Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Тіл үйретуде ойынның маңызы»
«Бала ойынының қарапайымдылығы –
алдамшы құбылыс бұны бәрі біледі,
бірақ оны бәрі түсіне бермейді»
(П.Ф Каптерев.)

Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагоктар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан – жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:
 сенсорлық тәрбиелік ойындар.
 сөздік ойындар.
 табиғатпен таныстыру ойындары.
 математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары.
 дидактикалық ойыншықтармен ойындар.
 үстел-үсті ойындары.
 сюжетті –рөлді ойындар.
 саяхат-ойындар.
 ойын-тапсырмалар.
 ойын –сөйлемдер.
 жұмбақ ойындар.
 диалог-ойындар.
 қимылды ойындар.т.б
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принціптерін ескеру тиіс:
• Өтетін материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы,қызығушылығының арттыру.
• Ұжымдық,яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
• Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу.
• Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
• Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
• Ойын ол сабақ емес,ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
• Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-рекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
• Ойын-ол диогностика құралы,бала ойын кезінде барлық жағымды , жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.
Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан, уайымнан арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп,балалар пікірлесіп,әсер алысып,ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Бала бақша» т.с.с болып ойналады. Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл ойынның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылыс пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.
Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы:
«Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда балалар дәрігер мен науқастың әрекеттеріне келтіреді.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан тірлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір.
Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиодар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады.
Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қақпақтың астында не бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.
Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек» т.б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар. («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны»т.б) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл ойындарда балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т.б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді
ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.
«Ойын - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С.Пинжи айтқандай, ойын - ақпарат алмастыру құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Баяндама
Тақырыбы:
«Тіл үйретуде ойынның маңызы»

Тәрбиеші: Ү.Д. Абдинова



№23«Балауса» б/б
Екібастұз қаласы

Источник: http://дошколенок
Категория: Дошколенок | Добавил: Umka (2012-06-10) | Автор: Үміт
Просмотров: 4410 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 6:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru