Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

география пәнінен күрделілігі әртүрлі тапсырмалар жинағы
Күрделенген тапсырмалар жүйесі І тарау. Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері.
1.Салыстыру Материктік және мұхиттық қыртыстарын салыстыр.Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Литосфералық тақталардың қозғалысы және жер қыртысының пайда болуы тұрғыдан түсіндір.
2.Талдау жасап қорытындылауға арналған «Жер қыртысының құрылысы» картасын пайдаланып жанартаулар мен жер сілкінісі жоқ, жаңа қатпар облыстары жоқ материкті көрсетіңіз
3.Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған Таулардың жасаруы деген не? Көне платформалардың орнында бұрын биік таулары болғаны белгілі. Платформаларда жер сілкінісі, сөнбеген жанартаулар болмайды, платформаны құрайтын тау жыныстары қатпарға иілмеген. Рельефтің даму кезеңі аяқталғандай болады, бірақ сондай-ақАфриканың платформаларында сөнбеген жанартаулар бар, жер сілкіністері болады. Бұл факті ненің айғағы?
4.Географиялық объектілердің және құбылыстардың орналасуын анықтауға арналған. А) шөлдерде өзендер аз. Неге?
Ә) Жер шарында ірі жазықтардың таралуының себептері не?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру. Тропикалық шөл мен шөлейт сияқты ТТК тудыратын факторлар жер бетінде қайда басым болады?
6. Объектілерді топтастыруға арналған. А) Ұсынылған объектілерді топқа бөліңіз, әр топқа атау беріңіз: Лавразия, платформа, жазық, Солтүстік Америка, Гондвана, Австралия, Африка, жанартаулар, сейсмикалық белдеулер, таулар, үгілу.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды моделдеуге арналған А) Сіздің ойыңызша алыс болашақта Жер бетінде жаңа мұхиттар мен жаңа материктер қайда пайда болуы мүмкін?
8.Географиялық объектілерді болжауға арналған.
А) Ойланыңыз, Гибралтар бұғазының орнына құрлық көпірін салу қандай салдарға әкеледі?
Ә) Евразия мен Африканы бөлген Жерорта теңізі экватор аймағында пайда болды деп елестетіңіз. Бұл жаңа пайда болған материктердің климат пен рельефіне қалай әсер етер еді.
АФРИКА.
1. Салыстыру жүргізуге арналған Негеылғалды экваторлық орман тұрғындары- пигмейлерде саванна тұрғындары –кафрларға не бушмендерге қарағанда терісі ақшыл келеді? Бұл халықтардың сыртқы ерекшеліктерін салыстырыңыз.
2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .
А) көлдің тұздылығы оның ағып шығуына байланысты. Чад ағынсыз көл болса да неге суы тұщы болып келеді?
Ә) Африка үшін шөлдену, яғни шөл аудандарының ұлғаюы тән. Бұл қандай себептермен байланысты? Бұл құбылысты болдырмауға болады ма?
3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

1.Облыста қандай климат, егер ондағы өзендердің келесі ерекшеліктері болса?
а) қатпайды, қыста суы толады, жазда қатты тартылады;
б) қатпайды, тасиды;
в) жыл бойы суы мол және қатпайды;
г) мұхитқа ағыны жоқ, жазда кейде кеуіп қалады.
2. Келесі тұжырымдардан себеп-салдардың тізбегін құрастыр:
а) Чад көлі кеуіп қалады;
ә) Африкада шөлдердің ауданы өте үлкен;
б) Африканың солтүстігінде жауын-шашын мөлшері өте аз түседі;
4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау а)Шөл – Жер бетіндегі заңдылық па әлде қалыптан ауытқу ма?

ә) Африканың климаттық облыстарының пайда болуы мен орналасуында қандай негізгі атмосфераның айналым ерекшеліктері өзіндік көрініс тапқан?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.
Тура және кері байланысты орнату а) Табиғат зонасында топырақ түзілу жыл бойы өте белсенді жүреді, және қызыл-сары ферралитті топырақ түзіледі. Бұл зонаның өсімдік және өзендерінің ерекшеліктерін көрсетіңіз

6. Объектілерді топтастыруға арналған тапсырмалар. Ұсынылған Африканың объектілерін топқа бөліңіз группы, әр топқа атау беріңіз.
Шығыс – Африка таулы үстірті, Ливия шөлі, Намиб шөлі, Эфиопия таулы үстірті, Нигер, Атлас, Кап таулары, Сомали түбегі, Нил, Сахара, Танганьика көлі, Гвиней шығанағы.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу а)Егер Африка экваторды солтүстік бөлігінде, оңтүстік бөлігінде кесіп өткен жағдайда оның климаттық белдеулері қалай орналасар еді? Оны шамалап сызбамен көрсетіңіз.
ә) Қай жерде ең ылғалды климат, қай жерде құрғақ болар еді?
б) Шөлдер қайда болар еді, олардың ауданы қанша болар еді?
в) Африканың қай жағалауында жылы, қай жағында суық ағыстар болар еді?

8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану Өзен оңтүстіктен солтүстікке 6671 км ұзындыққа ағып жатыр, жоғарғы ағысында көптеген салалар қосылады, оның атырауы көне өркениет орны болған

9. Географиялық жағдаяттарды болжау. а) Саваннада жауын шашын мөлшері 4 есеге кемісе қандай экологиялық салдарға әкеп соғуы мүмкін, болжап көріңіз.
ә) Атлас таулары батыстан шығысқа жалпағынан созылып жатса не болар еді?
АВСТРАЛИЯ.
1. Салыстыру жүргізуге арналған а)Австралия мен Африканың ГО ұқсас және айырмашылық белгілерін атаңыз.
ә) Австралия мен Оңтүстік Африка субтропикалық белдеуінің табиғат зоналарын салыстырыңыз.
2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .
Климаттық белдеулер картасы бойынша Австралияның шығыс жағында қандай климат екенін анықтаңыз. Шығыс пен батыстың климатында қандай ортақ ұқсастық бар? Бұл территориялардың климатындағы айырмашылық неде?
3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған а) Материктің көлемі мен өзендері арасында қандай тәуелділік бар?
ә) Рельеф пен ішкі сулар арасында қандай тәуелділік бар?
б) Климат пен ішкі сулар арасында қандай тәуелділік бар??
4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау а) Австралия – мұздықтар мен жанартаулары жоқ жалғыз материк. Оны немен түсіндіресіз?
б) Австралияның таулары ескі екенін қалай түсіндіруге болады?
5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.
Тура және кері байланысты орнату а) Адамның шаруашылық әрекетінде географиялық қабықтың тұтастылық заңдылығын ескеру неге маңызды
ә) Қалай ойлайсыз, Австралияның рельефі салыстырмалы түрде қарапайым?

6. Объектілерді топтастыру Ұсынылған Австралия объектілерін топтастырыңыз; әр топқа атау беріңіз: Мурей, Дарлинг, Эйр, Құмды шөл, Виктория, Үлкен суайрық жотасы, Тасмания.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу Үлкен суайрық жотасы материктің батысында жатқанда Австралияның климаттық белдеулері мен облыстары қалай орналасатынын шамалап сызба түрінде көрсетіңіз; материктің солтүстігінде?
8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану Үстірт үгілуге қатты ұшыраған, бұзылу өнімдерімен көмілген. Кейбір жерлерде көне кристалл тау жыныстары – қалқандар шығып жатыр, соның бір шегінде Макдоннелл таулары орналасқан. Қалқандардың биіктігі от 800 до 900 метр аралығында. Үстірттің орталық бөлігінде шөл орналасқан. Қандай?
9. Географиялық жағдаяттарды болжау. Австралияның климаты қандай болар еді, егерде ол Антарктидамен дерлік қосылған болса?
Антарктида
1. Салыстыру жүргізуге арналған.
а) Антарктидалық шөлдердің ерекшелігі неде? Оларды Африка шөлдерімен салыстырыңыз. Қайсысы шөлді және неліктен?
б) Антарктида оазистерінің Африканың тропикалық шөл оазистерінен несімен айрықшаланады?
2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .
Карта аңызын зерделеңіз, Антарктида мұз жамылғысының табанын, яғни платформаның бетін, теңіз деңгейінен жоғары және төмен жатқан орындарын анықтаңыз. Картадағы ғылыми станцияларды тауып, материкке қатысты олардың орнын анықтау керек.
3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған Антарктидада мұз күмбезінің болуы рельеф пен жануарлар әлеміне әсер етеді.Мұздықтардың табиғат кешенінің әртүрлі компоненттеріне әсер етуіне мысал келтір. Неге мұздық климатпен тура және кері байланыста болады?
4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтауға арналған. а) Антарктидада жоғары сатылы өсімдіктер жоқтың қасы. Бұндай жағдайда жануарлар немен қоректенеді?
ә) Антарктиданы таза ауаның эталоны деп неге атайды?
5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.
Тура және кері байланысты орнату Арктикалық және антарктикалық климаттық белдеулерді салыстырыңыз. Ұқсастықтары неде, себептері қандай?Айырмашылықтары неде? Олар қандай себептерге байланысты. Бұл себептер қандай факторлар тобына жатады?
6. Объектілерді топтастыру Ұсынылған объектілерін топтастырыңыз; әр топқа атау беріңіз: Эребус, Росса, Восток, Молодежная, теңіз арыстаны, Адели, альбатрос, Шмидт жазығы, Новолазаревск, Берд жазығы.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу Антарктиданың рельефі тегіс жазық болған жағдайда мұз жамылғысының биіктігі өзгерер ме еді?
8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану Материктің көп бөлігінің негізінде, оның шығыс жартысында көне тақта жатыр. Бұл материкте Жердегі судың 80% шоғырланған.
9. Географиялық жағдаяттарды болжау. Антарктидада пайдалы қазбаларды игеру материктің экологиялық жағдайына әсер етер ме еді.
Оңтүстік Америка
1. Салыстыру жүргізуге арналған Қайда шөлдер үлкен ауданды алып жатыр, Австралияда ма әлде Оңтүстік Америкада ма, қайда аз және неліктен?
2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .
Климаттық белдеулер мен облыстар картасы бойынша материктің тропикалық климаттық белдеулердің шығысы мен батысында қандай климат түзілетінің анықта. Бұл территориялардың батысы мен шығысындағы климатында қандай ортақ белгілері бар?
3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған Материктің даму тарихы және жағалау сызығының кескіні арасында қандай тәуелділік бар? Қазіргі кезде бұл материктердің рельефінде өзгерістер болып жатыр ма?
4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау Оңтүстік Америка жер бедерінің жер қыртысы құрылысынан тәуелділігі неден байқалады? Австралия мен Оңтүстік Америка жер бедерінің айырмашылығы неде? Ол немен түсіндіріледі?
Чилидің жағалауының батыс аудандарында қандай литосфералық тақталар соқтығысады? Бұның салдарынан не түзіледі?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.
Тура және кері байланысты орнату Солтүстік пен оңтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеулерін салыстыр. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Олар қандай себептерге байланысты? Бұл себептер қандай факторлар тобына жатады?
6. Объектілерді топтастыру ҰсынылғанОңтүстік Американың объектілерін топтастырыңыз; Әр топқа атау беріңіз: Анды, Амазонка, Амазония, Оринока, Ла – Плата, Аконкагуа, Бразилия, Гвиан, Ориноко, Бразилия, Гвинея, Колумбия, майя, ацтектер.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу Анды таулары шығыс жағалауда орналасқан жағдайда Оңтүстік Американың климаты қандай болар еді?
8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану Құрлықтағы ең ұзын тау тізбегін құрайды, олардың жоталары бірде айырылады, бірде қосылады және өте биік шыңдарымен таулы торап құрайды, олардың ішінде сөнген және сөнбеген жанартаулар көп.

Тыныш қойнауларда және жылғаларда қалқыған жапырағының диаметрі 2 метрге дейін жететін Виктория регия құмырасы өседі
9. Географиялық жағдаяттарды болжау. Амазония ормандарында трансамазония жолдарының салынуы сияқты адамның шаруашылық әрекеті оның табиғатына қалай әсер етеді? Амазония ормандарын кесу қандай қабықтарға әсер етеді?
Солтүстік Америка.
1. Салыстыру жүргізуге арналған Морфомүсінді рельефтің қандай түрлерін білесіз? Олардың қайсылары Жерде көбірек тараған? Солтүстік және Оңтүстік Американың морфомүсіндерін салыстырыңыз.Олардың айырмашылық себептерін атаңыз.
2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .
Материктің солтүстік және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналары бірін бірі қай бағытта ауыстырады? Ол немен анықталады? Кордильердің жағалау жоталары түзілу уақыты бойынша ең жасы, бірақ ең биігі емес. Таулардың биіктігі мен түзілу уақыты арасындағы сәйкессіздік немен түсіндіріледі?
3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Материктің солтүстігі Солтүстік Мұзды мұхит суларымен шайылып және мұхиттан ылғалды ауа келуі тиіс секілді. Бірақ ол жақта жауын-шашын Кордильердің ішкі таулы үстіртінен де аз түседі. Ол немен байланысты?

материктің көлемімен өзендері арасында қандай тәуелділік бар? Бұл тәуелділік Солтүстік Америкада қалай байқалады?
4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау Солтүстік Америка жер бедерінің жер қыртысы құрылысынан тәуелділігі неден байқалады? Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка жер бедерінің айырмашылығы неде? Ұқсастықтары бар ма? Ол немен түсіндіріледі?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.
Тура және кері байланысты орнату Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың тропикалық белдеулерін салыстырыңыз. Қандай ұқсастықтары бар? Ұқсастықтың себебі неде? Бұл себептер ТТК түзілу факторларының қандай тобына жатады?
6. Объектілерді топтастыру Ұсынылған Солтүстік Американың объектілерін топтастырыңыз: Калифорния, Гудзон, Флорида, Колорадо, Лабрадор, Орталық, Ұлы, Ниагара, Миссури, Эри, Онтарио.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу Кордильер мен Аппалач таулары орындарымен ауысқан жағдайда Солтүстік Американың табиғат зоналарын сызба түрінде шамалап қалай орналасатынын көрсетіңіз. Жағдаятты және құбылыстарды моделдеуге сұрақтарды құрастырыңыз және оларға жауап беріңіз.
8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану Таулар адам айтқысыз әдемі. Олар каньондармен – терең өзен аңғарлармен тілемделген.
Жердегі ең ұзын өзендердің бірі және континенттің ең суы мол өзен.
Өзен әктастардан құрылған төбелі үстіртті кесіп өтіп көлдерді қосқан.
9. Географиялық жағдаяттарды болжау. Солтүстік Американың қандай аудандары адамның өміріне және шаруашылық әрекетіне аса қолайлы? Өз болжауыңызды халықтың тығыздық картасымен салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз.
Апалач таулары Кордильер сияқты биік болғанда табиғат зоналары қалай өзгерер еді?
Е В Р А З И Я
1. Салыстыру жүргізуге арналған. Солтүстік Америка мен Евразия, Евразия мен Оңтүстік Американың қоңыржай климаттық белдеулерін салыстырыңыз.
2. Талдау жасап қорытындылауға арналған .
климаттық белдеулер картасы бойыншақоңыржай және субтропиктік климаттық белдеулерінің шығыс жағында, сондай-ақ Еуразияның оңтүстігінде қандай климат қалыптасатынын анықта.
Бұл территориялардағы қаңтар мен шілде айындағы желдің бағытын анықта
Желдердің маусымдық өзгерісі немен түсіндіріледі?
Еуразияның оңтүстік пен шығыстың (қоңыржай мен субтропиктік белдеулердің) климатында қандай ұқсастық бар .
Бұл территориялардың климатының айырмашылығы неде?
3. Себеп-салдарды іздеуге және ашуға арналған

Материктің мына ерекшеліктеріне қарап климаттың ерекшеліктерін анықтаңыз:
1. Евразия солтүстіктен оңтүстікке үлкен ұзындыққа созылып жатыр.
2. Евразия батыстан шығысқа үлкен ұзындыққа созылып жатыр.
3. Гималаи және басқа тауларматериктің ішкі жағынамуссондардың кіруіне жолына бөгет болады.
4. Қыста материк бетінің көп бөлігі қатты суиды.
5. Евразияның аралдар бөлігі оңтүстікте және экватордың маңында орналасқан.
Келесі климат ерекшеліктерінің салдарын анықтаңыз:
1. Евразии көп бөлігі қоңыржай белдеуде жатыр.
2. Жерортатеңіздік климат облыстарында жазда тропиктік, ал қыста теңіздік, қоңыржай ауа массасы басым.
3. Тропиктік белдеуде үнемі құрғақ тропиктік ауа басым
Өзендердің қандай ерекшеліктері келесі себептермен байланысты. ( яғни,көрсетілген себептерден болатын салдарды анықтаңыз):
1. Материктің үлкен көлемі.
2. Материктің орта бөлігінде ірі тау сілемдері орналасқан
3. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері негізінен субарктикалық белдеуде және қоңыржай белдеудің континенттік климат облысында ағып өтеді.
Ішкі сулардың келесі ерекшеліктерінің себептерін анықтаңыз:
1. Үлкен облысты ішкі ағын алабы алып жатыр.
2. Байкал көлі– жер шарындағы ең терең көл.
3. Хуанхе өзенінің суы өте лайлы.
4. Географиялық объектілер мен құбылыстардың таралу заңдылықтарын анықтау Географиялық ендікке климаттың тәуелділігін ескере отырып Евразияда қаңтар айының ең төменгі температурасы қайда байқалуы тиіс деген болжам жасаңыз.
Өзінің болжамыңды климаттық карта бойынша тексер. Қорытынды жаса.
Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі суы неге тұщы, ал шығысында тұзды?

5. Генезисі бойынша байланысты топтастыру.
Тура және кері байланысты орнату 1. Неге Батыс – Сібір жазығында, сондай-ақ Тигр мен Ефрат өзендерінің төменгі және орта ағысы аудандарында мұнай мен табиғи газ қабаттары орналасқан?
2. Евразия жер бедерінің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Тайга зонасындағы маусымдық өзгерістер немен байланысты?
Саванна және сирек орман зонасында немен байланысты?
6. Объектілерді топтастыру Ұсынылған Евразияның объектілерін топтастырыңыз, әр топқа атау беріңіз: Кавказ, Волга, Сена, Рим, Қытай, Гималаи, Тигр, Обь, Альпы, Днепр, Апенин, Арабия, Каспий, Байкал, Сахалин, Жаңа Жер.
7. Географиялық жағдаяттарды және құбылыстарды модельдеу Орал таулары 5000 м –ден биік, ал Гималаи мен Тибет 2000 м-ден төмен болғанда климат қалай өзгерер еді ? Таулардан бастау алатын өзендер қандай болар еді?
8. Белгілері бойынша құбылыстар мен объектілерді тану Бұл қандай климат: қысы жылы, жазы ыстық емес. Күллі аспан аясында бұлттар баяу әрі үздіксіз жылжиды, олардың боз-қорғасынды түсі, олардың шексіз қатары келе жатқан жауын туралы ой шақырады.Теңіз бен өзендер, қаныққан дымқыл жер беттерінен үздіксіз бу көтеріледі. Ауа ашық күндердің өзінде ауа ылғалды.
9. Географиялық жағдаяттарды болжау. Гималаи және Тибет таулары2000 м төмен болған жағдайда климат қалай өзгерер еді? Таулардан бастау алатын өзендерге не болар еді?
Категория: География | Добавил: ainurrbolatovna (2020-10-23) | Автор: Жантемирова Айнур Болатовна E
Просмотров: 419 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 4:21 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru