Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ертегіде қонақта
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ертегіде қонақта
Мақсаты : Балаларды сурет бойынша өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.
Керекті құралдар: ойыншықтар (поезд, ұшақ, машина, кеме, қуыршақ, доп, үлкен-кіші текше, ) , үйшік, Маша мен аю, күн, бұлт, жасыл алаңқай, құлпынай, жаңғақ, екі кәрзеңке, кастрюл, ожау, көкөністер (қырыққабат, сәбіз, қызылша, картоп, пияз), жемістер (алма, алмұрт, банан). Аңдардың суреті бар текше.

Ұйымдастыру бөлімі
Жылулық шеңберін ұйымдастыру.
- Балалар бүгінгі күніміз жақсы әрі сәтті өту үшін бір - бірімізге жылы тілектер айтумен бастайық.

Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші балаша
Сәлем, сәлем нұрлы күн
Сәлем саған жер Ана
Сәлеметсіздер ме достарым,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

- Жарайсыңдар балалар!
Әңгімелесу.
«Балалар, міне, бүгін біз «Ертегіде қонақта» тақырыбында оқу қызметімізді бастаймыз. Және ертегі әлеміне қонаққа барамыз. Қане, есімізге түсірейікші, қандай ертегілермен таныстық?
Балалар, қараңдаршы, мынау қай ертегі кейіпкерлері? Бауырсақ ертегісі.
Бауырсақты кім пісірді? Әже. Бауырсақты терезенің алдына суытып қойғанда, ол терезеден секіріп, қақпадан секіріп домалап орманға қашып кетеді.
-Бауырсақ қалай домалайды?
-Ол қандай? Домалақ
-Бауырсақ орманда нені кездестіреді? Қоянды

-Қоянға өлең айтып, одан қашып кетеді, енді нені кездестіреді? Қасқырды
-Қасқырға өлең айтып, одан да қашып домалап кетеді. Енді нені кездестіреді? Аюды
-Балалар, бауырсақ аюданда қорықпай оған өлең айтып, одан да қашып кетеді, сөйтіп домалап келе жатырғанда алдынан не шығады? Түлкі шығады.
Ал балалар, түлкіден бауырсақ қаша алады ма? Жоқ. Түлкі: менің құлағым естімейді,менің тұмсығыма келіп айтшы өлеңді деп алдап, бауырсақты жеп қояды.
Бұл ертегі сендерге ұнай ма, балалар?
-Тағы қандай ертегі білеміз?
-Ал мынау қандай ертегі балалар? «Шалқан» ертегісі.
Бірінші шалқан өте кішкентай болды. Қане бәріміз көрсетейік. Содан кейін ол өсіп, үлкен болды.
-Қане суретке қарайықшы, Атасы тартады, жұла алмайды, әжесін көмекке шақырады. Әже, атадан, ата шалқаннан тартады, жұла алмайды. Әже көмекке немересін шақырады. Немересі әжеден, әже атадан, ата шалқаннан тартады, жұла алмайды. Немересі күшікті шақырады. Күшік немересінен, немересі әжесінен, әже атадан, ата шалқаннан тартып жұла алмайды. Күшік көмекке мысықты шақырады. Мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжеден, әже атадан, ата шалқаннан тартып жұла алмайды. Мысық көмекке тышқанды шақырады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжеден, әже атадан, ата шалқанды былай тартып, былай тартып жұлып алады.
-Бұл ертегі сендерге ұнай ма? Иа

Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам сияқты түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық, зұлымдықты жеңеді. Қайырымды, шыдамды, еңбекқор адамдар әрқашан сый алады.» Солай ма, балалар.
- Балалар, сендер ертегі әлеміне қонаққа барғыларың келе ме?
Олай, болса, ертегіге қонаққа немен барсақ екен?
- Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Балалар қандай көлік түрлерін білеміз? әуеде, суда, жерде жүретін?(үстел үстінде: жеңіл көлік, кеме, ұшақ, поезд)
Балалар жауап береді. Көліктердің қимылын, дауысын салады.
Поезд- бірінің артынан бірі жүріп чух-чух-чух
Кеме- суда қалай жүзеді?
Жеңіл көлік- бип-бип-бип
Ұшақ- қолдарын екі жаққа созып жүреді. У-у-у
Балалар оқу қызметіне қызығушылықпен қатысады.

- Жарайсыңдар, олай болса барлығымыз ұшақпен ұшамыз.
Балалар, қане ұшамыз.
Балалар екі жаққа қолдарын созғаннан кейін үнтаспадан ұшақ дауысы шығады.
Ал балалар,міне біз келдік, енді қонамыз. (Алдымызда ерекше қорапша жатыр екен.) Балалар қараңдаршы, бұл не қорапша екен?
Тәрбиеші қорапшаны алып қарайды. Қорапша бұрышында хат жасырылған екен, сол хатты тәрбиеші алып оқиды. Хатта: « текшені айналдырып тастаған кезде, қай аңның бейнесі шықса сол аңның жүрісін салып жүреміз» деп жазылыпты.
Тәрбиеші балаларға тапсырманы орындатады.
(текшеде түлкі, аю,қоян,қасқыр, мысық, тиін суреттері)
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қараңдаршы мына жерде бір әдемі үй тұр ғой. Бұл үйде кім тұрады екен? Есік қағып көрейік. Тук-тук-тук.(Есік қағамыз)
Музыка әуенімен Маша мен аю шығады. Сәлеметсіздер ме! Балалар бұлар кімдер танисыңдар ма?
-Дұрыс бұл Маша мен аю.
-Балалар біз Маша мен аю ертегісіне қонаққа келдік, қане амандасайық.
(Маша мен аю амандасады)
Балалар, қараңдаршы бұл алаң қандай әдемі.
-Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі
-Күн қандай болады? Күн жылынады.
Жерге шөп шыға бастайды, ағаштар бүршік атады.
-Жарайсыңдар балалар!
Маша: Балалар маған құлпынай мен жаңғақ теруге көмектесесіңдер ме?
(Балалар екі себетке құлпынай мен жаңғақты тереді)
Рахмет балалар, мен құлпынайдан тосап қайнатып, сендерді шай ішуге шақырамын.

Сергіту сәті.
(музыка әуенімен )
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай былай ойнат!
Бір қадам алға басамыз
Алақанды соқ соқ соқ
Бір қадам артқа басамыз
Аяқпенен топ топ топ.
(Машамен аюмен бірге жасайды)
Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші:Маша сенде қандай ойыншықтар бар? Балалар көргісі келеді.
Үстел үстінде Машаның ойыншықтары: қуыршақ, доп, текшелер тұрады.
Балалар қуыршақ қандай? Үлкен, әдемі, көйлегі бар, түсі қызыл.
Доп қандай? Жасыл доп, домалақ, жеңіл.
Текшелер қандай? Жасыл текше үлкен, қызыл текше кішкентай.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар Машаның ойыншықтары әдемі екен.
Аю: Балалар Маша ойыншықпен ойнағанды ұнатады. Ал мен тамақ пісіргенді ұнатамын. Маған көкөністерден сорпа пісіруге көмектесесіңдер ме? Қараңдаршы, міне менде екі ыдыста жемістер мен көкөністер бар.
Мына ыдыста не бар екен?
Мынау не? Алма. Түсі қандай? Қызыл., красный, red. Пішіні қандай? домалақ .
Мынау не? Алмұрт. Түсі қандай? Жасыл, зеленый, green. Пішіні қандай? Сопақшалау.
Ал мынау ше? Банан. Түсі қандай? Сары, желтый, yellow. Пішіні қандай? Сопақша. Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар жемістерден сорпа пісіруге болмайды, олардан тек, шырын, компот, тосап жасауға болады. (банкілердегін көрсетеді)
Ал енді мына ыдыста не бар екен?
(Балалардан жекелеп сұрайды)
Мынау не? Пияз. Түсі қандай? Сары. Пішіні қандай? Домалақ.
Мынау не? Қырыққабат, түсі қандай? Жасыл. Пішіні қандай? Домалақ. (аю кастрюлге салады).
Мынау не? Сәбіз. Түсі қандай? Қызғылт сары. Пішіні қандай? Сопақша.
Мынау не? қызылша. Түсі қандай? күрең қызыл. Пішіні қандай? Домалақ.
Мынау не? картоп. Түсі қандай? қоңыр. Пішіні қандай? Домалақ.
Бұлар көкөністер. Енді бәрін былай ожаумен араластырамыз- деп қақпағын жабады. Өте дәмді көкөніс сорпасы дайын болды. Оны сендер түскі аста ішесіздер.
Жарайсыңдар, балалар. Енді біз Маша мен аюға сыйлық жасайық. Қане олар не жақсы көреді? Оларға таяқшадағы тәтті кәмпит жасайық.

Ендеше, балалар бәріміз үстелге жайғасып, орындыққа отырайық. Ермексаздан таяқшадағы тәтті кәмпитті жасайық. Тәрбиеші мальбертте көрсетеді, балалар мұқият қарап, тыңдайды.
Балалар жеке өздері жасайды, тәрбиеші көмектеседі. Жасап болған соң жинап Маша мен аюға сыйлайды.
Балалар Маша мен аюмен қоштасатын кез келді. Рахмет Маша, аю сендерге, бізге сіздерде қатты ұнады. Сау болыңыздар!
Ал енді балалар ұшаққа отырайық, балабақшамызға қайтайық. Музыка әуенімен қолдарын екі жаққа созып ұшып балабақшаға келеді.

Қортындылау:
- Балалар сонымен біз қандай ертегілерді білеміз? (Бауырсақ, Шалқан ертегілері.)
-Бауырсақ ертегісінде қандай кейіпкерлерді білеміз?
-Шалқан ертегісінде ше?
Біз қайда қонаққа бардық? Немен бардық?
-Маша қандай ойыншықтармен ойнайды екен?
-Біз оларға не сыйладық?
-
Мадақтау. Бағалау.
Категория: Дошколенок | Добавил: altynajihsanova (2019-05-06) | Автор: Ихсанова Алтынай Амангелдиевна E
Просмотров: 634 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 7:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru