Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

сабақ жоспар
Наурыз – думан

Сабақтың мақсаты:
1. Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып, ата-баба салтын сақтау, құрметтеуге тәрбиелеу;
2. Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, табиғатпен үндестікке үйрету.
Көрнекі құралдар: нақыл сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, орындау, әңгімелеу.
Мұғалім: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын!
1 – оқушы:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды.
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік.
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың,
Жарапазан жыры бар.
2 – оқушы:
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
шашуларын шашайық.
Ақ әже Наурыз шашуын шашады.
3 – оқушы: Наурыз сөзі – парсы тілінде «Жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн – ата-бабаларымыз, арғы тегіміз міңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңесіп, бұдан былай күн түннен ұзара береді.
4 – оқушы: Ұлыстың ұлы күні түнгі сағат бірді соға бастағаннан ел елжірей қуана есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды.
5 – оқушы: ұлыстың ұлы күні әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе-наздары болса, бәрін кешіріп, бірін-бірі мейман етеді. Сыйласым үстінде әрбір тойшыға лайықты сыбаға беріліп, сый-сияпаттың жаңаша түрлерін көрсетеді.
6 – оқушы: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылдық, молшылық, мәнді де дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.
7 – оқушы: Наурыз айында жер-ана босаңсып көк шыға бастағанда «Наурыз тал» егеді.
8 – оқушы: Наурыз айы – ақ мол болатын, елдің аузы аққа толатын берекелі ай.
9 – оқушы: Әжелер сүрленген еттерін, қазы қарталарын наурыз көжеге сақтайды.
«Наурыз-думан» әні орындалады.
Ақ әже қазақтың бірнеше салт-дәстүрлері туралы айтып өтеді.
10 – оқушы:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
Оқушылар екі топқа бөлініп өнер көрсетеді:
1. Айтыс өнері;
2. Амандасу рәсімін көрсетеді;
3. Өтірік өлең, мақал-мәтелдер;
4. Ырым-тыйым сөздер жарысы;
5. Асық ату, аударыспақ ойыны.
«Саржайлауым» әні орындалады. «Қазақы дастарханым» әні орындалады.
аааааааақ әже «Саумалық» әнін орындайды.
Ақ әже:
Хан тауының көк құсы,
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Балалар: Ашты, ашты.
Ақ әже:
Саумалық, саумалық,
Самарқанның көк тасы
Еріді ме, көрдің бе?
Балалар: Көрдім, көрдім.
Ақ әже:
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке.
Саумалық, саумалық!
Саумалық, саумалық!
Ортаға қызыр ата бата береді:
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
Ақ әже:
Ішілетін, жейтінің,
Бұл көжеде бәрі бар,
Ошақта шоқ көп әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Ал, отырыңыздар наурыз көжеге, - деп балаларды, үлкендерді наурыз көжеге шақырады.
«Наурыз көжені тойып ішсең, жыл бойы тоқ жүресің» деген ырым сөз бар.
Наурыз туралы ән орындалады.

Қабдолла Курмансия
№ 33 орта мектебінің музыка пән мұғалімі.
Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан облысы.

Источник: http://музыка
Категория: Уроки музыки | Добавил: uwitel (2015-04-10) | Автор: Қабдолла Курмансия E
Просмотров: 1152 | Комментарии: 1 | Теги: kurm | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru