Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Наурыз мерекесіне арналған «Жыл басы –Наурыз» ертеңгілігінің сценарийі
Наурыз мерекесіне арналған «Жыл басы –Наурыз» ертеңгілігінің сценарийі
Мейрам өтетін жер мерекеге сай жабдықталған.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті балалар, қонақтар! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан Наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған Наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
(залға музыкамен әже мен көктем қыз кіреді)
Әже:Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жер- көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын кез.
Наурыз мейрамы құтты болсын балақайлар ұлыстың ұлы күні шаттық қуаныш әкелсін.
Көктем:Құтты болсын, Наурыз!
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсын бұл Наурыз! (залды айналады)
Қараңдаршы, балалар! Мен сендерге көктемнің шуақты күндерін сыйлаймын, жер бетін жасылға бояп, гүлдендіремін.
Әже:Балалар бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз? (наурыз)Наурызда далада қандай өзгерістер болады? (балалар: қар ериді, құстар ұшып келеді, ұя салады, күн жылынады)
Көктем: Бүгінгі мерекені менімен бірге тойлайсыңдарма? (ия)
жаңа жылымыз тек жақсылықта өтсін деген ниетпен, ақ батасын ала келген Қыдыр атаны ортаға шақырайық!
Балалар: Қыдыр ата! Қыдыр ата! Қыдыр ата!
Қыдырата: Амансыңдар ма келбетті ұлдарым, амансыңдар ма көрікті қыздарым! Ескі жыл есірке, жаңа жыл жаңырқа! Деген ниетпен батамды берейін, қолдарыңды жайып батамды қабыл алыңдар.(қолынжайып бата береді)
Үлкенің мен жасыңа
Береке қонсын басыңа!
“Наурызға” келген халайық.
Жамбылдың жеткін жасына.
Ырыс, дәулет мол болсын,
Жылда осындай той болсын.
Әумин!
Қыдыр ата: балалар сендер сияқты басқа да бүлдіршіндер мені мерекеге шақырды. Сендер мен қоштасатын да кез келді, Келесі жылға дейін көріскенше аман болайық, қош болыңдар!(ата залдан шығып кетеді)
Ертегі қойылымы:
Әже: шал-ау , қарашы, біздің қызымыз керемет жер бетін көкке бояп, құлпыртып жіберді.
Шал:Ия, кемпір дұрыс айтасың қызымыз ғажайып істер жасайды.
(Интерактивті тақтадан қойлар маңырап жүрген видео)
Шал:шек, шеку, ей кебенек!Мына қойлар мені әбден шаршатты. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой. УҺ, әбден шаршадым, бір демалып алайын.-деп жерге отыра кетеді.
( музыкамен мыстан кемпір жүгіріп кіреді)
Мыстан: Мына жерді кім құлпыртып жіберген, мен гүлденген жерлерді ұнатпаймын. Бұл көктемнің ісі ғой. Мен қазір бұл жерді тақыр жерге айналдырамын.
Көктем: Ия, мен жасадым, жер беті жайқалып, түрлі –түсті гүлдер өсіп, күннің көзі жарқырап тұр. Мыстан кемпір, мүмкін сіз Көктем мезгілінің кереметтерін білмегендіктен жақтырмай тұрған боларсыз. Біздің балалардың тақпақтарын тыңдап көріңіз.
Балалардың тақпақтары:
Мыстан: -Егер жер беті осы қалпында қалсын десең менің тілегімді орында мен өлең тыңдағанды ұнатамын.
Көктем: -Мен өлең айтқанды жақсы көремін.Мүмкін балаларда маған көмектесетін шығар. Өйткені менде көктемнің жаман қалыпқа түскенін қаламаймын.ал, балалар сендерше?
(балалардың жауабы)
Мыстан: Ал, мен отырып, жайғасып алайын, мені бір қуантып,көңілімді көтерсеңдер.
Өлең:
Мыстан:-Балалар өлеңді жақсы айтады екенсіңдер. Бірақ менде сендермен наурыз мерекесін тойлап, көңілімді көтергім келеді.
Көктем: Жақсы, біз сізді осы мерекеде қалдырамыз, балалар келісесіңдерме? (Ия)Ал, балалар айтыңдаршы, наурыз тойында қандай тағамдар пісіреді?
(балалар жауабы: бауырсақ, бесбармақ,наурыз көже)
Интерактивті тақтадан наурыз көжеге қажетті тағамдарды атап шығайық
Әже:-Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде алып тайқазанға пісірген. Наурыз көже дүйім жұртты аштықтан аман алып қалған. Наурыз көже 7 түрлі тағамдардан жасалды, әрі қасиетті тағамға жатады.
Көктем: Мыстан кемпір көрдіңіз ғой біздің балалар өте ақылды , бәрін біледі.
Мыстан: -Ия, көріп тұрмын, балалар білімді әрі өнерлі екен, бірақ көктемді өз қалпында қалдыру үшін,тағы менің тілегім бар, мен билегенді жақсы көремін. Сендер маған би көрсетсеңдер
Көктем: -Әрине біздің қыздар сізге би билеп береді
Би: «Қарлығаш»
Мыстан: Балалар, маған өте қатты ұнады.Менің кеткім келмей отыр. Сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр
Көктем: Жақсы онда бізбен бірге ойын ойнаңыз
Ойын:
Көктем: Бізбен ойын ойнаған ұнады ма?
Мыстан:Бүгінгі мейрам қатты ұнады.Мен сендерге риза болдым, бұл көктем мезгілі тамаша екен, сендерге осы қалпында қалдырамын. Ал, менің кететін уақытым болды.Қош болыңдар, балалар!
Әже: Міне, бүгін біздің қызымыз Көктемді аман есен алып қалуға көмектестіңдер, сендерге көп-көп рахмет.
Көктем:Менің сендерге алғысым шексіз, енді мен ағаштарды бүр жарғыздырып, жер бетін одан әрі жайқалтамын.
Әже:Наурыз мерекесі құт әкелсін.
Дендеріміз сау, мықты болсын (Әже шашу шашады)
Көктем:Балалар, сендерді топқа мерекелік дастарханға шақырамыз
Әже:Көріскенше күн жақсы болсын.
Категория: Дошколенок | Добавил: kbalesova (2017-04-10) | Автор: Балесова Куляйша Амангельдиновна E
Просмотров: 512 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 6:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru