Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

Күй құдіреті
Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті.
Сабақтың мақсаты: Күйдің тарихымен түрлерімен таныстыру.
Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу.
Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, баян аспабы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппенен бас иіп,
Сәлем бердік біз!

3. Үй тапсырмасын сұрау.
«Сары даланы сазбен тербеткен» қазақтың атақты күйшісі Қорқыт атамыз туралы айтамыз.
4. «Адасқан ноталар» ойынын ойнату.
5. Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.

6. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»
- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.
- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.
Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнерімен танысамыз.
«Күй» дегеніміз не?
Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күйлер домбыра, қобыз және сыбызғы аспаптарында орындалады.
Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.
Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.
Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.
Адам сезімдері туралы «Қуаныш», «Сағыныш» т. б күйлер бар.
Домбыра күйлері орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе болып екі түрге бөлінеді. Төкпе күйлер оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалса, ал шертпе күй көбінесе жалғыз дауысты болып, саусақ ұшымен орындалады.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғарғы деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжүма, Баламайсан, Боғда, Есжан сияқты күйшілер халыққа мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнерді Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Қазанғап, Дина сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар үлестерін қосты. Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі - қобыз күйлері. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсының сарындары көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Қорқыт, Ықылас, Кетбұға, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.

7. Ән үйрену бөлімі: «Домбырасыз сән қайда?»
әні: И. Нүсіпбаев
Сөзі: Х. Талғаров
Бүгінгі үйренетін әніміздің аты «Домбырасыз сән қайда?» деп аталады. Әннің авторы Ибрагим Нүсіпбаев. Ол балалар композиторы. Оның көптеген әндерін біздер айтып жүрміз. Оның: «Біз бақытты баламыз», «Әйбат бала» т. б әндері бар. Слайдтан композитордың суретін көрсету.
Дауыс жаттығуларын жасату. До мажор гаммасын айту және дыбыстардың биіктіктерін қолдарымен көрсету.
Ән көңілді екпінде жазылған. Алдымен әннің сөзін оқып шығып, кейін оның мағынасына көңіл бөлу. Әнде домбыра аспабы туралы айтылады. Халықтың мұңын шерін шерткен осы домбыра юолатын. Талай жыршы, күйшілерімізді, Абай, Біржандар осы домбыра арқылы өз ойларын жеткізіп, домбырада ойнаған. Әнді толық үйрену. Әнді тыңдаушыларға жеткізе білу. Әнді алдымен өзім айтып көрсетем. Баян аспабымен қосылып айтамыз.

8. Жұмбақ шешу.
1. Сызылған үні, сүйкімді тілі
Үрлесең ойналатын аспаптың бірі. (сыбызғы)
2. Тілшелік аспап, қобыздай асқақ,
Ерекше үні бар, бұл қандай аспап? (шаңқобыз)
3. Сазымен жасалған,
Өрнектеп қашалған,
Сырнайдың үнімен,
Бұлбұлдың біріндей. (Сазсырнай)
4. Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке,
Әуенімен шақырған
Қандай аспап балалар? (дабыл)

9. Музыка сауаты: Домбыра бөлшектерімен таныстыру.
1. Басы - екі құлақ бекітілетін жері.
2. Мойны - перне байланатын бөлігі.
3. Шанағы - дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі.
4. Беті - шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбыс естіртетін жері.
5. Дыбыс ойығы - қақпақтың дөңгелеп ойылған тесігі.
6. Тиек - қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы - салмалы ершік.
7. Екі құлақ - домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілетін жері.
8. Түймесі - шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері.
9. Шайтан тиек - екі ішек орналасатын жері.

10. Сабақты қорытындылау:
1. Күй дегеніміз не?
2. Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай қалай жіктеледі?
3. Күйлер орындалу жөнінен нешеге бөлінеді, оларды ата?
4. Кімнің күйлерін тыңдадық?
5. Қандай аспаптың құрылысымен таныстық?
11. Үйге тапсырма беру.
1. Күй туралы түсінік айту.
2. Әннің сөзін жаттау.
3. Музыка бөліміндегі тыңдаған музыкаларымызға үйден сурет салып келу.

12. Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасына дайындалып келген, сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Источник: http://balnur-abieva@mail.ru
Категория: Уроки музыки | Добавил: balnur-abieva (2017-02-03) | Автор: Сабақ жоспары E W
Просмотров: 1298 | Теги: Балнур, Абиева, Кадырбаевна | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 4:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru