Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

тәрбие - тал бесіктен
Тәрбие – тал бесіктен
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жас ұрпақ – болашақ, ел ертеңі. Тәуелсіз елімізде жас ұрпақтың сапалы білім алуына, толыққанды тіршілік етуіне, бақытты балалық дәуренге барлық жағдайлар жасалған. Еліміз 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Елімізде балалардың сапалы өмір сүруіне ерекше назар аударылуда. Қазақ халқы ықылым заманнан бері ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Балаларын атақты, мәртебелі адамдарға атқосшылыққа берген. Ата-ана жақсы тәрбиенің, жақсы адамдардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнын терең түсінген. Қазіргі жаһандану дәуірінде бала тәрбиесінде әркімнің өз көзқарасы, бағыты, қағидасы бар. Өкінішке орай атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз ұмыт бола бастады, қазіргі қазақ отбасыларында ұрпақ тәрбиесі әлсірей бастады. Ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйек деген болмайды. Ата-аналар көптеген жағдайларға көз жұмып қарайды. Бала кітапты жыртса жаңасын сатып әпереді, партаны сызса өздері бояй салады, тіпті баласы үшін кешірім сұрайтындарын қайтерсің? Бұның арты жауапсыздыққа, мақсатсыздыққа, бойкүйездікке апарып соғарын ойламайды.
«Баламның тағдыры мені алаңдатады. Баламның ғана емес, барлық қазақ ұрпағының тағдырына алаңдаймын. Білімді болса екен, ешкімнен кем болмаса екен деп тілеймін. Қонаққа барсаң, еврейлердің балалары шахмат ойнап отырады, ал біздің балалар қабырғаны сызып, ыдыс-аяқты сындырып, бір нәрсені бұзып жүруге құмар. Еврейлер баланы құрсақтан бастап тәрбиелейді. Кішкентайынан түрлі үйірмелерге апарып, бір нәрсеге жегіп қояды. Сол бала үлкен адам болып шығады. Міне, бізге осындай тәрбие жетіспейді. Қарап отырсаңыз, әлемдік ойшылдардан Ньютон, Коперник... бәрі еврейлер. Шахматтан аты шыққан гроссмейстерлер де – солар. Біз баланы көп еркелетеміз. Содан шолжаңбайлар пайда болады. Біздің ұлы адамдардың талайының балаларын еркелетіп, кейін соның қорлығын көргеніне талай куә болғанмын. Бәріміз ақыл айтуға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Сөзге келгенде бәріміз шешенбіз, ал орындауға келгенде мешеуміз», қазақ өнерінің жұлдызы Асанәлі Әшімовтың осы бір сөздері қазақ отбасындағы тәрбиені айқын көрсетіп отыр. Ащы да болса шындық. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасының рухани деңгейі ұрпақ тәрбиесіне ерекше әсер етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол да солай тәрбиеленеді» депті. Ендеше бала өмірге тәрбиесіз болып келмейді, оны солай ететін тәрбие. Ал, бірінші тәрбие беруші – ата-ана, екіншісі – мектеп, ұстаз. Ал балабақша қоғамдық тәрбиенің алғашқы сатысы, отбасы тәрбиесінен кейінгі баланың алғаш рет бетпе-бет келетін ортасы. Сәби бойында тәрбиенің негіздерін қалыптастыратын балабақша – мектептің іргетасы дер едім. Ендеше, балабақша оқытушыларына қойылатын талаптар да ерекше. Бала жүрегіне жол таба білетін, білімді де білікті мұғалімдер мен тәрбиешілерден тәрбие алған бүлдіршіндер мектеп табалдырығын зор ынтамен, асқан қызығушылықпен аттайды. Ата-ана мен балабақша тығыз байланыста, ынтымақта болса ғана тәрбие нәтижелі болмақ. Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан, - деген ұлы Абайдың сөздерін қазақ отбасы тәрбиенің алтын діңгегі етсе керемет болар еді. Қазіргі дәуірде халқымыздың европалықтардың көптеген өркениетін талғаусыз қабылдауы да қазақы тәрбиеге әсерін тигізуде. Мұсылман ата-ананың басты міндеті баланың тілі шыққанда «Лә, илләхә илаллаһ, Мухаммадур Расулаллаһ» яғни, «Алладан басқа Тәңір жоқ. Мұхаммед оның елшісі», «Әлһамдулиллаһ, мен мұсылманмын» деп үнемі айтқызу керек. Осыған әдеттенген ұрпақ өз жаратушысын, өз дінін ешқашан ұмытпайды, басқа діннің жетегінде кетіп адаспайды. Діни тәрбиені орынды пайдалана отырып ұрпақ тәрбиесінде үлкен жетістікке жетеміз. Пайғамбарымыз «Жеті жасқа дейін баламен ойнап күл. Сосын тағы жеті жыл баланы тәрбиеле. Сосын тағы жеті жыл онымен сырлас бол» деп өсиет айтқан. Керемет сөздер емес пе! Теңіздей терең, мөлдір судай таза дінімізді бойына сіңіріп өскен ұрпақ өмірдің қиындықтарына төзе білетін темірдей шыдамды азамат болып шығады.
Астана қаласы
Бейнелеу өнері мұғалімі
Доспанова Гаухар Советовна
Категория: Дошколенок | Добавил: dospanova84 (2017-06-11) | Автор: Тәрбие - тал бесіктен E
Просмотров: 429 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 6:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru