Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Ұлттық аспаптар"
№ 6 ересектер топ үшін
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Интегралдық сабақ :Қазақ тілі+ ән күй+хореография
Тақырыбы: Ұлттық аспаптар
Мақсаты: Балалардың ұлттық аспаптар туралы білімдерін толықтыру, қызығушылықтарын арттыру, сөз қорын байыту
а) балаларға ұлттық ән-күй аспаптары, олардың маңызы туралы мағлұмат беру.
ә) ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.
б) достыққа, өнерге, тапқырлыққа, батылдыққа баулу.
Көрнекілік: Аспаптардың суреттері, домбыра, қобыз, сақпан, тоқылдақ, асатаяқ.
Сөздік жұмыс: Ұлттық аспаптардың атаулары: домбыра, қобыз, т.б. аспаптардың атауы, айтыс, күй, ақын
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әнгімелеу, сұрақ-жауап, қайталау. Аспаптар көрмесін ұйымдастыру
Алдын-ала жұмыс: Ұлттық аспаптар мұражайына саяхат, аспап дауыстарын магнитофон таспасына жазу, аспаптардың фотосуреттерін шығару, суретке салу, жапсыру, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңдері Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
-Құрметті балалар! Сіздерге сәттілік, ұтқыр ойлар мен тиянақты жауап, өзіме жетістік, келген қонақтарға сабырлық және тыныштық тілеймін.

Жүректен жүрекке.
Жүректен жүрекке.
Біз осындай баламыз (қолды кеудеге қояды)
Біз әдепті боламыз (басынан, денесінен сипау)
Досымызды көргенде (бір-біріне қолын созу)
Қуанып қарсы аламыз! (бір-бірімен құшақтасу)
Ұйымдастыру-
іздестіру

Мұғалім: Балалар, біз бүгін концертке барамыз. Көлікке мінер алдында, бензин бар ма екенін тексерейік. Бензобактың қақпағын ашып, көрейік «чик-чик», бензин жоқ екен, құйайық «с», қақпағын жабайық «чик-чик», көлікті жүргізейік, кеттік. Жолымыз ұзақ көрінбесің деп, әндетейік. Бірақ өлеңіміз ерекше- дыбыстық жаттығулар (қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау).

Касса қасына барып, билет алады
Кассир: 5 мың теңге (балалар 5-ке дейін санайды, ән-күй аспаптары салынған билеттерін алып, атап шығады, содан кейін орындарын тауып отырады)

Концерт басталады:
1.Қобызда ойнау. (Қалай ойлайсыңдар, қандай ұлттық аспапта орындалды?- 2.Айтыс
-Балалар, қазақ халқының қандай өнерін көрдіңдер?-АЙТЫС. Дұрыс. Ақындар бір-бірімен сайысқа шығады. Бұл сайыс- айтыс деп аталады. Жақсы, тапқыш ақын жеңіп шығады. Сыйлық алады.
3. Қазақ биі –жігіттер

4.Ойын «Даңғыра».
Ұшқан құстай ұшқырмыз!
Желден озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз.

5.-Қонақтарда отырып қалмасын деп, олармен де бір ойын өткізейік.
Ойын « Ненің дауысы?» (балалармен және көрермендермен) аспаптардың үнін естіп, тауып алу. Магнитофон таспасынан әр түрлі ән-күй аспаптарын тыңдап, тану.

6. Қазақ биі- жұп-жұппен

7.Күй (домбырада шақырған қонақ күй ойнап береді). Тыңдаған шығарма қалай аталады? -КҮЙ. Қандай ұлттық аспапта күй орындалды? –ДОМБЫРАДА.
Мұғалім: Балалар басқа ұлттық аспаптар қалай ойнайды екенін айтып береді.

8.ҚАЗАҚ ОРКЕСТРІ (Балалар ұлттық аспапта ойнап жатқан суреттерді көрсетіп, тақпақ оқиды)

9. Өлең «Домбыра сазы» (балалар аспаптарда ойнап береді)
1.Елдің жырын жырлаған
Қайғысын да толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Қ-сы: Домбырасыз сән қайда?
Домбырасыз ән қайда?
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?
2.Қ ұрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрегіне от жақсын деп
Елге күйін арнаған

3.Абай, Жамбыл, Біржан сал
Таң қалдырып ән салған
Жүрегіңді жандырған
Естіген жан тамсанған

4.Домбырамен сөйлеген
Махаббаты халқымның
Жігер беріп күй деген
Жарқырады алтын күн.

8. Қайтар жолымызды көңілді күймен өткізу үшін автобуста «Ән-күйінен танып ал»ойынын ұйымдастыру Тән дыбыстарды қайталау.
(«ә», «ө», «ы», «і», «ұ», «ү», «қ», «ғ», «ң»-әр дыбыстың өлеңін еске түсіріп, сөздер іздеп табамыз)
(таныс өлеңдердің әніне салу)

-Билет қанша тұрады?- деп балалар сұрақ қояды.
(балалар 5-ке дейін санайды, ән-күй аспаптары салынған билеттерін алып, атап шығады, содан кейін орындарын тауып отырады)

ҚОБЫЗДА

Айтыс

Балалар қазақ биін тамашалайды

Сергіту сәті «Даңғыра» ойыны
Ойын шарты: Ойыншылар қол созым ажырап, шеңбер құрады да, дөңгелене тұрады. Бір ойыншы ортаға шығарылады, қолына даңғыраны ұстап ортасында жүреді. Екі ойыншыға жүгіріп келеді де, даңғыраны соғады, олар екі жаққа жүгіреді. Бірінші жүгіріп келген бала ойынды осылайша жалғастыра береді.

5.Магнитофон таспасынан әр түрлі ән-күй аспаптарын тыңдап, тану, атау.

6.Балалар қазақ биін тамашалайды

7.Күй. Домбырада.

8.(Балалар ұлттық аспапта ойнап жатқан суреттерді көрсетіп, тақпақ оқиды)

Оркестрде біздің бұл
Өнерпаз көп кім дүлдүл?
Күмбірлеткен домбыра,
Дүбірлеткен даңғыра.
Жорғалатқан жетіген
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз
Шалып ойнар шаңқобыз.
Адырна, ұран, қос сырнай
Саз қалыспас, қосылмай.
Соғар дабыл, жыланбас,
Шыңдауыл мен дауылпаз.
Тақылдайды тоқылдақ,
Асатаяқ, тайтұяқ.
Әуез кернеп, ышқынып
Шығар керней, ысқырық.
Көп аспабы халқымның
Тыңдап үнін, балқимын.

Балалар «Домбыра сазы» әнін айтады, аспаптармен ойнайды

Балалар алдында жаттаған өлеңдерді еске түсіріп өту) «Бесік жыры», «Отаным», Тамаша», «Нұрын төккен маған», «Шөп, шөп шөжелерім», «Менің Қазақстаным» т.б.
Рефлексивті – түзетушілік

Мектеп-бақшаға келіп, сабақтың қорытындысын жасау.
-Балалар, сендерге ұлттық аспаптарға арналған бүгінгі сабақ ұнады ма? (концерт ұнады, аспаптар ұнады т.б.)

Балалар қонақтарға сыйлық таратып, қоштасады. Сабақ аяқталады.

-Концерт ұнады, аспаптар ұнады т.б.)

Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
әлемдегі бар адамға
тек жақсылық ойлаймыз.
Балалар қонақтарға сыйлық таратып, қоштасады. Сабақ аяқталады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ұлттық аспаптардың атауын үйрету

Қандай түсініктерді игерді: Қысқаша сөйлемдер құрастыру, ұлттық аспаптарда қарапайым ойнау

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үйренген сөздерді күнделікте қолдана білу.

Қазақ тілі мұғалімі:
Айгуль Сатыбаевна Канафина
Категория: Дошколенок | Добавил: перевод (2012-03-28) | Автор: Канафина Айгуль Сатыбаевна E
Просмотров: 4086 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 7:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru