Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

cтатья
Кенжетаева С.А
АҚ «Қаржы академиясы колледжі»

Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайык

Тәуелсіздік... Халқымыздың осынау тәтті ұғымның шарапатын сезінгелі, азаттықтың арайлы ақ таңының аясында дамудың даңғыл жолына түсіп, даңқы төрткүл дүниеге тараған еліміздің берекелі тірлігінің куәсі болғалы 19 жыл өтті. Алайда, мұндай бақытты сәтпен қауышу жолы талай ғасырлық арманмен өлшеніп, Көк туымызды құшу бізге оңай болмағаны тарихтан белгілі. Бұл жолда Алашымыздың қаншама ардақты ұл-қыздары жанын пида етті. Сондықтан да, бүгінгі бейбіт өмірдің ұрпағы тәуелсіздікті айрықша құрметпен қарсы алуға тиіс. Еліміз үшін Тәуелсіздіктен ұлық мереке жоқ.
Адамзаттың жылдар бойы даму тарихында жер үшін, тәуелсіздік үшін болған қантөгіс соғыстар көп болды. Соның нәтижесінде талай мемлекекеттің аумағында әлем картасына түзетулер енгені белгілі. XX ғасырдың соңында әлем картасы тағыда өзгеріске түсті. Оған алып империя ҚСРО-ның күйреуі себеп болды, осы қираған жұртта тәуелсіз жаңа 15 мемлекет орнады.
Осы қуанышты күнге жету үшін талай қиындыктарды бастан кешірдік. Солардың бірі Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Қазақстан Республикасы Қазақстан компартиясының орталық комитетінің V пленумында соншама қысқа, бар болғаны 18 минуттың ішінде Д.А. Қонаевты орнынан алу мәселесі шешіліп, оның орнына бұрын-сонды Қазақстанда қызмет атқармаған және республика тұрғындарының көпшілігіне беймәлім Г.В. Колбин сайланды. Орталықтың бұндай басшылығын қазақ халқы 1927-1937 жылдары елбасына бұратана елдің адамын басшылыққа алып келсе қалай болатының және қандай күйді басымыздан өткізіп, барымыздан айырылғанымыз ұмытылмаған еді.
1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек республиканың басқа да қалаларын қамтыды. 1986 жылы 16 желтоқсандағы тәуелсіздік үшін өздерінің жас өмірлерін «Еркек тоқты құрбандық» деп қиған Қайрат ұлдарын, Ләззат сынды қыздарымыз, қаншама жазықсыз жапа шегіп, өмірлерін қиған ұл-қыздарын сот жылдарды құрбан болған жастарды жиі еске алып, арамызда жүргендерге, рахмет десек артық болмас еді.
Желтоқсан оқиғасы әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын,құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағат болды.
Елімізде жыл сайын 16 –шы желтоқсан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан, тоталитарлық режимге қарсы тұрған демократия орнатушы күштердін күні ретінде аталып өтуде. Желтоқсан оқиғасы Кеңес одағының іргетасын шайқалтып, ерекше бір өзгеріске серпіндік жасады. Яғни қалғып қалың ұйқыға кетіп бара жатқан халықты оятқандай болды. Сол күндерде еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының басшылар, оқытушылары, мен студенттер, жұмысшылар құрлысшылар әртүрлі қудалауға ұшырап, жазықсыз жала жабылды.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды.
Желтоқсандағы жастардың наразылығы-саяси көзқарас деп айтуға келмейді. Бірақ,орталықтың басшыларына білдірген қарсылық және де тоталитаризімге қарсы үн қату болып табылады.Осы бір желтоқсанның ызғарлы желі талай
халықтың санасы мен намысын оятты,қазақ халқы ғасырлар бойы күресіп келе жатқан тәуелсіздікке жол ашты деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасының өзін егемендi және тәуелсіз ел ретінде жариялауының тарихи негізі Қазақ ССР Жоғарғы Советімен 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация жөнiнде» Қаулысы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданған сәттен басталады.
Тәуелсіздіктің арқасында 1991 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін жазықсыз сотталғандарды ақтау туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Біз мыңжылдықтар тоғысында ба¬балар аңсарын шындыққа айнал¬дырып, тәуелсіз мемлекет құрдық.
Бүгінде қазақстандықтар Ата Заңы орныққан, шекарасы айқындалып бекіген, көк байрағы желбіреген, төл теңгесі шыққан, Әнұраны шарықтаған тәуелсіз елін мақтаныш етеді. Өйткені, мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени-әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүниежүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан-1992 жылғы 2наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар. Қазақстан дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке, т.б. ұйымдарға әріптес болуы сыртқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр.
Кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер көксеген, Абылай хан ар¬ман¬даған, Абай тілеген абат күнге же¬тіп, барша қазақтың басы бірік¬ті. Осылайша еншісі бөлінбеген біртұтас елдікке қол жеткіздік.
Осы ретте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі-Қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр»-деген сөзі азаматтығымыздың қадыр-қасиетін көрсеткендей. Қазақ елі бір тудың астына жиылып, біртұтас ел болуды армандаған казақ елінің ұлы ұлдары Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Әлейхаң Бөкейхановтар және тағы басқалар бар еді. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман тілегі аспай қалғанымен, ұлттық сананы оятуда қазақ тарихында рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің болуы мен өркениеті ел қатарына қосылуын қалады.
Қазақ халқы не көрмеді? Өткен ғасырдың басында саны 1,5 млн-дай Қытай, Ауғанстан, Түркия шекара асты. 1928-1955 жылдары зиялылар репрессияға ұшырады. Қазақтың саны үш есеге дейін кеміп, 1 млн-ға дейін азайды. Ұлы Отан Соғысы жылдары 700 мыңдай адам өз еліне оралмады.
Бұрынғы өткен заманда бабамыз Абылай армандаған қазақтың сарыарқадай сайын даласының Есіл жағасына ел қондырсам деп еді, елімді – жерімді біртұтас жүз жүзге бөлінбейтін мемлекетке айналдырсам деген арманы, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүз жүзге бөліндірмек тұрмақ, 130-дан астам ұлтты ұйыған айрандай бірлікпен жүзеге асырып, мемлекетімізді бейбітшілікте басқарып отыр.
Қазақстан биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша, бүкіл түркі тілдес елдер мен мұсылман әлемі арасынан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болды. Бұл міндетті Қазақстан мемлекеті абыроймен атқарды. Беделді халықаралық ұйымының Саммиті Астанада өтті. Қазақ елі бұрын-соңды мұндай биікке жеткен емес. Бұл – сөз жоқ, еліміздің ұлттық абыройы, елімізді жарқын болашаққа бастап келе жатқан Елбасымыздың тарихи жетістігі, еліміздің жаңа тарихындағы жаңа кезеңнің басталуы. Бұл кез келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі.
Бүгінгі қасиетті мереке күні біз ұлт пен ел тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы күрескен ата-бабаларымыздың, боздақтарымыздың рухына бас иеміз
Бұл «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді.
Ата-бабамыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің құнын ұмытпайық. Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымен қыршын жастар рухы
әрдайым қолдап жүрсін демекпін.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Sandugash (2012-01-26) | Автор: санндугаш
Просмотров: 1347 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 8:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru