Жүргізуші: Балалар, біз бүгін Жұлдыз бен Құндызға қонаққа келдік.
Сәлеметсіздер ме қыздар, біз сендерге Алтын күз мерекесін тойлауға келдік.
Жұлдыз: (сасқалақтап) Құндыз енді не істейміз? Қонақтар келді, ал сен болсан ұйқтап жатырсын. Бірақ та балалар өлең айтса, Құндыз оянатын шығар. Құндыз да өлең айтқанды жақсы көреді.
Нұрбек: Алтын,алтын,сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Эльнара: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Данил Ф: Өрік, шие, балы бар,
Қауын,қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал.
Неге аласың демейді.
«Егінді жинандар» әні.
Құндыз: (есінеп) Әндерін жақсы екен, билесе ғой, бірақта қарным ашып тұр. Жұлдыз жейтін бірдеме берші. Сен шырын жасаймын деп едің ғой, шырының қайда?
Жұлдыз: Бірінші жұмыс істе, сосын шырын ішесің. Сыпырғышты ал, жұр ауланы сыпырамыз. Көрдің бе қанша ма жапырақ жатқаның.
Егор: Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Надэля: Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Мирослав: Ауладағы көп ағаш,
Тербеледі желменен
Сары, жасыл жапырақ
Құс секілді ұшады.
Жұлдыз: Мынандай әдемі жапырақтарды қалай жинайсын, жарайды әдемі болып ұша берсін.
«Жапырақтар биі»
Құндыз: Ұша берсін, жексұрын жапырақтар. Күзді жек көремін, ешқандай пайда жоқ.
Жұлдыз: Не дейсін? Сен білмесен, балалар біледі, балалар айтындаршы күздің қандай пайдасы бар?
Балалар: Күзде жеміс, көкөніс, саңырауқұлақтар жинаймыз.
Валир: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ростислав: Жетті желмен Алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Толтырды да қамбасын,
Той жасады халқымыз.
«Шыбынжұттар биі»
Жұлдыз: Көрдің бе, балалар бәрін біледі.
Құндыз: Өлең, тақпақ, биді менде жаттап айтып бере аламын. Оларды былай тексеру керек. (жұмбақтар жасырады)
Көк ала киімі,
Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)
Аласа талда алуан алма,
Ал қызыл болмай аузыңа салма. (Қызанақ)
Үстіне тігі көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Отыз көйлек киінген,
Бір түйме жоқ ілінген. (Қырыққабат)

Құндыз: Бұлар көкөніс немесе жемісі қайсы екенін білеме екен?
Жұлдыз: Әрине біледі,қазір көресін.
Ойын «Көкөністер - жемістер»
Мақсаты:Себеттерге көкөністер мен жемістерді іріктеп, атың атап салу.
Жүргізуші: Біздің балалар көкөністер туралы өлең, тақпақ, би, жұмбақтар ғана біліп қоймай, көрініс те көрсете алады.
Көрініс «Шалқан»
Құндыз: Шаршап кеттім, жүріндер билейік.
Жұлдыз: Қоя тұр, мен шырын алып келгенше, сен балалардың көңілдерің көтер. Сосын билейміз.
Құндыз: Жарайды, мен сендерге көкөніс, жемістердің пайдасы туралы айтып берейін, ол жағын мен жақсы білемін. Біріншіден қызылшаны аламыз. Беттерін әрдайым қызарынқырап жүрсін десен дер, қызылша жағындар. (Беттерін қызылшамен уқалайды).
Қояндардың тістері неге мықты? Неге? Үйткені, олар әрқашанда сәбіз жейді.
Менен үйреніп алындар, бетке қиярдан қалай маска жасауды, сонда бетке әжім түспейді.
Ал, картоп. Картоп қайда? Жұлдыз, тез картоп әкеліп берші.
Жұлдыз: (қолында шырыны бар) Өзің барып алшы, мен жұмысымды бітіріп тастайын.
Құндыз: Бәрін өзім істеуім керек. Қайда екен бұл картоп. Мында екен ғой. (Картоп бар қапты алады, қаптың тесігінен, картоптар шашылады). Жұлдыз, қапты кім тескен?
Жұлдыз: Тышқандар шығар. Балалар көмектесіп жіберіндерші.
«Антошка биі»
Ойын «Картопты жинап ал»
Құндыз: Өлең айтайықшы, Жұлдыздың келетін түрі жоқ.
«Күз ырғағы» әні.
Құндыз: Рахмет, сендерге балалар. Мен күз жаман ба десем. Еңбектенсен, күз адамдарға көп қуаныш сыйлайды екен.
Қолында шырыны бар Жұлдыз кіреді.
Жұлдыз: Рахмет балалар, бізге келіп өз өнерлерінді көрсеткендерін үшін. (Балаларға шырын таратады)
Категория: Дошколенок | Добавил: s-kenge (2016-02-17) | Автор: Кенжегуль E
Просмотров: 795 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 6:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru