Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Пәндерде экологиялық компоненттерді қолдану
Тақырыбы: Пәндерде экологиялық компоненттерді қолдану
Орындаған: Разина Құралай Мұратқызы
№ 8 мектеп кешені. Семей қаласы 2011 ж.

Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, түзелуіне мыңдаған жылдар кететін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыруда.
Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, кейбір ғажайып көлік түрлері ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда, «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы керек» деп көрсетілген Елбасының халыққа жолдауында. Өйткені экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның биологиялық – генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан адам денсаулығына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы әрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру мектептің басты міндеті. Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде 1999 жылы экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. Оның негізгі мақсаты – көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білм беру;
- жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Мектептегі пәндерді экологияландыру дегеніміз – мектеп табалдырығынан аттаған жасөспірімге сыныптар деңгейінде берілетін барлық пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру. Олар мазмұнына қарай: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, жартылыстану пәндері, тіл-әдебиет және өнер саласындағы пәндер болып топталады.
Гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардың жалпы заңдылықтарымен таныса отырып, олардың біртұтастылығы туралы экологиялық көзқарас қалыптастыру.
Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы болуы тиіс. Әсіресе, география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану, химия, физика, тағы басқа пәндердің негізгі идеясы мен мазмұны үздіксіз экологиялық білім берудің біртұтас жұйесі негізінде қалыптасу тиіс.
Филологиялық пәндер саласында көркем әдебиет, шығармашылық, поэзия, жыр мен өлеңдер, тағы басқа творчествалық туындылар оқушылырға экологиялық тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Бұл тұрғыда Ыбырай, Абай, Мұхтар, Ілияс, Олжас, Мұқағали, Қадыр, Мұхтар Шаханов, тағы басқа педагог, ақын жазушылардың еңбектерін талдап, ондағы экологиялық сана-сезіміне туған өлкесінің сұлулығын ұялату арқылы тәрбие беру өте ұтымды болар еді.
Көркем сурет пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мөлдір бұлағы дер едік. Себебі, шебер салған сұлу табиғат көрінісі, көгілдір аспан, аққудың пәк мүсіні, гүлдің сан құбылған түр түсі оқушының жан-сезімін тербете отырып, оған деген аяушылық сезімін оятары сөзсіз. Сондықтан, пәндерді экологияландыру әрбір пән мұғалімінің экологиялық білім деңгейіне, парасаттылығына, ұстаздық шеберлігіне байланысты екені белгілі.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында « Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген. Сол себепті, қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Халқымыздың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов туған халқының табиғатпен қарым-қатынасындағы әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: «Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар екен»? – дей келе,қазақтар киелілігіне үлкен мән берді. Ал, Абай өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс-тіршілігін бір-бірінен ажырамайтынын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады. Сол сияқты 18-ші қара сөзінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлері мен табиғат заңдылығын пайымдай алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың бар байлығы адам баласына азық болып отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз» - деп өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге шақырады.
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалана білуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. География және табиғат 2004 №6 Дүйсенбаева Н. Адам мен табиғат экологиясы. 56-57 б.
2. Атамекен 2005 10 Қыркүйек М. Ибраев, Әлемдегі ең ашық шашық полигон 2 б.
3. Дидар 2006 11сәуір Табиғатқа таяныш болу міндетіміз.
4. Егемен Қазақстан 12.05.2007. Ж. Аланов
Категория: География | Добавил: Gauka___ (2012-02-02) | Автор: Разина Құралай Мұратқызы E
Просмотров: 2122 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-15, 8:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru