Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

Қонжық қалай өрт сөндіруші атанды?» қойылым-ертегінің сценарийі
Музыка жетекшісі: Джумагулова Арай Серикболовна.
«№ 4 «Балдәурен» ясли – бақшасы» КМҚК
Семей қаласы
Қонжық қалай өрт сөндіруші атанды?»
қойылым-ертегінің сценарийі

Кейіпкерлер:
Қонжықтың анасы – педагог
Қонжық
Қасқыр
Қоян
Сауысқан Балалар
Орманшы ата
Өрт сөндірушілер
Ағаштар
Саңырауқұлақтар
Оттар
Музыка әуенімен құстардың шуылы, мүлгіген таңғы орман көрінісі. Орманшы ата шырша жаңғақтарын жинап, шаршаған кейіп танытып, ағаштың түбіне келіп отырады. Орманның табиғатына тамсанып, былай дейді:
Орманшы ата: Орман тыныштығын сақтап жүрген Орманшы ата мен боламын. Міне, қараңдаршы қандай тамаша? Мінеки, осы орманның жасыл желекті, жайқала өскен биік – биік ағаштарына қараңдаршы!
(Осы кезде жайқала өскен ағаштар билей ортаға келеді)
Орманшы ата: Орманды мекендейтін аңдар да қаншама. Олар қонжық пен анасы (музыка әуенімен маймаң басып, қорбаңдап қонжық анасымен үйшіктің алдына келіп отырады), қорқақ қоян (ытқып – ытқып секіріп келіп, ағаштың түбіріне отырады), көкжал, айбарлы, сұр қасқыр (тісі ақсиған қасқыр талдың түбіне келіп отырады). Жаңалықтың жаршысы, орман сақшысы, шақылдаған сауысқан ( музыка әуенімен залды айналып ұшып, ортаға келеді).
(Осы кезде барлық аңдар «Әрқашан дос біргеміз!» әнін орындайды)
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Орманшы ата: Міне, дәл осы кезде ормандағы оқиға басталады. Жаңалыққа сақ жүретін сауысқан қонжықтың әжесінің сырқаттанып қалғанын хат арқылы жеткізеді.
(Сауысқан хатты қонжықтың анасына табыстап ұшып кетеді )
Орманшы ата: Осы хабарды естіген қонжықтың анасы қонжығына өртпен ойнамай, тоққа жоламай абай болуын өтініп, әжесіне жол тартады (қонжықтың анасы мен қонжық қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді)
Сауысқан: - Тыңдаңыздар, тыңданыздар! Орман жаңалықтарына құлақ салыныздар! Қонжықтың әжесі ауырып, анасы әжесіне кетіпті. Қонжық үйінде жалғыз қалыпты.
Орманшы ата: Осы хабарды естіген қонжықтың достары, қасқыр мен қоян, оның көңілін көтеруге келіп, есігін қағады.
Қоян: - Қонжық, бұл біз ғой! Қалың қалай? Бері қарай шықшы.
Қонжық: (Қонжық сыртқа шығады) Тек қарным ашып, тонып тұрғаным болмаса, бәрі жақсы.
Қасқыр: - Қазір біз саған көмектесеміз, тамақ пісіріп береміз. Біз сенің достарың емеспіз бе? Жүр, кеттік.
Орманшы ата: Сөйтіп, олар қонжықты ертіп алып, жол жөнекей ағаштың бұталарын, саңырауқұлақтарды тере бастайды.
(Осы кезде музыка әуенімен талдар тербеліп, саңырауқұлақтар билей зал ортасына келеді. Әуен бәсеңдетіледі).
Орманшы ата: Қасқыр тауып алған оттықпен жиналған бұталарды жаға бастайды.
Осы кезде өрт лаулап жанады (Өртті би арқылы бейнелейді). Өртті көрген аңдар орманнан қаша бастайды. Осы кезде қорыққан қоян үйшіктің ішіне тығылады.
Сауысқан: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өрт! Өрт! Орманда өрт басталды. Құтқарыңдар! Көмектесіңдер! (ұшып барып, телефон тұтқасын алып 101 нөміріне өлеңдетіп қоңырау соғады)
Жылдам тұтқаны аламын,
101 – ге қоңырау шаламын.
Мекен – жайды дәл айтып,
Көмекке мен шақырамын.
Бірінші өрт сөндіруші: - Күтіңдер! Жылдам келеміз!
Орманшы ата: Қоянның «құтқарыңдар» деген дауысын естіген қонжық бірден шелекпен үйшікке су шашып, қоянды алып шығады (қонжық досы қоянды үйшіктен алып шығады да, алғашқы көмек көрсетеді).
(Осы кезде музыка әуенімен өрт сөндірушілер келіп, орманның өртін сөндіреді. Оттар шығып кетеді. Осы сәтте қонжықтың анасы және орман аңдары келіп кіреді)
Қонжықтың анасы: Бұл орманда не болды? Өрт сөндіруші ағайлар, менің қонжығым аман ба?
Екінші өрт сөндіруші: Сіздің қоңжығыңыз аман - есен. Уайымдамаңыз. Ол нағыз батыр екен! Қоянның өмірін аман алып қалды.
Қонжық: - Анашым, мен өрт сөндіріп жүрген кезде, орманды, достарымды өрттен әрқашан да қорғап, өртсөндіруші боламын деп шештім.
Үшінші өрт сөндіруші: - Сен енді біз үшін кішкентай өрт сөндірушісің – деп, «кішкентай өрт сөндіруші» деген спорт кеудешесін кигізеді.
Қонжықтың анасы: - Орманды өрттен қорғап қалып, дер кезінде қол ұшын бергендеріңізге көп рахмет! Жарайсың, қонжығым – деп, бауырына басып, - біз әрқашанда орман тыныштығын сақтауға, қорғауға дайынбыз! – дейді.
(Барлығы жұлдызшаларға тұрып «Өрт сөндірушілер» гимнін орындайды.)
1.Өршелеген өртті сөндіруші,
Біз боламыз өрт сөндіруші.
Жауыз жалын, қара түтін бізді көріп,
Шегінеді, шегінеді ол бірінші.
Қайырмасы:
Біз өрт сөндіргіш батырлармыз,
Қатал өртті де тыңдатамыз.
Егер де өрт шыға қалса,
Сөндіруге оны жұмыламыз.

2.Көмекке әрқашанда келеміз,
Қиын сәтте көмек қолын береміз.
Қауіпті, тілсіз жауды бағындырсақ,
Міне, нағыз біздердің ерлігіміз.
Орманшы ата: - Осылайша ормандағы оқиға сәтті аяқталып, қонжық болса кішкентай өрт сөндіруші атанды.
Категория: Особые дети | Добавил: гульнараж (2015-04-03)
Просмотров: 1197 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 8:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru