Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Су тіршілік негізі
Тәрбиеші:Қожанова Г.Т
Семей қаласы
№14 мектеп-бақша
Сабақтың тақырыбы: Су - тіршілік негізі.
Сабақтың мақсаты: Балаларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы айтып, көрсетіп, түсіндіру.Балаларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.Суды үнемдеп пайдалануға және қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғауға үйрету.Ойын түрлері арқылы табиғатты қорғай білуге үйрете отырып, сөздік қорын дамыту.Экологиялық тәрбие беру.
Қажетті құралдар: Ертегі желісінің суреттері,атрибуттар, әр түрлі әуендер,
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
-Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
-Бүгін аптаның үшінші күні сәрсенбі.
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыстың қай айы?
-Ақпан айы.
Сауысқан: балалар, балалар хат келді, хат келді.
Тәрбиеші: Неге асығып келесің?
Сауысқан: (ентігіп) Сендерге хат,әкелдім.Хат.
Тәрбиеші: Қош келдің! Біздің балалардың құрметті қонағы болыңыз.
Сауысқан: Рахмет! Тағыда баратын жерім бар.Сау болыңдар !
Тәрбиеші: кімнен келді екен? (ашып оқиды)
Амансыңдарма менің қымбатты балаларым?!
Мен сендерді сағынып жүрмін.Өздеріңнің өлең жырларыңды тыңдап, таза ауада сендермен бірге демалсам деп ойлап жүрмін. Көп кешікпей өзімде барып қалармын.
Сәлеммен: Жұмбақбай аталарың.
-Балалар бізге Жұмбақбай атайдың өзіде келіп қалды. (Атай келгенде балалар амандасады.)
-Саламатсыз ба?
Тәрбиеші: Хош келдіңіз біздің қадірлі қонағымыз болыңыз. Сіздің хатыңызды алып, бізде қуанып сізді асыға күтіп жүр едік.
Байтен: Атай төрлетіңіз, жоғары шығыңыз. (орындық ұсынады)
Жұмбақбай атай: Ендеше менің балаларыма әкелген сыйлығым бар еді.Соны балаларыма берейінші.(балалар қоржыннан әр түрлі ойыншық алады, оның сыртында жұмбақтар жазылған егер сол жұмбақты шешсе сол ойыншықты сыйға береді)
Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен. (Бұлақ суы)

Белең-белең белең ат
Белі қайқы күрең ат. (құмырысқа)

Тақиям толы сөк
Ерте тұрсам жоқ. (жұлдыз)

Жұмбақбай атай: Тағы қандай өнерлерің бар? (тиым сөз,тақпақ)
1.Су ішкен құдыққа түкірме.
2.Түнде суға барма.
3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.
4.Өзен, көлдерді ластама.
Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта»
Су бар жерде... ырыс бар.
Сулы жер... нулы жер.
Су тіршілік... негізі.
Тәрбиеші: Сізге арнап дайындаған «Бір жұтым су» ертегісін драмалайды.
Күн жарқырап шығып, жер бетін қыздырып тұр. Жер бетін құрғай бастайды. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жан-жануарлар мен құстар да күннің ыстығынан шөлдеп бір- бірімен ақылдаса бастайды.
Құстар: Біз күнгі барып, су сұрайық .
Құстар:Күн,күн бізге су берші.
Күн:Сендер бұлтқа барыңдар.
Құстар: Бұлт-бұлт біз әбден шөлдедік қой, бізге су берші.
Бұлт: Менің сендерге су беру бір өзімнің қолымнан келмейді.Сендер желге барыңдар.
Құстар: Жел,жел біздің бір өтінішіміз бар. Соны орындашы.
Жел: Ол қандай өтіні?
Құстар: Біз шөлдеп келеміз. Су берші.
Жел: Жарайды. Тілектеріңді орындайын.
Сергіту сәті
( Бір саусақпен тамшылап жауған жаңбырдың, екі саусақпен сіркіреген жаңбырдың үш-төрт саусақпен және шапалақтау арқылы төгіп жауған жаңбырдың дыбысын салғызу,әр түрлі дыбыс ойнап тұр)
Ән. «Жаңбыр»
Ойын «Күн мен жаңбыр»
Ойынның шарты: «Күн» дегенде құрсаудың сыртында айналып бйлеп жүреді. «жаңбыр» дегенде тез құрсаудың ішіне жиналу керек. Кіре алмаған бала жаурап қалады.(3-4 рет қайталап ойнатуға болады.)
Демалу жаттығулары.
Үлкен шеңбер болып тұрып,қолшатырға тігілген көбелектерді үрлеп ұшыру.(2-3рет жасатуға болады)
Жұмбақбай атай: Балалар мен сендерге дән ризамын.Өнерлерің үстем болсын! Ән жырларыңды тыңдап, мәз болдым. Менің тағыда баратын жерім бар еді.Мен сонда барайын. Сендер апайларыңмен серуендеріңді жалғастырыңдар.
Балалар: Атай, сау болыңыз.! (атайды шығарып салады)
Тәрбиеші: Балалар біз енде таза ауамен табиғат аясына серуенге барып келейік.
Серуенге бару: (Тоғай ішімен әр түрлі дыбыстарды есту арқылы әңгіме айту, «Елек» өзеніне бару үшін көпірден өту, судағы тіршілік ететін балық , бақа т/б бақылау)
Өзен жағасындағы әңгіме: (сұрақ –жауап)
1.Суды не үшін пайдаланамыз?
2.Судың түсі қандай?
3.Суға байланысты қандай тақпақтар білеміз?
4. Серуен кезінде өзеннен нелер көрдік?
5.Қандай құстардың дыбысын естідік?
Тәрбиеші: Міне балалар, сендермен бірге біз бүгін серуеннен оралдық. Сендерге серуен ұнадыма?
Ендеше, қалған әңгімені топта жалғастырамыз. (Саппен топқа бару)
Қортынды:
Білсін мұны балалар,
Сусыз құрғақ далалар.
Сусыз қараң қалалар,
Ескертеміз бар ұлға,
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Осымен «Балдырған» естиярлар тобының ашық сабағы аяқталды.Сау болыңыздыр.
Категория: Дошколенок | Добавил: Гука (2011-11-17) | Автор: Гульмира
Просмотров: 3697 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 5:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru