Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Әдістемелік семинар. Тақырыбы: Тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау
Семей қаласы
Кошанова А. Д.
« №7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК әдіскері

Әдістемелік семинар.
Тақырыбы: Тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау және оларды ойындарда, сөздік шығармашылықта және іс- әрекеттің басқа түрлерінде пайдалану

Мақсаты: балабақшада қолданатын тіл дамытудан әдіс-тәсілдер туралы түсініктерін кеңейту.

Жоспары:
1. Қуаныш шеңбері.
2. «Сұрақ- жауап» ойыны.
3. Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы.
4. Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі және оны жүзеге асыру жолдару.
• «Рифмасын тап» ойыны.
• «Қарама- қарсы сөздер» ойын терапиясы.
• «Клякса» бейнелеу терапиясы.
• «Ұлттық киімдер» дидактикалық ойын (компьютерде)
5. Сергіту сәті «Сатып аламын, сатамын, сыйға тартам»
6. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі.
• «Жақсы- жаман» ойыны.
• «Зерттеу» әдістемесі.
7. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету.
• «Жаңадан ертегі құрастыру» («Үш аю», «Бауырсақ», «Шалқан»)
• Халық ауыз әдебиеті.
8. Қорытынды. Рефлексия.

1. Қуаныш шеңбері.
2. «Сұрақ- жауап» ойыны. Әдіскер Кошанова А.Д.
Тіл- қарым-қатынас құралы.
Тіл дамыту- балалардың сөздік қорын байланыстыра білуге, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білу үйрету.
Тіл ширату- балалардың пассив сөздерін активтендіру
Тіл жетілдіру - балалардың тілін түзету
Әдіс- білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекеттерін
Тәсіл- негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуі
Грамматикалық мағыналар- бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары.
Диалог–екі не одан да көп адамның әңгімесі.
Монолог–бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.

3. Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы.
Мақсаты: Тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы туралы түсінік беру.
Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ. Бұл мәселелерге байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің еңбектерін арнаған. Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:
-Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті – Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғалым – Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып, білім алу үшін, “Жарғақ құлағы жастыққа тимей” еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.
Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады.
Ахмет Байтұрсынов өзінің «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?» атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген “Оқу құралы” әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылуда.
Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К.Б.Баркин, Н.М. Соколов, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.
Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар орыс ғалымдары: П.П.Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И. Жинкин; қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж. Аймауытов,М. Жұмабаев.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М.Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б.Баймұратова, Р.Әміров, Т.Әбдікәрімованың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ.Жұбанов, Г.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу обьектілері ретінде таңдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.
Тіл дамыту – сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған әдістемелік еңбектерден бастап ене бастаған. Ертеректе шыққан оқулықтар мен әдістемелік құралдарда «тіл ширату..», «сөз байлығын арттыру» деп әркім өзінше пайдаланып жүрген.
1930 жылы Мұхтар Әуезов жасаған қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасында:
- “Оқуға жаттығу”
- “Жазу тілінде жаттығу”
- “Сөйлеу тілінде жаттығу”
деген арнайы түсініктер бере келе, тіл дамыту жұмысының жүйелілігі мен сабақтастығына баса назар аударылды.

4. Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі және оны жүзеге асыру жолдару.
1. Лексика тіл құрылымының компонеттері ретінде.
2. Еркін сөйлеу қатысында балардың сөздік қорын байыту әдіс-тәсілдері.
3. Арнаулы ҰОІӘ балардың сөздік қорын байыту әдіс- тәсілдері.
Сөз- тілдің негізгі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық компоненттерінің - фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан), лексиканың (болмыстың белгілі бір құбылыстарын білдіріп, сөздің қандай мағыналық роль атқаратындықтан), грамматикалық (бұл жағдайда белгілі бір грамматикалық формада қолданыларлықтан), «өкілі » болып тбылады. Тілде сөз белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады, сөздерді «жай», фонетикалық құрылыссыз және грамматикалық формасыз, үйрену мүмкін емес. Сөздердің тілден тысқары шындығы: заттар мен құбылыстарды ( үй, күн, адам, күннің батуы), дерексіз ұғымдарды ( ой, шындық), іс-әрекеттерді ( құрылыс салу, жарық жағу, сүю, ойлау), заттардың сынын (ақ, мәңгі, жылы шырайлы, әділ), іс-әрекеттің белгілерін ( жоғары қарай, ашық, шың, адал), санды ( бір, он екі жүз ), заттарды сынды, санды көрсетуін ( кім, мен, қандай, қанша) білдіру қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп те атайды.
Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәрежесі ажыратылады.
Жалпылаудың нольдік дәрежесі – жалқы есім, жеке заттың аты (Әсел, Марат, әже, табақ, стол).
Жаңадан сөйлей бастаған балалар ( бір жастың соңы –екі жастың басына қарай) сөздерді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып (қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама, орындық, доп, ваза сөздері Әсел, Марат секілді жалқы есімдер
М.М.Кольцова 1 жастан 1 жас 3 айға дейінгі балалрдың екі тобының сөздің жалпылауышы мағынасын түсінуі қалай өтетіндігін былайша сипаттайды: «Бір топта кітап» сөзіне 20 шартты қозғалыс рефлекстері (кітапты ал, кітапты қой және т.б), ал екінші топта 20 көру шартты рефлекстері қалыптастырылады; «Міне, кітап» сөйлемін қайталай отырып, балаға кезекпе – кезек форматы мен түсі әр түрлі 20 кітапты көрсетеді. Сөйтіп, бірінші топта көру тітіркенулері бекіледі, екінші топта, керісінше көру әсерлері әркелкі, ал істеген іс-әрекеттері бірыңғай болады.
Бақылау мақсатында сынау жүргізгенде «кітап» сөзі бірінші топтың балалары үшін жалпылауыш сигналы болса, екінші топтың балалары үшін олай болмай шықты.
Мектеп жасына дейінгі барлық топ балалары тәрбиешілерінің қамқорлығы әр баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес , сондай-ақ әр баланың қабылдаған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренуіне бағытталуы тиіс. Өйтпейінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағынасын толық түсінуді талап ететін ана тілін үйрету заңдылығы бұзылады.
Біздің айтып өткеніміздей, әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру (сөздік қорын байыту) баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады: сөз баланың сол сөздің өзі білдіретін зат немесе іс-әрекет жөніндегі түсінікпен бірге өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі түсінікпен бірге енеді.
Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жүреді: бала затты қарап, қандай дыбыс шығаратынын тыңдап, ұстап, сипап, дәмі мен иісін байқайды. Баланың назары ауған зат, оның зат санасына барлық бес сезім органдары – көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу органдары – арқылы енеді. Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоционалдық сезімдерін дамытады: ол «тамаша» - «жексұрын» сияқты тіптен қарама-қарсы сезімдерді ғана емес, сондай –ақ бүкіл сезімдерінің гаммасын сезінуге қабілетті. Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орналасқан соң, оны айтатын сөз баланың жадында ең алдымен, ол затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдерінің бірін қоздырады.
Фонетикалық жаттығулар сияқты лексикалық жаттығулар да тұтасымен осы тақырыпқа арналған арнаулы сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттығулар байланыстыра сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі.
Мысалы, байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір ҰОІӘ 20 минутқа есептелген болса, оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін арнайы лексикалық жаттығуларға пайдалануға болады; жазушының лексикасын түсіндіру керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру кезінде енгізіледі.
Лексика бойынша арнайы жаттығулардың нақты лингивистикалық міндеттері болады: 1) сөздің жалпылау мағынасын түсінуді дамыту; 2) «тұтас және оның бөліктері» қатынасын түсіндіруді дамыту; 3) сөздің дерексіз мағынасын түсінуді дамыту; 4) морфология саласынан (морфемалардың абстрактілық мағынасын меңгеруде) тіл құбылыстарын айыра білу қабілетін дамыту; 5)антонимдерді сөздердің мағынасын ұғыну құралы ретінде түсіне білу; 6) стилистикалық сезім қабілетін дамыту; 7) сөздердің тасымал мағынасы мен этикалық, ұғымдарды түсіне білу.
Лексикалық жаттығуларды жүргізуде дидактикалық ойын тәсілі, атап айтқанда, «дидактикалық» (яғни арнайы жабдықталған) қуыршақтармен ойын жиі пайдаланылады. Сондай-ақ «Ғажайып дорба» деген атпен белгілі дидактикалық ойын (балалар ішіне ұсақ заттар толтырылған дорбаға қолдарын салады да, оларды сипап біледі және атын атайды) да пайдаланылады. Бірақ, әрине, қуыршақтар мен басқа да ойыншықтардың ғана жәрдемімен балалар ана тілінің поэтикалық мағынасын бойына сіңіре алмайды. Балаларды қоршаған орта заттарымен таныстыру керек және нақты затты, іс-әрекет пен белгіні көрсету арқылы сөздің лексикалық мағнасын түсіндірген жөн.
Төменде түрлі жастағы балалардың тілін байытуға жәрдемдесетін жаттығулардың кейбір түрлеріне сипаттама берілген. Мұнда балалардың осы жұмыс тәсіліне шамасы келетін жасы көрсетілген; ал егер қажет болса, бұл жұмыс келесі жаста да (мысалы, баланың сөйлеу қабілеті тежелген жағдайда) міндетті түрде жалғастырылуы тиіс (енді жаттығуды баланың жеке өзі атқаруы тиіс).

• «Рифмасын тап» ойыны.
• «Қарама- қарсы сөздер» ойын терапиясы.
• «Клякса» бейнелеу терапиясы
• «Ұлттық киімдер» дидактикалық ойын (слайд көрсету)

5. Сергіту сәті «Сатып аламын, сатамын, сыйға тартам»

6. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі
Мақсаты: балабақшада балаға сөздің грамматикалық құрылысын қалыптасыру әдістемесін түсіндіру.
1. Тілдегі грамматикалық мағыналар.
2. Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Грамматикалық мағыналар – бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфем саларға және синтаксиске грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни алма ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда «Алма ағашы отырғызылды» немесе «Алма ағашын отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістің немесе толықтауыштық, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының келер шақ формаларының мағынасы түсінбейді). Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.
Ана тілінің грамматикалық мағыналарынан үйретудің қиындығы мынада: бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.
Мұнда оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады. Ана тілдің грамматикалық мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру және оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда, егер бұл процесс нашар оқытылу бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді.
Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар қалыптасады.

• «Жақсы- жаман» ойыны.
• «Зерттеу» әдістемесі.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарымен таныстыру.
1 Балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету қиындықтары.
2 Байланыстыра сөйлеудің түрлері.
3 Балалардың оларды үйренудегі ерекшеліктері.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, морфемаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан сөз ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру–оның компоненттерін–сөйлемдерді, сөздерді және т.б. мүшелерін – даралап айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Баланың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуі жеңілдету үшін дидактикалық тілдік материалдарды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет:
1. Тілдік белгілердің байланысуы осы тіркесте қолданылған тілдік белгілердің әрқайсысының мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға ие болады. Морфемалардан сөздер, сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем жасау кезінде жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға ұшырайды (тұтас бір бүтінге сіңіседі).
Мысалы, баға деген түбір морфемаға сөз тудырушы –лы, -ла қосымшалары қосылса, жаңа сөздер (бағалы, бағала) пайда болады. Көрсетілген морфеманың тіркестері лексикалық мағынасы жағынан бір-бірінен өзгеше үш түрлі белгі жасайды: жалпылауыш сөз (баға) сапа (бағалы), әрекет (бағала).
Бұл сөздердің әрқайсысы (баға, бағалы, бағала) көп мағыналы, олар өздері қатысқан сөз тіркесі мағынасының бір ғана бөлігін құрайды. Сонымен, баға сөзі сөз тіркестерінде мынандай мағыналарды білдіруі мүмкін: 1) баға – товардың сапасына қойылатын өлшем, 2) баға – білім сапасына берілетін өлшем, 3) баға – істелген еңбектің сапасына берілетін өлшем және т.б.
Байланыстыра сөйлеудің екі типі бар: диалогтық (немесе диалог) және монологтық (монолог).
Диалог–екі не одан да көп адамның әңгімесі. Әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог–бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты – белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Л.В. Щерба ауызекі «өзара қатынасқа түскен екі индивидтің бір-біріне жасаған реакциясынан, белгілі бір ситуациямен немесе сөйлеушінің айтуымен анықталған әдеттегі ішкі себептерден пайда болған реакциядан тұрады. Диалог – бұл шын мәнінде жауап беру тізбегі», - деп жазды.
Монолог, әдетте, кітап (жазу) стилінің тілі.
«...Әдеби тілдің негізінде, - деп жалғастырады Л.В. Щерба, - монолог, әңгіме, диалогқа қарама-қарсы болып келетін ауызекі сөйлеу тілі жатады. Монолог – бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе. Монологтың барлығы да көркем шығарманың нышаны...».
Диалогқа қатысушының әрбір жекелеген репликасында аяқталған ой жоқ, тек олардың бәрі «диалогтық бірлікте» деп ұғынылады.

• «Жаңадан ертегі құрастыру» («Үш аю», «Бауырсақ», «Шалқан»)
• Халық ауыз әдебиеті.

8. Қорытынды. Рефлексия.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota (2012-02-23) | Автор: КГКП Ясли-сад №7 Ак бота E
Просмотров: 10491 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 2:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru