Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

Мемлекетіміз- мақтанышымыз!
Асылбекова Баян Мухаметбековна
Назарбаев интеллектуальная школа
физико-математического направления

Әлемнің саяси картасына көз тастасақ, шекарасы белгіленген, астанасы айқындалған екі жүзге тарта мемлекетті көреміз. Бұлардың бәрі – бекітілген мемлекеттік рәміздері, мемлекеттік тілі, ұстанған өзіндік бағыт-бағдары бар тәуелсіз елдер. Соның бірі-менің елім Қазақстан. Әлі күнге бостандыққа қол жеткізе алмай, жат жұрттың жетегінде жүрген халықтар де жетіп артылады.Отар болған елдердің көпшілігі әлемді дүр сілкіндірген бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кезде, ол аяқталар тұста бостандық алып жеке шықты. Енді біразы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, көптеген елдер жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары егемендік тізгінін қолдарына алды. Қазақ елі тәуелсіздікке кейіннен ғана, Кеңестер Одағы ыдырағанда, яғни 1991 жылы ғана қол жеткізді.
Біз ұзына бойы тарихымызда небір қиындықтарды басымыздан кешірген, сұрапыл соғыстарды да, қанды жорықтарды да өткерген, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре де білген елміз.Қазақтың тауқыметті соншама көп кешкен, тағдыры аянышты, езіліп-егілген, тарығып- зарыққан, ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаздаған кезеңі- Ресейге бодан болған соңғы үш ғасырдың еншісінде. Әсіресе, Кеңес Одағы кезінде халқымыздың үштен бірі ашаршылықтың құрбаны болды, кеңес басшылығының саяси идеологиялық отаршылдық жымысқы әрекеттерінің нәтижесінде қазақ ұлты тарихи тамырынан ажырап, тілінен, ділінен, дінінен айрылып мәңгүрттенді.
Алайда, қазақ халқы отаршылардың бұғауына мойынұсынғысы келмей, бостандық үшін ұлт-азаттық күресін бір сәт тоқтатқан жоқ. Кең байтақ даланың әр түкпірінде көтерілістер үздіксіз болып тұрды. Сырым батыр, Исатай- Махамбет, Кенесары хан, Амангелді батыр бастаған көтерілістер жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Ең соңғысы Алматыдағы (басқа қалаларда да) қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі деуге болады. Тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күрескен, қан төккен қазақ халқы тек қарнымыз тоқ болсын, материалдық жағдайымызды жақсартайық деген жоқ, рухымыз азат, өзгелермен терезесі тең ел болсақ деп армандады. Әйтпесе, тұрмыстық тұрғыдан алғанда қазақ халқы отаршыл Одақ кезінде де жаман тұрды дей алмаймыз. Әсіресе, ауылдың тұрмыс жағдайы қазіргіден төмен болды деуге келе қоймас. Тәуелсіздік мақсаты тарихи санамызды жаңғырту, салтымыз бен дінімізге оралу, өзіндік болмысымызбен әлемдегі орнымызды алу, мемлекеттік мәртебе алған тілімізді өміріміздің барлық салаларына іс жүзінде енгізу болып табылады.
«Ештен кеш жақсы» деген сөз бар қазақта. Кеш болса да, алла көз жасымызды көріп, тілегімізді беріп, басымыздан бақ тайған зар заман артта қалып, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Жас мемлекет ел президенті Н. Назарбаевтың басшылығымен өзінің саяси-экономикалық ұстанымын анықтап, өз болашағының басты бағыттарына бағдарлама жасап, іске асыру үстінде. Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде атқарылған істер, қол жеткізген табыстар аз емес. Тоқсаныншы жылдардағы қиындықтарға қарамастан Елбасының ұйғарымымен астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Аз ғана уақыт ішінде Еуразия кіндігінде мүлдем жаңа сипаттағы заманауи қала¬- Астана пайда болды. Биылғы жылы желтоқсан айында Қазақстанның төрағалық етуімен өткен ЕҚЫҰ басшыларының Саммиті «Астана декларациясын» қабылдап, әлемге қазақ пассионарлығын паш етті. Астана ұлт бойындағы жасампаз ұлы дүмпудің айғағына айналды.Осы жылдар ішінде шекара заңдастырылып, бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан Орта Азиядағы, тіпті, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарлы елге айналды. Жүздеген тарихи тұлғалардың аруағы ұлықталып, халқымен қайта қауышты. Қиын-қыстау заманда жер бетіне шашырап кеткен қазақтармен бірге мәдени мұраларымыз жинала бастады. Елбасының бастамасымен Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы, сыртқы саясаттағы барлық елдермен тең дәрежелі байланысқа негізделген көпвекторлылық бағыт елімізге деген басқа елдердің сенімін нығайтып, инвестицияны көптеп тартуға оң ықпалын тигізуде. Ұлтаралық татулық пен тұрақтылық, елімізде тұратын ұлт диаспоралары мен діни конфессиялардың бір-біріне төзімділік пен түсіністік тұрғысынан қарау туралы Елбасының ұстанымы еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығының басты қағидасына айналды.
Қаламыздың басты көшелерінің бірінде көрнекті жерде ілінген ұлы жазушы М.Әуезовтың: «Адам мен адамды, халық пен халықты теңестіретін- білім» деген дана нақылы біздің елімізде жүзеге асырыла бастағаны болашағымызға сеніммен қарауға мүмкіндік берері анық. Расында да, бізде білім алуға, халқымызды білімі озық елдер қатарына қосуға арналған ауқымды шаралар іске асырылып жатқанын көріп жүрміз. Жоғарғы оқу орындарына бөлінетін гранттардың жыл сайын көбеюі, білім беру саласына алдыңғы қатарлы елдердің жетістіктерін енгізу, жастардың әлемнің үздік оқу орындарынан білім алуына мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы, бірнеше қалалардан ашылған бірінші Президент атындағы инновациялық мектептер мен жаңа сипаттағы Назарбаев Университеті, білім беру саласының ғылыми техникалық базасын үнемі жетілдіру сияқты шаралар еліміздің, Елбасының осы салаға айырықша назар аударып отырғанының айғағы. Қол жеткен жетістіктер бар болғанымен, алдыңғы қатарлы елдердің қатарына жету жолындағы атқарылатын іс, қиыншылықтар мен шешімі қиын проблемалар одан да көп.
Мен тәуелсіз елде өстім, мектепте тегін білім алдым. Колледжде, институтта грант иегері болып, өзім ұнатқан мамандықты игердім.Қазір еліміздегі таңдаулы мектепте сүйікті жұмысыммен айналысуға мүмкіндік алдым. Бұл - менің туған елім, өз Отаным, Қазақстаным. Елбасы бір сөзінде: «әрбір азамат өзіне Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін деген сұрақ қоюы керек» деген еді. Білім беру саласында еңбек етуге енді кіріскен мен де өзіме осы сауалды қоюға тиістімін. Ғасырлар бойы тәуелсіздік аңсаған ата- бабаларымыздың арман- аманаты бізге үлкен міндеттер жүктейді, әлем елдері арасында қазақ жұртының алдыңғы қатардан лайықты орнын табуға ұмтылған ұлы мақсаттары жолында аянбай тер төгіуімізді қажет етеді. Біздің ұстаз ретінде осы игі мақсаттарға қосар үлесіміз айқын, ол- жүрегінде иманы бар, мәдениетті, отансүйгіш азаматты, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маманды даярлап шығу.

Категория: Мой Казахстан | Добавил: asylbekbayan (2011-05-22) | Автор: Асылбекова Баян Мухаметбековна E
Просмотров: 1790 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru