Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Қазақстанның экономикалық аудандары
ШҚО Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы, "Сасан би атындағы орта мектеп" КММ
Сапарғалиева К.М.

география пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экономикалық аудандары
Сыныбы: 9
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың формасы:
«Қазақстанның экономикалық аудандарына саяхат» ойын сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Қазақстанның экономикалық аудандары туралы білімдерін бекіту және кейбір белгілеріне қарап экономикалық аудандарды айыра білу дағдыларын дамыту, білімдерін тексеру;
-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру;
-Географиялық сауатты тұлғаны қалыптастыру;
Дамытушылық:
-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту;
-экономикалық және әлеуметтік білімдерін арттыру;
-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік:
-оқушылардың өз өлкесінің , жалпы мемлекетінің экономикалық дамуына қызығушылығын ояту.
-өлкені тану, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
-экологиялық, экономикалық тәрбие беру арқылы ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері:
1. «Өндірісті аумақтық ұйымдастыру және экономикалық аудандастыру» сабағында алған білімдерін тексеру;
2. Оқушының шығармашылық әлуетін ашу мен дамыту;
3. Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу;
4. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың оқыту құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, атластық карталар, кескін карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, химия, математика
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа көңілін аудару.
2. «Экспресс-сұрақтар» Сұрақ-жауап.
3. «Кім жылдам?» Номенклатура.
4. «Бұл қай аудан?» бейнекөрініс, әдеби –саз.
5. «Артығын тап!» дұрыс емес жауапты табу.
6. «Мамандану –шаруашылықтың негізгі саласы» сәйкестендіру тесті.
7. «Бұл әсем қала!» тарихи- мәдени ізденіс.
8. «Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.
9. Бағалау.
10. Үйге тапсырма.
11. Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:
–Қазақстан жері кең байтақ, байлығымызда асып-тасып жатыр. Ата –бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы ресурстарды сақтау мақсатында біз, бүгін еліміздің экономикалық аудандарына саяхат жасайық!
Ойынымыздың негізгі мақсаты: Қазақстанның экономикалық аудандары туралы алған білімдерін жүйелеу мен бекіту.
Ойынның шарты: Ойын барысында жеке, топтық, жұптық, тест жұмыстарын орындаймыз. Әр ойын барысында әрқайсыңыздың алдарыңызда жатқан маршрут қағазына алған ұпайларыңызды топ басшысы жазып отырады.
І. Қызығушылықты ояту.
Топтастыру. Оқушыларға номенклатурасы бар үлестірмелер беріледі. Сол үлестірмелерді оқи отырып, қай ауданға тиісілі екендігін айырып, топтасады.
1 топ: «Орталық» 2- топ: «Батыс» 3- топ: «Шығыс»
Сарыарқа Каспий Алтай
Торғай Жайық Бұқтырма
Теміртау Қарашығанақ Ертіс
Жезқазған Ақтау Өскемен
Балқаш Ақтөбе Семей
4- топ: «Солтүстік» 5- топ: «Оңтүстік»
Соколов-Сарыбай Алматы
Қостанай Тянь-Шань
Петропавл Қапшағай
Ақмола Шымкент
Астана Сырдария
«Экспресс-сұрақтар». (флипчарттан штор пайдалану) (барлығы 10 ұпай)

1. Қазақстанның жер көлемі қанша?(2724,9 мың км2)
2. Қазақстан жерінде қанша халық тұрады? (17млн адам)
3. Еліміздің тұңғыш аудандастыруын жүргізген ғалым(Н.Н. Баранский)
4. 1997 жылға дейін елімізде қанша облыс болды?(19облыс)
5. Қазір Қазақстанда қанша облыс бар?(14 облыс)
6. Еуразия кіндігі Қазақстанның қай облысында орналасқан?
(Шығыс Қазақстан облысының Жидебай шатқалында )
7. Қазақстанда қанша экономикалық аудан бар? (5аудан)
8. Құрлықта Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)
9. ҚР бес облысын тарату жөніндегі Жарлық қашан қабылданды?
(1997ж сәуірде)
10. Қазақстан барланған пайдалы қазбалар құны жөнінен жер ғаламшарында
нешінші орын алады? (8 орын)


№1.Тапсырма. «Кім жылдам?» Номенклатура.
(Электронды оқулықпен жұмыс)
Цифрлармен берілген экономикалық аудан мен облыстарын кескін картаға түсіріңдер.
1 –нұсқа А, В, С, Д, Е 1,3,5,7,9,11,13
2-нұсқа А, В, С, Д, Е 2,4,6,8,10,12,14
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай (барлығы 12 ұпай)

ІІ. Мағынаны тану. «Табиғаты аса көркем, Қазақстан туған өлкем!
Бұл қай аудан?»
Бейне көрініс және сипаттамасы арқылы қай экономикалық аудан екендігін анықтау. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай (барлығы5 ұпай)
Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған
Су сапарын бұл өлкеден бастағам.
Бұл өлкенің ауасымен ұшсам да,
Көз қиығын көктен жерге тастағам... (Х. Ерғалиев)
1.Барлық экономикалық аудандармен шектеседі, көлік қатынасы жақсы дамыған, климаты шұғыл континентальды, минералды ресурстарға бай болғаны соншалық пайдалы қазбалардың көмбесі десе де болады. Алайда су ресурстарынан тапшылық көруде. Ауданда тау-кен металлургия кешені қалыптасқан.
(Орталық Қазақстан)
... Жоқ! Сарқылмас байлығыммен өлең тең,
Мен де соны келешекке жөнелтем.
Мен тынғанда , жер бетінде жарқылдап
Жез бен жырым бірге жүрсе жөн ертең... (Х. Ерғалиев)
2.Республикамыздағы маңызды түсті металлургия орталығы.Табиғаты алуан түрлі, ең алғашқы зерттеушілер осы аймақтың сұлулығына тәнті болып оны Швейцариямен салыстырады.Өлкесі қылқан жапырақты ормандарымен, өзен жағалауының көрікті табиғатымен адамдарды тәнті қылса, туристердің сүйікті демалыс зонасына айналған Марқакөл қорығы орналасқан. Экономикалық аудандардың ішінен аумағы жағынан ең кішісі. (Шығыс Қазақстан )
3. Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндегі өлке.Теңіз көлік жолы бар жалғыз аудан. Қызыл балықтың негізгі мекені, бірақ халық сирек қоныстанған, жазы ыстық, қысы суық, күшті жел соғып тұрады, ауыз су жеткіліксіз, мұнай мен газ шығаратын жалғыз аудан (Батыс Қазақстан)
Қалай сондай дей алам Сарыарқаны,
Сал Біржандай тірілген әні арқалы.
Көкжиекке соғылған алтын теңіз
Алтын мұртты бидай ғой әр алқабы. (Ж. Молдағалиев)
4.Жаздық бидайдың негізгі бөлігі егіледі, табиғаты көрікті, орманды дала біртіндеп құнарлы топырақты дала зонасына ауысады. Аумағы арқылы ірі теміржол магистралі өтеді,еліміздің үлкен астықты ауданы, Дүние жүзіндегі ең қуатты көмір кесіндісі «Богатыр» орналасқан.
(Солтүстік Қазақстан)
Байқоңыр бұл- екі сөз: бай да қоңыр,
Бай да қоңыр қанатты байтақ өңір.
Адамзаттың алдында жатқалы тұр
Сол баспалдақ арқылы Айдағы өмір.(Ж. Молдағалиев)
5.Ұлы Жібек жолы басып өткен өлке.Ежелгі қалалардың мекені десе де борлады.Бұл ауданмен Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Йасауидің өмір жолдары тығыз байланысты.Негізінен суармалы егіншілік дамыған аудан, «валюталық» дақыл- мақта өсіріледі. Жайылымдық жерлері көп болғандықтан мал шаруашылығының тамаша базасы болып табылады.
(Оңтүстік Қазақстан)

№2.Тапсырма. «Артығын тап!»
Берілген мәтіннің ішінен әр экономикалық ауданға жататын ерекшеліктерін ажыратып, экономикалық ауданға жатпайтыны табу керек.
(Тапсырмаларды әр оқушы дәптерге орындайды,кейін слайд арқылы тексеріп,жұп оқушы бір бірін бағалайды.) барлығы 10ұпай.

1. Экономикалық ауданды анықта:(Орталық Қазақстан, артығы 4)
1) Су жетіспейтін аймақтың бірі.
2)Металургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады.
3) Күкірт қышқылын өндіруден Қазақстанда 2 орында
4) Суармалы егіншілікті аудан
2. Экономикалық ауданды анықта:( Батыс Қазақстан, артығы 3)
1)Үш экономикалық ауданменшектеседі.
2) Пайдалы қазбалардан мұнай, хром, никель қоры бар.
3)Аумағында техникалық дақылдар көп өсіріледі.
4) Халықтың жұмыспен қамтылуы жоғарғы деңгейде.
3. Экономикалық ауданды анықта:( Солтүстік Қазақстан, артығы 1)
1)Бал арасы және марал өсіру шаруашылықтары дамыған
2) Топырағы мен климаттық жағдайы қолайлы болғандықтан егіншілікпен шұғылданады.
3)Еңбек ресурсы жоғары аудан
4) Жер ресурсының 90 пайызы ауыл шаруашылығына қолайлы.
4. Экономикалық ауданды анықта:( Шығыс Қазақстан, артығы 3)
1) Табиғи –климат жағдайы өсімдік шаруашылығындамытуға қолайлы.
2) Мырыш балқыту бойынша ауданда 2-ші орында.
3) ауданы 428мың км2.
4)10 қала мен 3кент бар.
5. Экономикалық ауданды анықта:(Оңтүстік Қазақстан, артығы 4)
1) Қой, ешкі, мүйізді ірі қара өсіруден республикада 1-орын алады.
2) Дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жатқан аудан.
3) «Химфарм» зауыты барлық елдегі шығарылатын препараттардың 3/5 бөлігін береді.
4)Ертіс мыс қорыту зауыты -Глубокое елді мекенін
№3Тапсырма. «Мамандану –шаруашылықтың негізгі саласы»
1. БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН А)көмір, металл, химия, машина жасау
Б)темір рудасы,тас көмір өндірісі.
В)мұнай-газ химиясы,балық өңдеу.
2. СОЛТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН Г)тау-кен химия, машина жасау
Д) ферроқорытпа,алюминий өндірісі, мұнай өңдеу.
Е) ферроқорытпа және минералды тыңайтқыштар өндіру
3. ШЫҒЫС
ҚАЗАҚСТАН Ж) мыс өндіру, электр қуаты
З)жеңіл, тамақ өнеркәсібі
4. ОРТАЛЫҚ
ҚАЗАҚСТАН И) полиметалл және түсті металлургия өндірісі
К)арзан су электр энергиясы
5. ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН
Дұрыс жауаптары: 1В,Е 2Б,Д 3И,К 4 А,Ж 5Г, Ж


Экономикалық аудандар мен мамандану салаларының сәкестігін табу.
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай ( барлығы10 ұпай)
ІІІ. Толғаныс: «Бұл әсем қала!» Бейне қөрініс арқылы қала туралы не білетінін айтып, тарихи-мәдени ескерткіштерін айту.(Барлығы 10ұпай)

1. Қарағанды Шахтерлер қаласы, халқының саны бойынша республикада 4-ші қала
2. Теміртау 1945 жылы Самарқант кенті қала статусын алып, Теміртау атанады.қаланың негізгі тірегі- болат балқыту комбинаты.1960ж 3 шілдеде алғашқы Қазақстан шойыны алынды.
3. Орал 17ғ. Жайық қалашығы деп аталды. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған. Орал атауы 1773-75жж Е.Пугачев бастаған көтерілісті халық санасынан шығау үшін Орал деп өзгертті
4. Өскемен Кенді Алтайдың қақпасы, Монғолия мен Қытай елдеріне сауда жолдары өткен.түсті металлургияның ірі орталығы.
5. Петропавл Республиканың солтүстік қақпасы, Транссібір және Трансқазақстан теміржолдарының қиылысында орналасқан.
6. Тараз Ұлы Жібек Жолында салынған ежелгі қаласы,1936ж.т дейін Әулиеата, 1936-1939жж.Мирзоян, 1938ж бері Жамбыл, 1998ж тарихи атауы қайтарылды.Айша-Бибі,Бабаджа қатын мазарлары бар.





«Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.
Кескін картаға минералдар коллекциясынан қай экономикалық ауданда қандай шикізат қоры бар екенін және қайда өңделетінін және өнндірілетінін, қайда тасымалданатынын түсіндіріп,картадан көрсету
Бағалау: бағалау парағы бойынша қорытынды шығарылып, қатысқан оқушылар бағаланады
Үйге тапсырма: «Өз таңдауың бойынша бір экономикалық аудан туралы шетелдік досыңа хат жазу».
Категория: География | Добавил: Aiz (2017-02-28)
Просмотров: 163 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2017-06-26, 6:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1522]
Школьный психолог [525]
История [736]
Опыт [511]
Научная кафедра [217]
Воспитание души [233]
Мастер-класс [220]
Семья и школа [178]
Компьютер-бум [255]
Английский язык [810]
Великие открытия [20]
Университет здоровья [129]
Математика [1197]
Химия [385]
Классному руководителю [657]
Биология [594]
Думаем, размышляем, спорим [95]
Казахский язык и литература [1809]
Краеведение [93]
Начальная школа [4019]
Беседы у самовара [16]
Мировая художественная культура [39]
Новые технологии в обучении [379]
Сельская школа [74]
Профильное обучение [71]
Демократизация и школа [24]
Физика [303]
Экология [184]
Дошколенок [1578]
Особые дети [288]
Общество семи муз [57]
Школа и искусство
Уроки музыки [641]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [465]
Мой Казахстан [234]
Школьный театр [71]
Внеклассные мероприятия [1199]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [88]
ИЗО и черчение [218]
Физическая культура [539]
Немецкий язык [52]
Технология [301]
Самопознание [406]
Профессиональное образование [110]
Школьная библиотека [81]
Летний лагерь [15]
Дополнительное образование [35]
Педагогические программы [10]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • /li>
  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru