Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

Аутизмі бар балалардың әлеуметтік бейімделуі
Аутизмі бар балалардың әлеуметтік бейімделуі

Әрбір ата-ана баланы өмірге әкелгеннен соң, оның денсаулығы мықты болғанын қалайды.Баласының жасаған әрбір қимылына, басқан әрбір қадамына мән беріп, алғашқы шығарған дыбысына, айтқан сөзіне қуанады. Әрбір бала қоршаған ортаның, ересектердің қамқорлығын қажет етеді.Бірақ кейбір жағдайларда балалар қоршаған ортадан алыстап, өз әлемінде өмір сүреді. Олар жаңа нәрселерге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, әлеуметтік ортада бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтар кездеседі. Бұл сипаттар арқылы қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі- аутизмнің себептерін көруге болады.Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша аутизмге шалдыққан балалардың саны күрт өсуде.Қазақстанда да бұл мәселе кең таралып барады , аутистік тұлғалық қасиеттері бар балалар жылдан жылға , өкінішке орай көбеюде.Аутизм- бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Аутизмге шалдыққан баланы тәрбиелейтін отбасында әлеуметтік оқшаулану мен түсініспеушілік жиі кездеседі. Кейде аутист бала сырттай ерке және әдепсіз болып көрінеді. Көпшіліктің түсініспеушілігі, теріс ниеті және бас тартушылық баланың және оның әке-шешесінің қоғамдық жерлерге шығуын тежейді. Бұл жағдай жанұяның онсыз да ауыр көңіл-күйін қиындатады. Қоғамдағы аутизмі бар балаларды әлеуметтік- педагогикалық-психологиялық бейімдеудің маңызы өте коп. Егер, әлеуметтік- педагогикалық үдерісте аутизмі бар балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Аутизмге шалдыққан балаларды әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет .
Әлеуметтік бейімделу –мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Аутизмі бар балалардың бейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Әрине, осындай балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және педагогтар тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет.
Сондықтан бейімдеу бағдарламасы жүргізілген кезде балалардың айналасы тыныш бейбіт қалыпта күн кешетін адамдармен топтасқан жөн.
Мүмкіндігі шектеулі баланы соның ішінде аутизмі бар баланың қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы психологиялық ауытқулары , екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы , осы балалардың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы. Осы балаларды тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін - өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы түсіністікті қажет етеді және оларды болашаққа сенімді көзқараспен қарауға тәрбиелеудің мәні зор. Ерте жастағы аутизмі бар баланы тәрбиелегенде белгілі бір қимылды орындатуға мәжбүрлемеу керек. Ата – ана балаға өз айтқанын істетуге тырысса, бала соғұрлым қырсығып, анасының айтқанын орындамайды. Балаға жақсы тәрбие беру үшін, оны белгілі бір күнделікті күн тәртібіне, гигиеналық дағдыларға үйрету керек. Аутизмі бар балалар жағымсыз қылықтарды тез меңгеруге бейім болады. Баланың өз еркімен гигиеналық дағдыларға үйрету.Баланы кез – келген кішкене жеңістеріне мақтау айтып, мадақдап отыру керек. Оған әрдайым сенімділік көрсетіп отыру қажет. Егер аутизмі бар бала ұзақ уақыт бойы гигиеналық дағдыларды үйрене алмаса, оған ата – ана төзімділікпен, шыдамдылықпен қарау қажет. Баланы тамақтануға үйреу кезінде тамақтану тәртібін жасаған жөн. Күнделікті бір уақытта баланы тамақтандырған дұрыс. Тамақтану үшін балада өзінің сүйікті ыдысы болу керек. Балаға жаңа тағам түрін бергенде ата – ана абай болу керек. Себебі,бала ол тағамнан үрейленуі мүмкін. Сондықтан жаңа тағам түрін баладан алыс қою қажет және оны балаға бермес бұрын ересек адам «Қандай дәмді!»-деп балаға қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндіру керек. Біртіндеп балада қызығушылық пайда болып, бала ол тағамның дәмін көргісі келеді. Күннен күнге бала өзі тамақтану дағдыларын үйреніп, өзі тамақ іше алатындай жағдай туғызу керек. Аутизмі бар балаларды ерте жастан үй жұмысына көмектесуге үйреткен жөн. Балалар тамақ пісіруге, үй жинауға, ыдыс жууға араласқаны дұрыс. Аутизмі бар балаға үйде үй жануары болғаны дұрыс, себебі бала ерте жастан жануарға қамқор болуға үйрету керек.Мұндай балаларға ерте жастан түзету жұмыстарын, сабақтарын жүргізен жөн. Себебі, олардың жалпы және ұсақ моторикасын, танымдық процесстерін, сөйлеуін дамыту керек. Балалардың үлкен адамдармен қарым –қатынас жасау кезінде тәрбиесіне, эмоционалды күйіне және өмірліктәжірибесін жетілдіруге көмегін тигізеді. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.Әлеуметтік педагог мамандары осындай балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді:

1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспнншілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз. Қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз. Нәтиже міндетті түрде болады.
7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болыңыз.
Айтып кеткеніміздей осы балалардың педагогикалық –психологиялық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқарғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады. Аутизмге шалдыққан балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің тағы бір негізгі факторы, ортаны осындай балаларды қабылдауға дайындау.
АУТИЗ БАЛАЛАРДЫ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ЗАМАУИ ЖОЛДАРЫ қарастырсақ. Елбасы өзінің кезекті жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін, олар үшін қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін ескертті. «Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалу, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады-( « 2030 стратегиясын жүзеге асыру – жастардың міндеті» атты жолдауында) делінген болатын. Осы мақсатта біз бұл балалардың дамып жетілуіне , әлеуметтік ортаға бейімдеу жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Әлеуметтік ортаға енгізу, әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына осы балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.Мемлекет аутизмі бар балалардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы,әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:. «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі -кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» деп атап көрсетеді. Сондай - ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін бұл балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.
Қазіргі озық технология заманында аутизмі бар балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмыстар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді. Аутизмі бар балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар,мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады. Жылдан жылға аутизмі бар балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Осы орайда педагогтардың міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады. Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет.
Аутизмі бар балалардың мүмкіндіктері шексіз, тек оның көзін аша білу керек.Қорыта келе, айтарымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,бәріміз осы аутизмге шалдыққан жандарда кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге, оларға өздерінің күшті қырларын жетілдіре түсуге көмектесе отырып, қоғамға бейімдеп,толыққанды өмір сүрулеріне қол ұшын созайық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Р.Меделбек. Аутизмге шалдыққандарды бейімдеу кенжелеп тұр.
http://www.azattyq.mobi/
2. К.Гилберт. Аутизм медицинское и педагогическое воздействие: кн.для педагогов-
дефектологов : пер. с англ./К.Гилберт. – М., 2003. – 144 с.
3. А..Б.Айтбаева. Коррекциялық педагогика негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2011. – 160 б.
4. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2014 жылы
5.Шеримова А. С. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы [Текст] / А. С. Шеримова, А. Н. Елюбаева // Молодой ученый. — 2015. — №8.1. — С. 41-44.
Категория: Особые дети | Добавил: gulnaz_1992_2010 (2018-06-04) | Автор: Садыкова Гульназ E
Просмотров: 1848 | Комментарии: 1 | Теги: социальная адартация, Аутизм, әлеуметтік, дети с РАС. аутистический спектр | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 2:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru