Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

Ойын арқылы үйден оқитын оқушының ойлау қабілетін дамыту
ББШҚО «Қосалқы мектеп-интернат »КММ
Дефектолог-мұғалім Жакупова Г.А.

Ойын арқылы үйден оқитын оқушының ойлау қабілетін дамыту
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.
«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.
Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Үйден оқитын оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез- құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін пайдаландым.Ізденімдік ойындар – оқушыларды ізденімпаздыққа белгісізді табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін арттырады. Оқушыларға қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше. Мысалы: «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.«Сөзді тап» ойыны. Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетінжетілдіру. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Мысалы: сабақта жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар оқушының ой -өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Оқушылардың кейбір әріптерге, әсіресе « Р», «Л», «С», «Ң» дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш ойындарын пайдаланудың мәні зор. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын-бірден- бір таптырмайтын құрал. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, білім алады, нашар оқитын оқушылардың өздері де ойынға араласып сабаққа ынтасы артады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сюжетті рөлді ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс -әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы : «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалы бойынша рөлдік ойын ойнаттым. Сынып оқушыларын 2топқа бөлдім. Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді.Алғашқы болып 2-ші топ оқушылары шықты. Бір оқушы автор сөзін оқып тұрды. Тоқылдақ рөлін ойнап шыққан Нұрсұлтан тоқылдақ секілді тоқылдатып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет. Осылайша барлық құстардың қимыл қозғалысын айнытпай салып шықты. Бұндай ойындарға математика сабағында «Сатушы», «Кітапханада»т.б ойындарды ойнатуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойынның бір түрі ойын жаттығулар.Ол оқушылардың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. «Сөзжұмбақ», «Ребус», «Ұйқасын тап» ойындары арқылы балалардың білсем деген ұғымы артады. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ үстінде ребустарды үнемі пайдаланып отырамын, сонымен бірге үйге ойдан ребустар, сөзжұмбақтар құрастырып келуді тапсырамын. Оқушының ізденушілік қабілетімен бірге белсенділігі артады. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдаланып отырамын. Сабақта жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Сондай ақ жатқа жазуда есте сақтау қабілетін дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.«Қимыл –қозғалыс» ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: « Кім керек?»,»Көңілді поезд», «Мысық пен тышқан», « Өз орныңды тап», математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді.Дидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Бұл ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай қарапайым, әрі қысқа болу керек. Сабақта ойын түрлерін ретсіз, әрі жиі қолдану оқушыларды жалықтырады. Дидактикалық ойындардың ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Бұндай ойындарды сабақта түрлі әдіс–тәсілдермен қызықты, әрі мазмұнды өткізу үшін әсіресе балалардың ерекшелігіне баса зейін аударып, сабақ кезеңдерін бір –бірімен логикалық байланысқа құрып, өзара бірін-бірі дамытып, толықтырып отыратындай етіп ұйымдастырып байланыстырып сөйлеуге мынандай ойындар пайдалануға болады.Мысалы: «Балық аулау», «Кірпіге көмек», «Бәйге», «Қарлығаштың тапсырмасы», «Қайда өседі?», «Жемістер жинау» ойындары. Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өткізуге болады. Сан аралас мақал мәтелдерді оқытамын. Бұл әдіс оқушыларды қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Категория: Особые дети | Добавил: gulzm1969 (2019-02-10) E
Просмотров: 1350 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru