Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

" Ойындар - балалардың ынталандыру құралы"
ШҚО, Аягөз қаласы
Аягөз қалалық №5 бөбекжай балабақшасы
Тортенова Оралкен Оралтаевна

«ОЙЫНДАР - БАЛАЛАРДЫҢ ЫНТАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ»
Бүгінгі таңда қоғамымыздың балабақшадан бастап бүлдіршіндерді жан – жақты дамыту бағытында сауатты, саналы тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білімнің негізі балабақшадан басталғандықтан жас жеткіншектердің мектеп жасына дейін, мектепке дайын болып баруына сабақ барысынды ойналатын, дамытушы ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы бүлдіршіндердің ары қарай білуге деген талпыныстарын қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл - өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал балабақша тәрбиеленушілері ойын үстінде көрсетеді.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, қызығушылықтары артады.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері, ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әректтерінен туындайды. Ойынның басты шарты - жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар, баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілет бар екенін байқап көреді. Ал ақыл – ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде баалабақшаларда пайдаланатын ойын сабақ , ойын жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сезім ойындар, логикалық ойын , ұлттық ойындар, спорттық ойындар т.б. Бұндай ойындар бүлдіршінді жан – жақты дамытып, қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі.
Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім, білік дағдыны қалыптастыру.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап – баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б)білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге
қамтамасыз ету;
в) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік,
дағдыларымен сәйкес келетіндігі;
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде балалардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ертегілерді сомдау арқылы театрлық, ұйымдастырушылық т.б қасиеттері дамиды.
Балабақшадығы күн тәртібін бірыңғай әдістермен жүргізе беру бүлдіршіндерді жалықтырары сөзсіз. Егер күнделікті жоспарда ойын араласып келіп отырса, балалар өткелі отырған тақырып мазмұнына аса назар аударып тез қабылдап, ұғып алады.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Балабақша тәрбиеленушілерінің психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев.
Сонымен бірге балабақша тәрбиеленушілерінің назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып т.б көптеген қасиеттерін дамытады.
Балабақша тәрбиеленушілерінің негізгі әрекеті – ойнау, қарым – қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу – білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым – қатынас – бұл балалардың бірін – бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын – бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай – ақ тәрбиешілер ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, яғни күн тәртібінің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, балабақшаның оқу үрдісінде «Ойын» түрлерін пайдалану; біріншіден, тәрбиеленушілердің білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың жан жақты қызығушылығын, белсенділігін арттыру болып табылады.

Источник: http://ойын түрлері
Категория: Дошколенок | Добавил: zabira_1987 (2017-01-12) | Автор: Тортенова Оралкен Оралтаевна E W
Просмотров: 760 | Комментарии: 3 | Теги: ойын түрлері, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru