Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Адалдық әліппесі.
Кошерханова Ләззат Нұрмағамбетқызы
ШҚО Курчатов қаласы
«Курчатов қаласы № 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ.
Адалдық әліппесі.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Адалдық әліппесі.
Мақсаты:
 Оқушыларды жақсылық жасауға, біреуге қол ұшын беруге, құрмет көрсетуге адамдық құндылықтардың бірі адалдыққа тәрбиелеу.
 Оқушыларды бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдікке тәрбиелеу.
 Өз ойларын толық айта білуге үйрету.
Қолданылатын модульдар: сын тұрғысынан ойлау, диалогты оқыту, жас ерекшелігі бойынша оқыту, АКТ, көшбасшылық,
Стратегиялар: бағыттап оқу,бес жол өлең,
Көрнекіліктер: мәтін жазылған беттер, плакат, маркер.
Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру.
а) Сыныпты топқа бөлу.
б)Топпен жұмыс ережесін еске түсіру.
І. «Ой қозғау»
1.Мұғалім:
- Оқушылар сіздер топпен мына сұраққа жауапты алдарыңыздағы плакатқа жазып, әр топ жеке-жеке қорғауларыңыз керек.
- Сұрақ: Егер сіздерге болашақта еліміздің патшасын сайла десе қандай қасиеттеріне қарап сайлар едіңіздер?
(әр топ ақылдаса отырып, өз пікірлерін қағаз бетіне түсіреді.)
2. Әр топтан бір оқушы тақта алдына келіп өз топтарының жазғанын қорғайды.
3. Мұғалім:
Балалар әр топтың жазған пікірлері дұрыс, енді біз сендермен ертедегі бір патшаның басынан өткен оқиғасын оқиық, ол өз орнына болашақ патшаны қалай таңдаған екен.
ІІ. «Мағынаны ашу»
1. Әр топқа қағазға жазылған мәтін таратылады.
1-бөлім: Баяғы бір заманда, шалғай бір елде бір патша өмір сүріпті. Патша адамдық құндылықтардың барлығына бірдей мән беріпті де, адалдыққа айырықша қарайды екен. Ұзақ жылдар бойы елін адалдықпен, әділдікпен басқарып, халқы оны осы қасиеті үшін қатты сыйлапты. Өкініштісі, ол әбден қартайған екен. Сол себептен, өзінен кейін ел басқаратын адамның таққа отыруы керек еді. Тағдырды ісіне не шара, патшаның ұлдан тұяғы болмапты.
Сондықтан да, өзінен кейін таққа отыратын адамды халықтың арасынан таңдауға бекініпті. Патша мұрагер болуға лайықты адамды таңдау үшін қатты ойланыпты. Басын қатырмай қайтсін, өйткені кімді таңдаса да, өте адал адамды шатаспай табуы керек қой. Ақыры, бір ойға бекініпті.
Мұғалім: Патша өз орнына мұрагер тағайындау үшін қандай ойға келді деп ойлайсыздар?
Тапсырма: Әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салып, таныстыруы керек.
(әр топтың пікірі толық тыңдалады)
Мұғалім: Патша қандай ойға келгенін білгілеріңіз келе ме, ендеше келесі мәтінді оқиық.
ІІ бөлім: Елдегі барлық балаларды сарайдың бағына жинауды бұйырыпты. Бір күннен кейін сарайдың бағына жүздеген, мыңдаған бала жиналыпты. Патша, балаларды аралап келіп, алақандарына құйттай бір нәрсе салыпты. Сосын: «Сендерге бір-бірден дән бердім. Үйлеріңе барғаннан кейін тұқымды отырғызыңдар. Бір айдан кейін маған кімде-кім ең әдемі гүл әкелсе, осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты сол балаға бұйырмақ», - депті.
Риза болған балалар үйлеріне қайтыпты. Аналарынан құмыра алып, патшаның берген дәнін сол құмырыға топырықпен отырғызыпты. Гүлді күнделікті суғарып, бар ықыластарын дәнге арнапты. Бұл балалардың арасында Яхия есімді бір бала бар екен. Ол да басқалар секілді, анасынан бір құмыра алып, ішіне топырақ салып, дәнді отырғызып, суғарып, өсуін күтіпті. Алайда, арада он күн өтсе де, ештене өспепті. Яхияның басқа шарасы қалмапты.
Мұғалім: Яхияның отырғызған гүлі неге өспей қалды, қалай ойлайсыздар?
Тапсырма: Әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салып, таныстыруы керек.
(әр топтың пікірі толық тыңдалады)
Мұғалім: Яхияның гүлінің неге өспегенін білгілеріңіз келе ме, ендеше келесі мәтін бөлігін оқып танысайық.
ІІІ бөлім: Патшаның берген мерзімі бітіп, балалар сарайға қарай бет алыпты. Құмыралар түрлі түстігүлдерге толыпты. Біреулері шегіргүл, екіншілері лалагүл, енді біреулері аппақ раушангүл өсіріп, әкеліпті. Патша балалардың өсірген гүлдерін жеке-жеке тексеріпті. Бәріне де риза болыпты. Балалардың әр қайсысының маңдайынан сүйіп, бос құмыра ұстаған Яхияға бұрылып: «Сенің құтың неге бос?» - деп сұрайды. Яхия ұялғаннан төмен қарап: « Сіздің берген дәніңізді бар ықыласыммен отырғыздым, баптадым, суғардым. Бәрібір көктемеді. Мүмкін бір қате жасадым ба? Өзім де түсіне алмай тұрмын. Кешіріңіз, хан-ием,» - депті.
Патша күлімсіреп еңкейіп, баланың бетінен сүйіп: «Қапа болма, балақай. Осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты саған бұйырыпты», - депті.
Жиналған жұртшылық таңданыспен қарап қалыпты. Патшаға жақын адамның бірі шыдай алмай: «Мұншама гүл өсірген балалар тұрғанда, құр құмыраны ғана әкелген баланы тандағаныңыз қалай?», - деп сұрапты.
Мұғалім: Неге патша Яхияға осы елдің патшасы сен боласың деді деп ойлайсыздар?
Тапсырма: Әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салып, таныстыруы керек.
(әр топтың пікірі толық тыңдалады)
Мұғалім: Патша не себептен Яхияны болашақ патша болады деді енді соны білу үшін келесі мәтінмен танысайық.
І V.бөлім: Жиналған жұртшылық таңданыспен қарап қалыпты. Патшаға жақын адамның бірі шыдай алмай: «Мұншама гүл өсірген балалар тұрғанда, құр құмыраны ғана әкелген баланы тандағаныңыз қалай?», - деп сұрапты. Патша: «Себебі маған ең керемет гүлді бос құмырамен мына бала сыйлады,» - деп жауап қайтарыпты. Патшаның көмекшісі одан сайын таң қалыпты. Патша сөзін жалғастырып: «Негізінде құмырылардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді, себебі мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім. Бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады. Осы бала өскеннен кейін менің орнымды басып, осы елдің патшасы болмақ. Осы бала ғана елде әділеттік орната алады. Енді бәрі түсінікті ме?» - депті.
Патшаның көмекшісі де, жиналған жұртшылық та мән-жайды түсініпті. Түсініпті де болашақта елінің аса әділ патшамен қауышатының ойлап, көздеріне жас толыпты.
ІІІ. «Ойды қорытындылау»
1.Мұғалім: Жақсылық жасау, біреуге қол ұшын беру, махаббат, құрмет көрсету – бұлардың барлығы да адамдық құндылықтар. Десе де, осы құндылықтардың арасында өте нәзік бір құндылық бар, ол адалдық деп аталады. Себебі, адамдардың бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдік керек. Әділдік адалдықтың топырағында тамыр жайған гүл секілді...
Енді сіздерге «бес жол» өлең адалдық пен әділдік туралы жазып «автор» орындығына отырып, әркім өзі жазға өлеңімен таныстыру тапсырмасы беріледі.
2.Оқушылар жеке-жеке тақта алдындағы «автор орындығына» отырып өз өлеңдерімен таныстырады.
Мұғалім: Бүгінгі сынып сағатымыз адалдық әліппесі деп аталу себебін біз енді білдік деп ойлаймын. Қайда болсақта не істесек те тек әділ, адал болуға тырысыңдар.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: koscherhanova2015 (2015-03-02) | Автор: Кошерханова Ляззат Нурмагамбетовна E
Просмотров: 1518 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 6:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru