Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылы
«Абай атындағы орта мектеп-бақша»
Турдиева Жазира Абеновна
даярлық тобының тәрбиешісі

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесі қарқынды дамуда.Бағыты –тура, мақсаты – айқын, міндеттері жоспарлаулы білім саласының бүгінгі жеткен жетістіктері аз емес. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында ел тарихындағы маңызды салалардың бірі, әрі бірегейі ретінде білім саласына басты назар аударып отырады.Себебі, білімді ұрпақ - ел келешегі. Білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие берудің бүкіл жүйесін қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда елімізде 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, оларға 644,3 мың бала барады. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарымен қамтылуын іске асыруды бастағанда 36% ( пайыз) болса, қазіргі таңда 71,5 %-ды құрап отыр. Елбасының тапсырысымен бірегей «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды, осы бағдарламаның аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту қарастырылуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту проблемасы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын модернизациялауды талап етеді.
Біз бағдарлама мақсатына қол жеткізуіміз үшін мынадай міндеттерді шешуіміз қажет:
- инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру)
- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау
- мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру
Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастығымен тығыз байланысты. Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.
Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау.
Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және тәжірибелік.
Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.
Екіншісі аспект, бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.

Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
• салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
• эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
• талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
• айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
Бастауыш мектептің міндеттері:
• салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
• қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
• мектепте оқуға, үйрену деген тілегін қалыптастыру;
• әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
• мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
• мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
• мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
• бала дамуының үздіксіз білім беру жүйесін құру.

Даңққа тұлпар дүлділділігімен, ер азамат білгірлігімен, әйел заты іскерлігімен жетеді. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз айтқандай, құрметті мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, Сөзіміз-түзу, Еңсеміз-биік, Рухымыз-мықты болсын десек бірегей ұстаз мамандығын ұлықтай білеік!

Қолданылған әдебиеттер :
1. Мектепке дейінгі тәрбие стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның материалдары. Алматы-2007ж. 2.Дошкольное воспитание, № 3, 2007 3.М. Жұмабаев, «Педагогика» —1992
Категория: Дошколенок | Добавил: гульнараж (2016-10-15) E
Просмотров: 725 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru