Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Сценарий ко Дню Независимости РК
Тәуелсіздік күні!
(ересек жастағы балаларға арналған)
Жүргізуші: - Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар! Келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні құтты болсын! Денсаулығымыз зор болып, еліміз тыныш болсын!
(Қазакстан Республикасының әнұраны орындалады).
Жүргізуші: - Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Жүргізуші: - Балалар, Қазақстан еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: - Астана қаласы.
Жүргізуші: - Дұрыс, ал бәріміз Астана туралы әсем ән орындайық.
« Ел жүрегі – Астана » әнін балалар орындайды.
Жүргізуші: - Құтты болсын Тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш – жігері жастардың сарқылмаған.
Әлі де шығар алаңға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіңдер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей – ақ,
Түсінеміз, ұғамыз,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
Жүргізуші: - Қазіргі уақытымызда Алтын Адам Тәуелсіздікдің нышаны болып табылады.
Алтын Адам туралы аңыз:
Жүргізуші: - Жаңа күннің таңын көңілді әндермен қарсы алған (желдің дыбысы, құстардың әні, бұлақтың сылдыры ... домбыра дыбысы естіледі).
- Дүниеге сәби келді!
(залға бала-хабаршы жүгіріп кіріп, қуанышты жаңалығын айтады)
Бала-хабаршы: - Сүйінші, сүйінші халайық қуаныңыздар! Өмірге жаңа адам келді!
Жүргізуші: - Тау жақтан жаңғырық дауысы естіледі, хабаршының дауысы адамдар жүрегін қуантты. Қандай бақыт - сәбидің дүниеге келгені. Ұлы той жасау керек, шілдеханаға көп қонақтар келсін.
( бесікте жатқан баланы залға кіргізеді)
Жүргізуші: - О, бәйбіше бөпелі болуыңызды құттықтаймын. Үлкен жігіт болып өссін! «Тілім тасқа!»
(бала-хабаршы бесіктің ішіне таң қалып қарайды)
Жүргізуші: - Өз көздеріме сенбеймін, дүниеге алтын айдары бар бала туылыпты ғой!!! Есімін Сүней деп қойыпты!
Той. Қонақтар дастарқан басында отыр, домбыра ойнайды.
Бала-хабаршы: - Қонақтың барлығы тілектерін айтқылары келеді!
1 қонақ - бала: - Бақытты болыңыз! Еліміз бақытты болсын!
2 қонақ – бала: - Аспанымыз ашық болсын!
3 қонақ – бала: - Сәбидің бауы берік болсын!
4 қонақ – бала: - Ата-анаcына серік болсын!
5 қонақ – бала: - Отанымыз тыныш болсын!
( бесікте залдан шығарады)
Жүргізуші: - Көп уақыт өтіп, бесіктегі алтын айдарлы бала үлкен жігіт болып өсті. Алтын айдары бар баланы халық күйші, жыршы ретінде таныды. Бұл ақылды баланы – Алтын бала деп атады. Бұрынғы заманда Отан, ұрпақ, туыстар ұғымдарын кішкентай балалар да түсінді. Жас жігіттер өз Отанын және оның дәстүрлерін білген.
- Балалар, сендер де білесіңдер Отан деген не, кімдер айтып береді?
(балалар Отан туралы өз ойларын айтады, біреулері тақпақтар оқиды).

1 бала: - Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
2 бала: - Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, Қазақстан!
3 бала: - Алтын таңның аясында,
Бақытты өскен баламыз.
Еркін өмір шат заманда,
Шырқап әнге саламыз.
4 бала: - Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан Қазақстан.
Елім менің тірегім,
Құшағында гүл атам.
Жүргізуші: - Сол заманнан бері көп уақыт өтті. Алтын адам халық алдында күйші, жыршы ретінде көп уақытқа дейін біздің Отанымыздың Тәуелсіздік нышаны болады.
- Балалар, Алтын адамды көргілерін келе ме?! Ендеше ... (салтанатты әуен естіледі)
- Бейбітшілік, бақыт пен байлықтың символын білдіретін Алтын Адамды қарсы алыңыздар!!!
( Алтын Адам кіреді, балалар шапалақтайды)

Алтын Адам: - Амансыздар ма құрметті қонақтар! Мен сіздерге ақ ниетпен келіп отырмын, сіздерге мол бақыт, зор байлық, ашық аспан тілеймін!
- Қазақ деген халық бар жер бетінде,
Еркін жүрген аққудай көл бетінде.
Табиғатты аямай құйып қойған,
Жер жүзінің жылуын келбетіне.
Жүргізуші: - О, ұлы және құдыретті, ақылды және дарынды, қонақ боласыз, төрге шығыңыз!!!
Алтын Адам: - Үлкен рахмет, алғысымды білдіремін! Мен жай жүрген жоқпын, мен өзіммен бірге Тәуелсіз Мемлекетіміздің рәміздерін ала келдім.
Жүргізуші: - Иә, расында да рәміздеріміздің әр белгісі, әр таңбасы бірдеңелерді білдіреді. Ендеше біз бүгін рәміздеріміздегі белгі мен таңбалар не білдіретіндерін білеміз.
- Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім – Әнұран, ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Алтын Адам: - Қазақстан рәміздері-елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Әнұран, көгілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

- Ал, кім біздің Мемлекеттік рәміздерді атап шығады?
( балалардың жауаптары)
Алтын Адам: - Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!
Жүргізуші: - Елтаңба туралы қазір біздің балалар айтып береді.
1 бала: - Шаттық қонған мен шалқақ шаңырақ,
Шаңырақтан нұр төгер күн жадырап,
Бақытқа қолын созған бар қазақтың
Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.
2 бала: - Мен – уықпын. Шаңыраққа шаншыламын.
Бойымда байсалдылық бар шыдамым,
Ей, ұрпақ, сені де өмірдің уығы бол,
Өшпестей қолында бар шам – шырағың.
3 бала: - Мен – керегемін, керегемін,
Ілінген ақ сауыты, берені ердің
Ірге түріп қараса керегеден
Кеңістігі көрінер кемелелдің.
Мен – керегемін, ақ үйдің іргесімін,
Шаңырақпен аталар бірге есімім.
4 бала: - Мен – Қазақстанмын!
Болашаққа сәлемін жолдантұғын,
Қырандай қос қанатын қомдайтұғын
Мен – Қазақстанмын!
Бабалар намысымын!
Байтақ елмін, игілік табысы мың!
Жүргізуші: - Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқының дәстүрі еңбек, тағам даярлау ерекшеліетерімен байланысты туып, ал ең бастысы – баспана яғни, киіз үй болып саналады. Сондықтан, қазақ халқы шаңырақты қасиетті деп санаған.

« Киіз үй» ойынын ойнау.
( екі топ балалар ортаға шығады, балалардың қолдарында түстері әр түрлі ленталар болады, музыка әуені естіледі, қолдарын көтеріп ленталардан «киіз үйдің шаңырағын» жасайды, сөздерін қайталайды).
Керегені жазайық,
Шаңырақты жазайық.
Уық болып иіліп,
Киіз үйдей болайық!
Жүргізуші: - Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптаың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі.
(залға тұлпар атты киінген бала кіреді).

Тұлпар: - Мен – тұлпармын, дүлдүлмін, пырақ атпын,
Жаяу жүріп, аттыны сынамақ кім?!
Арасына адалдық орнатамын,
Жұптасқан ел – жұрт пенен жұрағаттың
Қажып болып, ғайыптан жаратылған,
Аспанға алып ұшар қанатым бар.
Ал мүйізім – айбыны алашымның,
Даңқы биік, дауысы зор дара туған.
Жүргізуші: - Баяғы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Кәне, көрейік балалар, сендер аттың үстінде отыра аласыңдар ма, кім ең күшті және ержүрек батыр?!

«Бәйге» ойыны ойналады.
( балалар екі топқа бөлініп, жарыс басталады).

Тұлпар: - Елтаңбаның келесі белгісі, ол жарқыраған Жұлдыз. Қарсы алайық!
( әуен естіледі, залға Жұлдыз кіреді)
Жұлдыз: - Мен –жұлдызбын,
Ұдайы жарқырап жанып тұрамын.
Көк жүзінде адамзат баласына,
Үстемдік сыйлаймын.

«Кім көп жұлдыз жинайды» ойынын ойнау.
(залдың ішіне көп әртүрлі жұлдызшалар шашылады, балалар оларды жинайды, музыка әуені тоқталғасын, балалардың жұлдыздары саналады).

Тұлпар: - Жұлдыз, сен мерекеге келдің, ендеше армандарымыз бен тілектерімізді орындай аласың ғой! Нені сұрайық, балалар?! (ойланады). Әрқашанда достық пен татулық болсын! Дастарқанымыз мол болсын!
Жұлдыз: - Иә, орындаймын, әрине, ал сендер балалар, ауырмаңдар, денсаулықтарың зор болсын!
Жүргізуші: - Келесі рәміз туралы сөйлесейік!
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
«Көк аспан» биі орындалады.
( қыздар көк түсті матамен билейді).

Жұлдыз: - Туымыздың негізі бар, ал енді Күннің көзін қарсы алайық!
(ортаға Күннің көзі шығады, балалар шапалақтайды).

Күннің көзі: - Мен – Күннің көзімін,
Барлығына жылу беремін.
Сәулелерім сондай,
Бәріне жетеді.


Жүргізуші: - Күннің көзі біз сені көргенімізге өте қуаныштымыз! Әрқашанда күннің көзі жарқырап тұрғанда, әр жерде Бейбітшілік болады.
- Біз бір ойын білеміз, күннің көзінде көп сәулелер болса, ол одан әрі көп жылу береді, кәне ойнайық!
«Күн сәулелері» ойынын ойнау.
( балалар күннің көзіне сәулелерді жинайды).
Жұлдыз: - Рахмет, сізге Күннің көзі, сіз өзіңізбен сонша көп жылулық әкелдіңіз!
Жүргізуші: - Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай,билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қыран: - Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,
Қияға қанат қағып шалықтаған.
Құс ішінде қырағы болғандықтан,
Атандым қыран бүркіт жалықпаған.

Жүргізуші: - Қыран, сіз өте ақылды құссыз, ал өзіңізбен бірге бірдеңелер алып келіпсіз ғой?!
( қыран әдемі оюларды көрсетеді).
Қыран: - Бұлар, қазақ оюлары: қошқар мүйіз, иірім, шиыршық, үшкіл, түйе табан, қос ирек, жұлдыз гүл және тағы басқа оюлар бар.
- Осылардың бәрі Қазақстан елінің туында орналасқан.
Жүргізуші: - Баяғы заманнан бастап, әйел – ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі деп айтқан. Қазір көрейік, бұрында оюларды қалай жасаған.
« Ою-өрнек» биі орындалады.
(залдың ортасына рәміздеріміздің барлық белгі мен таңбалары «элементтері» шығады, олармен бірге Алтын Адам да шығады).
Жүргізуші: - Балалар, кәнекей тағы да қарап шығыңдар, Қазақстан Республикасының рәміздері қандай элементтерден тұрады?
- Бұлардың бәрі біздің мақтанышымыз, бұл біздің Тәуелсіздігіміз!
Отан деген – Атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел.
« Жасай бер, Қазақстан!» әні орындалады.(барлығы ортаға шығып билейді).
Категория: Дошколенок | Добавил: Gumi (2016-11-02) | Автор: Тулеутемирова Айнаш Анатольевна E
Просмотров: 919 | Комментарии: 2 | Теги: День Независимости Республики Казах, Айнаш, сценарий | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru