Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕНІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ
Лаула Алиханқызы Кенжеболатова
Жалпы білім беретін №25 орта мектеп «Бөбек» толық күндік шағын орталығының тәрбиешісі
071403, Семей қ ., К. Жанатайұлы, 130
Тел/ факс: 8(7222)51-47-35, e-mail: semey_ sh_ 25 @mail. ru

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДҮНИЕНІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУ
В данной статье автор доказывает, что речь - ведущий процесс психического развития ребенка. Эмоциональность ребенка, его потребности, интересы, темперамент, характер - весь психический склад личности выявляются в речи. С процессом развития речи у детей раннего возраста связан процесс возникновения и формирования у них мышления.

In this article the author shows, that speech – it’s a leading cause in child’s physical evolution. The child’s emotionality, his needs, interests, mettle, character – all physical’s depository, which detection on the speech. When children’s speech emotion, their intellection grow and form.
Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары -
(зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке шоғырлануы.
Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі
Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деп В.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.

Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі.
Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ерекше орын алады. Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік- дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы.Ойында балаларды не қызықтырады?- деген сұрақ туындайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері.
Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
• Дидактикалық ойын
• Сюжеттік рөлдік
• Қимыл-қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)
• Саусақтар ойыны
• Үстел үсті ойындары.........
Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.

Баланың көп уақытын ойынмен өткізуінде емес, ойын кезінде баланың тілінің дамуы, психикалық өзгерістерінің болуында Алайда баланың 3-4 жасында жаңаша өзгеруге, түрленуге деген қабілеті байқалады. Ал, 4-5жастағы бала өз ойынан шығаруға, яғни түрлі жағдайларға байланысты бейімдеп отыруға үйренеді.

Қорыта айтқанда
«Сөз- ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды
«өне бойы, өмір серік»- етіп алғанымыз жөн. Баланың тілінің дамуы барысында қоршаған ортаның, ойынның әсерінің қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Қоршаған ортаны бақылау барысында да, ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым-қатынастары да жақсы дами түседі. Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі. Өз жұмысымды бақылай отырып «Мектеп жасына дейінгі баланың дүниені тану арқылы тілін дамыту»- тақырыбын таңдап алдым.

Келешекте алдыға қойған мақсатым:
Баланың тілін дамыту сөздік қорын молайту, ойын арқылы ынталандыру нәтижесінде қоршаған ортамен тығыз байланыстыра отырып дүниетанымын арттыру.
Балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең тақпақтар жаттату, ата-анасын құрметтеуге, отансүйгіштікке баулый отырып, тілдерін ары қарай дамыту жолында, оқу іс-әрекетіне сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жұмыс жүргіземін. Тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, тілі аса дамымаған балалармен болашақта жеке жұмыстар жүргіземін.
Балабақша ішінде өткізілген мерекелерде әрбір бала өлең тақпақтарын, анық мәнеріне келтіріп айтуына, әр балаға жеке көңіл аудара отырып тілдерін жетілдіру. Оқу іс-әрекеті барысында «Ойын, еңбекке баулу, бақылау, тілін дамыту»- әрекеттерін терең түсініп қабылдау үшін инновациялық технологияларды қолданду, ары қарай жаңа технологиялар енгізіп, интерактивті оқу әрекеттерін енгізу мақсатым.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003-15стр
2. Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
3. Қазақтың ұлттық ойындары
4. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения» («Значение» 1949-90 стр)
5. А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу» 2010ж-40-50 бет
6. Қазақстан мектебі №7, №8, №9. 5-36бет
7. Сыр мектебі 15.10.2008ж

Источник: http://kollegi.kz/publ/0-0-0-0-1
Категория: Дошколенок | Добавил: Лаурита (2012-04-06) | Автор: Лаула E
Просмотров: 19175 | Комментарии: 1 | Теги: Кенжеболатова.Лаула | Рейтинг: 4.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 4:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru