Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Мен осындай баламын" тақырыбындағы өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары
Семей қаласы,«№6 «Нұрсәуле» ясли-бақшасы» КМҚК, тәрбиеші Қомаева М.С.
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: Өзін-өзі тану
Тақырыбы: «Мен осындай баламын»
Мақсаты: Отбасы құндылығы, адамның бойындағы жақсы қасиеттері (шыншылдық, қамқорлық, адалдық, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, тәртіптілік) туралы түсініктерін кеңейту. Бойларындағы жақсы қасиеттерін және отбасы мүшелеріне деген қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту. Жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдық: хрестоматия, ойыншық жүрекше, бейнематериал, күннің бейнесі, ойыншықтар жинағы
Мотивация-лық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады.
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып: -«Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге қуаныш сыйлап көрейікші. Ол үшін бір-бірімізге қарама қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге күлкі сыйлайық».
-Балалар, мейірімді, шаттық тілектеріңе рахмет сендерге!
Балалар шеңберге тұрып бір-біріне күлкі сыйлап,
Ө. Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін бірігіп орындайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!

Іздену-ұйымдастыу-шылық Әңгімелесу.
-Балалар, «Өзін-өзі тану әлемінің» «Адам» аялдамысына келдік. Бұл аялдамадан біз қандай баламыз? деген сұраққа жауап тауып, жақсы бала болу үшін не істеу керектігін үйренетін боласыңдар. Қане, осы аялдамадағы суреттерге қарап, жағдаяттарды шешейік. Балалар суреттерді қарастырып, жағдаяттарды шешеді, сұрақтарға жауап береді.
Әңгімелеу.
- Балалар, Ә. Дүйсенбиевтің «Мен осындай адаммын» өлеңін тыңдайық. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Мені ешкім жалқау демейді,
Жұмысым бүгін көбейді.
Әкем мен анам жұмыста
Әжем де кеткен туысқа
Жалғыз қалдым үйде мен
Қорықпаймын бірақ мен

Болдым да жинап төсекті
Еңбекке бердім кезекті
Тетігін ашып сулардың
Гүлдерді жайлап суғардым
Келтіріп үйдің сәнін де
Ыдыстың жудым бәрінде

Тамақ та түсте пісіп те
Тойдырды қарнын күшік те
Кінә тағады маған кім?
Мен осындай адаммын!

Балалар сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.
-Шығармадағы бала қандай бала?
-Баланың қандай істерінен жақсы адам екенін білеміз?
-Сендер үйлеріңде жақындарына қалай көмектесесіңдер?
-Жақсылық отбасынан басталады.
Олай болса «Қолғанаттар» ойынын ойнайық!

Рөлдік ойын «Қолғанаттар»
Тәрбиеші балаларды үш топқа бөледі. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды: ойыншықтарды жинау, дастархан әзірлеу, жеміс-жидектерді жуып табаққа салу
Балалар үш топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

-Сендер нағыз қолғанат екенсіңдер! Рахмет.

«Дәйексөз»
Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала қуаныш» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Жақсы бала жақсы істерімен ата-анасын, туған туыстарын, жақындарын, достарын қуантады.

Коллаж-жоба.
Балалар, сендердің әрқайсың жақсы адам екендеріне сенімдімін. Жақынырақ келіп, үстелдің үстінен жақсы баланың істері бейнеленген суретті таңдап алыңдар. Содан кейін сол суретті күн шуақтарына жабыстырп, неге сол суреттегі балаларды жақсы деп ойлайтындарыңды айтыңдар.

[/b]Ойын –жаттығу.
«Мен –жақсы баламын!»
Балалар, біз бір қызықты ойын ойнайық. Ойын «Мен –жақсы баламын!» деп аталады. Ол үшін барлығымыз жайғасып, ақырын: «Мен –жақсымын!» деп айтайық. Енді біраз көтеріліп, қаттырақ : «Мен- ең жақсымын!»- деп айтайық. Тік тұрып, еңсемізді көтеріп, қатты: « Мен-жақсы баламын!» -деп айтайық. Тамаша! Енді кері айтып көрейік.

Тыныштық сәті.
Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Сергіту сәті.
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау -басым ақылды
Бәрін осы басқарған.
Мынау -менің оң қолым
Мынау -менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Шығармашылық жұмыс
Балаларға қолдан жүрекшелер жасауды ұсынады.

Ғажайып сөздер.
«Жақсы бала-қуаныш»,
«Жақсы адам адал болады», « Мен жақсы баламын», «Жақсылық отбасынан басталады"

Рефлексивті-түзеуші
Қорытындылау.
«Жақсы бала» деген атыңа лайық болу үшін біз әдепті, қамқор, адал, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек. Сендер жақсы қасиеттеріңмен сыйлы, сүйкімді боласыңдар.
-Жақсы бала болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?

Жүректен жүрекке
(Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады)
Тәрбиеші балалармен шеңберге тұрып балаларға алғысын білдіреді.

Балалар өз ойларын қорытындылайды.
Күтілетін жауаптар: шыншылдық, өтірік айтпау, бір-бірімізге көмектесу, қамқор болу, адал болу.

Балалар шеңберге тұрады. Ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсынып, жасаған қамқорлығы, сыйлаған қуанышы үшін алғыс айтады


Күтілетін нәтиже
Білуі немесе хабардар болуы: адамның бойындағы жақсы қасиеттер
Қалыптасқан әдет: өз ойларымен бөлісе алу, қорытындылай алу
Істей білуі: адамдарды сыйлау, адал болу, өтірік айтпау, қамқор болу

[b]
Категория: Дошколенок | Добавил: мк (2012-04-09)
Просмотров: 26233 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.3/14
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 3:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru