Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Менің Отаным Қазақстан
Тақырыбы: «Отаным менің -Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін толықтырып, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық:
Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:
Елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар бойында патриоттық
сезімдерін ояту.
Ойын барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!
«Отаным менің-Қазақстан» интеллектуалды ойынына қош келіпсіздер!
Алдымен, ойын шарттарымен таныстырайын.
Ойын 6 кезеңнен тұрады.
1. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”
2. “Самғау” «Шарықтау»
3. “Тұлғаны таны”
4. “Тарихи криптограмма”

5.“Кім тез”

6. Пікірталас
І кезең“Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” деп аталады.үш топқа сұрақтар беріледі.Әр дұрыс сұрақ І ұпаймен бағаланады
 І топ«Алғашқы адамдар»
1 – Қазақстанда алғашқы адамдар қашан пайда болған. (Мұнан 1 млн. жыл бұрын)
2 – Алғашқы адамдар өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық құрылыс.(Алғашқы қауымдық құрылыс)
3 – Тарих ғылымында ежелгі тас ғасыры қалай аталады? (палеолит)
4 – Қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалай аталды? (Саналы адам, кроманьдық)
5 – Алғашқы адамдар табиғаттың дайын өнімдерін теріп, азық етті. Бұл кәсіп қалай аталды? (терімшілік)
6– Алғашқы адамдардың даму сатысын ата. («Епті адам», «Тік жүретін адам», «Саналы адам»)
7– Алғашқы адамдар қандай еңбек құралдарын пайдаланды? (үшкір таяқ, тас кескіш, қырғыш, шапқы, т.б.)
8 – Тарихта қай дәуір ұзаққа созылды? (тас дәуір)
ІІ топ Қазақ хандығы
1 – Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466 ж.)
3 – Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымын ата. (ауыл – ата-аймақ – ру– арыс–ұлыс–жүз–хандық)
12 – «Ханталапай» қандай дәстүр? (Хан сайлағанда малын бөліп алу дәстүрі)
14 – «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке)
16 – Жоңғарларға соққы беріп, мемлекет ретінде тарих сахнасынан жойылуында үлес қосқан хан. (Абылай)
18 – Хан болып сайлану талаптары (шонжар-сұлтандар,Шыңғыс ұрпақтары)
20 – Қай ханның тұсында қазақ жері кеңейіп, қазақ мемлекеті өрледі? (Қасым)
23 – ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығында мал бағудың қандай жүйесін пайдаланды? (қыстау, күздеу, жайлау, көктеу)
Ұлы Отан соғысы
1 – Фашистік Германияның КСРО-ға шабуыл жасау мақстаы қандай? (КСРО-ны бөлшектеп, өзіне бағындыру)
2– Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай отар елдің құрамына кіруге тиіс болды. (Үлкен Түркістан)
3 – Ж.Жабаев Ленинградтықтарға арнап қандай жырын жазды? Қай жылы ( 1941ж «Ленинградтық өренім» жыры)
4 – Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық аттанды?
(1 млн. 200 мың)
5 Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алған кім? Ж.Елеусізов.
 6 –– Каспий өңіріне соғыс жағдайы қай жылы енгізілді? 1942ж
7 – «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деген жалын сөздер айтқан саяси жетекші? (Клочков)
8 – Ленинград үшін шайқаста кеудесін оққа төсеген қазақстандық батыр кім? (С.Баймағанбет)
9 – Неміс фашистері КСРО-ға неше бағытта шабуыл жасады? (3 бағытта)
 10 Мәлік Габдуллинге қай шайқасқа қатысқаны үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды? Мәскеу үшін шайқас.

ІІ кезең Самғау: ұпайы көп топ бастайды.
Жауап 10 ұпаймен бағаланады.Қосымша көмек берілсе, ұпайдың жарты саны азайады/.
1.суретті сұрақ: Бұл қаланың іргетасы Х ғасырда қаланды.
Мұнда Қасым хан жерленген. Бұл қай қала? Сарайшық
2Сұрақ Бұл қала 1219 ж. қиратылды..Бұл қаланың жұртынан шығыс моншасы табылды. Керемет кітапханасы болған.
Бұл қай қала? Отырар
ІІ сұрақ Бұл тарихи тұлға кім? Бұл тарихи тұлға (1866-1937жж) аралығында өмір сүрген.
 1894 ж. Петербург орман шаруашылығы институтын бітірген. Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған.
 1897-1903 жж.Дала генерал –губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған. Ә. Бөкейханов
ІІІ сұрақ Бұл тарихи тұлға кім?
 1890 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Ташкент гимназиясын, Петербург университетінің заң факультетін тәмамдаған.Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген.Кеңес үкіметі қудалауы нәтижесінде Түркия, Грузия, Франция жерлерінде эмиграцияда болған. 1940 ж.неміс фашистерінің қолына түсті.1941 ж. Түркістан легионында болған кезінде Берлинде қайтыс болды.
Жауабы: Мұстафа Шоқай
ІҮ сұрақ Бұл тарихи тұлға кім?
Шығыс Түркістанда Орта Азияны зерттеген ойшыл, кемеңгер ғалым.
 1853 ж. оқуды бітіріп, корнет офицерлік атаған алып, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы жанында Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарған.
Жауабы:Ш.Уәлиханов
Келесі кезең « Шарықтау»
І топ 1643 жылы Жоңғарлар мен Қазақтардың арасында болған ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалған шайқас? Орбұлақ шайқасы
ІІ топ Ұлы Отан соғысында Еділдің бойындағы бұл қала «Шығыстың кілті» деп аталды. Бұл қала бағытындағы шабуылдау және қорғаныс шайқастарына Қазақстан жерінде жасақталған 72-ші және 73-ші гвардиялық дивизиялар қатысты. Сталинград қаласы
Ітоп КОКП Орталық Пленумы қабылдаған бұл қаулыдан соң республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бұл кезде қазақ халқы тағы да өзіне тән қонақжайлылық, интернационалдық бауырмалдық мінезін таныта білді. КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады.
Қазақстанға елеулі өзгерістер әкелген бұл қандай оқиға? Тың игеру
ІІ топ Бұл ұйымға кіретін елдердің жалпы аумағы Жер шарының Еуразия бөлігінің бестен үш бөлігін, тұрғындар үлесі дүние жүзі халқының төрттен бірін құрайды. Сондықтан бұл елдердің ынтымақтастығы мен өңірлік саясат жүргізудегі бағыттарының осы елдер үшін ғана емес, сонымен қатар жер жүзі халқының тағдыры үшін де маңызды.
Бұл қандай ұйым? Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
І топ Қазақ шаруалары қатысқан бұл көтерілістен соң патша әкімшілігі Жайық өзенінің атауын Орал деп өзгертті Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
ІІ топ ХХ ғасырдың ортасында басталған, қазақ халқына үлкен қасірет алып келген нәубет. Семей полигоны
Келесі кезең «Тұлғаны таны»
Әз Тәуке қайтыс болғаннан кейін таққа таласып, ел бірлігін бұзған төрелердің теріс әрекетін пайдаланған Жоңғарлардың 1723 жылы жойқын шабуылынан кейін «Ақтабан шұбырынды» болып, тоз-тоз болған елді құрып кетуден сақтап қалған, Түркістанның билеушісі Абылай қаланы тастай қашқанда бұл батыр «аруақтап» жүріп, алғашқы халық жасағын құрған еді. Үш жүздің ел ағалары оның осы қасиетін танып, қарадан шықса да 1724 жылы хан сайлап, ақ туының астына біріккен. Бұқар жырау оған «Хан сайладық қарадан» атты көлемді толғауын арнаған және ол сырқаттанып жатқанда Алладан жанын қалдыруды сұрап құрбанына үш жүз адам атаған деген дерек бар.
Сұрақ: Қазақ тарихындағы ең ауыр, қысталаң кезеңде ел билігін қолына алған, ұлы қолбасшы Хан батыр кім? Қабанбай
Келесі топ сұрағы:
Бұл хан билік еткен жыл Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орнаған кезі. “Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман” деп те еске аламыз. Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин Оның даналығы, ел билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңесе, келесі бір орыс зерттеушісі Л.А.Словохотов бұл ханды б.з.б. ІV ғасырда өмір сүрген Афиннің арханты Солонға теңеген.
Сұрақ: Бұл қай хан? Тәуке хан
ІІ топ сұрағы
Әлихан Бөкейханов Парижде тұрып жатқан Мұстафа Шоқайға арнаған хатын жол жүріп бара жатқан бір адамның ұлтарағының астына салып жіберген және жауапты да сол жолмен алған. Кейін бұл оқиғаның жаңағы адамды қайғылы өлімге соқтырғаны тарихтан белгілі.
Сұрақ: Әлихан Бөкейхановтың Мұстафа Шоқайға жазған хатын жеткізген кім? Ә.Қашаубаев
Сұрақ:
Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізген, өз заманының қас батыры туралы мынадай аңыз бар. Қалтасынан күміс қасығын тастамайтын ол алдына келген асқа міндетті түрде күміс қасықты батырып, біраз күтеді екен. Себебі күміс улы затқа салғанда қараяды. Хиуа елінде жүрген ол алдынан сусын алып шыққан жас әйелдің пәк бейнесіне сенді ме, әлде қатты шөл қысып тұрғандықтан ба сусынға күміс қасығын салмастан сіміріп салады. Бір сағатқа жетпей бір туар асыл азамат уланған сусыннан көз жұмады.
Сұрақ: аңыздағы батыр кім? С.Датұлы
Сұрақ:
ХХғ. екінші жартысында Н.С.Хрущев Орта Азия бюросын құрады, құрамына Өзбекстан, Тәжікістан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстанның Шымкент облысы кіреді. Бұл бюроның мақсаты «совет адамы, ортақ тіл табысу» деген зымиян саясатпен республикалар арасындағы шекараларды жою идеясы болды. Осы идеяның алғашқы қадамы – Маңғыстау түбегін «мұнай игеруде тәжірибесі мол» деген сылтаумен Түркіменстанға, Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аудандарын Өзбекстанға бермек болады.

Сұрақ: Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін Н.Хрущевқа тайсалмай қарсы шығып, орынан алынған Қазақсатан ОК бірінші хатшысы кім? Д.Қонаев
Сұрақ:
Атақты жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цереннің баласын жекпе-жекте өлтірген соң, қонтайшы қалай да ол адамды ұстап келуге бұйрық береді. Аң аулап жүргенде қапыда қолға түскен оған “Баламды неге өлтірдің?” дегенде: “Балаңды халық өлтірді, мен сол халық кескен жазаны орныдаушы ғанамын” деп жауап берген оған қонтайшы риза болып, уәзірлерінің “оның басын кесу керек” дегенін тыңдамай ағаш үйге қаматқан екен. Бұл адам - қазақтардың биік рухы. Егер оны өлтірер болсам, сөзсіз қазақ елі кек алады, одан да айырбас жасағаным дұрыс деп оны тұтқыннан босатады.
Сұрақ: Әңгіме кім жайында? Абылай хан
ІҮ кезең тарихи криптограмма
Крамедотия Лизофеадм Алитотиарзм Иподестзм
Шықпақ Тырқақайа Тарсам Харнақа
ДАСҰЖЫМТЫРУ ТРИЯЛАНИНДЫРУДУС КЕРИӘС МУНИЗКОММ СЯАТАС
Келесі кезең «Кім тез»
Әр капитан командасына сұрақтар беріледі. 1 минутта жауап беру керек.
Келесі кезең: Оратор- /шешендік сөйлеу мәнеріне байланысты
«Елімнің көркеюі үшін.........»
Сайысқа қатысушыларды бағалау.
Осымен «Отаным менің -Қазақстан» атты интеллектуалды олимпиаданы аяқтаймыз!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Хасановна (2015-02-22) | Автор: Сисенгалиева Улдай Хасановна E
Просмотров: 1070 | Теги: Сисенгалиева Улдай | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 0:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru