Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Отан үшін от кешкендер
Авторы: Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы
Лауазымы: математика және физика пәні мұғалімі
( Ұлы Жеңіс қарсаңында ұйымдастырылған «Отан үшін от кешкендер» атты ерлік сағатының жүргізілу барысын толықтай ұсынып отырмын. Жұмыс барысында жауынгер аталарымыздың майдандағы, тұтқынға түскен және тылдағы аналарымыздың өмірі жайлы мағлұмат беріледі.Алдағы атаулы мейрам кезінде әріптестерімнің бір кәдесіне жаратылатынына сенімдімін)

Ерлік сағатының тақырыбы:Отан үшін от кешкендер
Тәрбие бағыты:азаматтық-патриоттық тәрбие
Сынып сағатының мақсаты:
1)а)Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларын, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, жеңіске қандай жолдармен келгенін әдеби кітаптар, тарихи құжаттар мен фотосуреттер арқылы оқушыларға жеткізу;
ә) Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерлік істерін тыл ардагерлерлерінің еңбектерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту.
2)Оқушылардың мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан қисынды ойлауын дамыту.
3)Жас ұрпақты Отанын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Міндеттері: 1)Оқушылармен бірге мәтінді бірлесе оқып, талдау арқылы олардың талқылау, сұрақ қою, ойлану, іздену қабілеттерін дамытатын ортаны құру.
2)Талқылау барысында балалар мәтіннен тыс мәселелерді де қарастыруға жағдай жасау арқылы оларды өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеу.
3)Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс арқылы олардың бір-бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1)Сабақ барысында майдангерлер мен тыл ардагерлерінің еңбектерімен , концлагерде болған тұтқынның жан түршігерлік өмірімен таныса алады.
2)Оқушылар өмірде болып жатқан ситуацияларға өз көзқарастарын білдіріп, баға бере алады.
3)Отанына деген сүйіспеншілік, өлім, өмір, тағдыр деген ұғыммен таныса алады.
4)Аталары соғысып өткен жолдары жайлы көп білу үшін ізденудің жолдарын үйрене алады.
Сынып сағатындағы қолданылған әдістер:
 Сыни тұрғыдан ойлау (Қызығушылықты ояту,Мағынаны тану,Ой толғау),
 АКТ,
 болжау,
 ой шақыру,
 бес сөйлемді эссе,
 Инсерт(түртіп алу) әдісі
 диалогтық оқыту:
 топтық жұмыс «Сахналық көрініс»,
 жұптық жұмыс «Постер әзірлемесі»,
 миға шабуыл «Соғыс» сөзін жүйелеу,
 суретпен жұмыс(мақал құрау),
 кері байланыс
Сынып сағатының формасы: Шығармашылық ізденіс сабағы
Сынып сағатының өтілетін орны: Мектептің мұражайы
Пән аралық байланыс: Тарих, мектеп кітапханасы, ауыл тарихы, қазақ әдебиеті

Сынып сағатының көрнекілігі:
 көрнекі әзірленген слайд,
 үн таспа «Левитан дауысы»
 үн таспа «Священная война»,
 бейне фильм «Тыл ардагерімен сұхбат»
 презентация «Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы»,
 әдебиеттер, естеліктер,
 «Қара жәшік», оның құпиясы,
 төс белгілер,
 ватман, маркерлер, стикерлер

Сынып сағатының жоспары:
І.Қызығушылықты ояту
а)Төс белгіні талдау, сабаққа болжау жасау
ә)ОЙ ШАҚЫРУ: Соғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын жазады, жұпта талқылайды/
ІІ Мағынаны тану:
1)топтық жұмыс
а)Ер балаларға арналған тапсырма
М. Әуезов «Абай» романына байланысты жазылған хат желісі бойынша көрініс көрсету;
ә) Қыз балаларға тапсырма «Концлагердің №81523 тұтқыны Ақмолалық Лариса Ивановнаның басынан кешкендері»
2) «Соғыс» сөзін жүйелеу
3) «Қара жәшік» тапсырмасы: Қайтыс болған жауынгерлер жайында мағлұмат алу үшін қолданылған нәрсе
4) Оқушы шығармашылығындағы -Тылдағы еңбек еткен ардагерлер
а)Сынып оқушысы Тимурдың әжесі -Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы
ә) бейне фильм «Тыл ардагерімен сұхбат»
ІІІ. Ой толғаныс
1)Ортамыздан кім өткенін білесіз бе?
а) Әйкебаев Үбіғожа жайлы естеліктер;
ә) ҰОС ардагері Тоқтар ата жайлы мұражайға шолу (көрме)
б) Сыныптың шығармашыл оқушысы Қуантханов Нұрбек шығармасы «Атам майдангер болған»
2)Суреттің мағынасына сай мақал-мәтелдер
Қорытынды
«Отан үшін от кешкендер»- кімдер немесе қандай жандар? (Ой түйіндемелері)
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) «Қазақстан жауынгерлері Ұлы Отан соғыс майданында» (тарихи құжаттық зерттеу) Алматы, «Өнер» 2010, 108-113,131-132беттер
2)Мәуітқазы Зүкенұлы «Сұрапыл соғыс сарбаздары 66 жыл» ,Семей «Үш биік» баспасы 2011, 228-230 беттер
3) «Ұлы жеңіс- ғасырлар тоғысында»
4) Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызының жеке мұрғатынан фотолар
5) Мектеп мұражайының материалдары
6) Қуантханов Н «Атам майдангер болған» Аудандық “Абай елі”газеті 20-30 сәуір , 1-10 мамыр 2010 жыл

Сабақ барысы:
І.Қызығушылықты ояту
а)Төс белгіні талдау, сабаққа болжау жасау
Төсбелгісіндегі құралдарға талдау жасау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбына болжау жасайды.Яғни, пулемет, катель,қалам ұш, каска. Ендеше Ұлы жеңіске арналатын сабақ екендігіне көз жеткізеді.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай күні.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

ә)ОЙ ШАҚЫРУ: Соғыс сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /ойларын жазады, жұпта талқылайды/Бес сөйлемді эссе орындайды. Оған бағыт беруші слайд беттері «Священная война»үнтаспа негізінде жүргізіледі.
Нұрбек: Соғыс көптеген жандардың өмірін жалмады. Адамдар тылда ауыр жұмыстан көз ашпады.Майданнан қара қағаздар келіп жатты. Бұл соғыста Қазақстан көп адамын жоғалтты. Ата апаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз.
Бауыржан: Кескілескен шайқас. Қарша бораған оқтар мен снарядтар. Атылған бомбалар , көк түтінге оранған далалар. Қоғамдық саяси қиыншылықтар болды. Жауынгерлер жеңіс үшін жан алысып, жан берісті.
Барлық сынып оқушылары өз ойларын жазды.
ІІ Мағынаны тану:
1)топтық жұмыс
а)Ер балаларға арналған тапсырма
Соғыс майданында М. Әуезов «Абай» романына байланысты жазылған хат желісі бойынша көрініс көрсетеді;
ә) Қыз балаларға тапсырма «Концлагердің №81523 тұтқыны Ақмолалық Лариса Ивановнаның басынан кешкендері» Берілген естелікті оқып шығып, соның өзегіне байланысты постер әзірлемесін жасайды.
Миға шабуыл
Соғыс: Тұтқын мен қорлау, аштық пен қасірет, биттеу мен ауру,еріксіз төзу мен жан азабы
«Қара жәшік» тапсырмасы: Қайтыс болған жауынгерлер жайында мағлұмат алу үшін қолданылған нәрсе . Яғни жәшікте жасырынған нәрсені табу керек.
(Түсініктеме: Ол-гильза. Жауынгерлер өзінің аты-жөні, тұрағы, туған жылы т. б. анықтамаларын жазып, гильзаға тығып,гильзаның аузын бекітіп, өздерінің төс қалтасына салып қойған.)
Оқушы шығармашылығындағы -Тылдағы еңбек еткен ардагерлер
Сынып оқушысы Тимурдың әжесі -Тыл ардагері Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы
Қазанбаева Умітхан Сәлменқызы 1928 жылы 1 қаңтарда, Абай ауданы, Қарауылда дүниеге келген. Әжем 4 сыныпты Ордадан оқыған.Әкесі Сәлмен Түсіпжанов 1941 жылы соғысқа кеткен. 1941 жылы соғыс басталғандықтан әжем 5 сыныптың 2 тоқсанын ғана оқыған.
Ал анасы Биғайша қой фермасында қой сауған. Үмітқан апа қой фермасында қозы баққан. 1942 жылы сиыр фермасында санақшы болған. 70-80 бұзауды құдықтан қауға тартып суарыпты. Күзде шөп шапқан кезде арбамен шөп тасыпты. 1944 жылдың аяғында әкесі жараланып сол қолының шынтағы жоқ болып келеді.
Соғыс біткен соң 19 жасында 1946 жылы Қазанбаев Молдабайға тұрмысқа шыққан. Дүниеге алты ұрпақ әкелген.
Қазіргі уақытта немересінің қолында, шөберелерінің қызығын қызықтап сексен сегіз жасқа келіп отыр.
Апаның жиырма бір немересі, жиырма тоғыз шөбересі бар.
Әжеме арнау.
Қасиетті парыз ғой, Әже сізге.
Болмасаңыз еркелейміз біздер кімге
Құлындарың тілеуіңізді тілейді
Үзілмесін шаңырақтан береке.
Тентек болсам ашынып
Жақсы іс қылсам асырып
Маған сақтап жүреді
Тәттілерінде жасырып.
Шөбересі Тимур

Ә) Cынып оқушыларының бейне фильмі «Тыл ардагерімен сұхбат»

ІІІ. Ой толғаныс
Ортамыздан кім өткенін білесіз бе?
1)Жерлес Үбіқожа Әйкебаев атамыз кім?
Абай ауданы Арқат ауылынан 1942 жылы қарашада майданға аттанған Тәшкенде дайындалып, Берлинге дейін соғыста болған
Полк баласы болады.
Ерлігі үшін “Жауынгерлік Қызыл Ту” орденін қырық жылдан соң 1985 жылы омырауына тағады.
2)Тоқтар Бекбосынов атамыз жайлы естелік( Мұражайдың көрмесіне шолу)
3)С. Бекбосынов есімінің мектепке берілуі
Сурет бойынша мақал мәтел құрастыр
Оқушыларға сурет ұсынылады, оның мағынасын ашатындай мақал-мәтел құрастырады.Мысылы: « Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады», «Жау жоқ деме, жар астында», т.б.
Қорытынды
«Отан үшін от кешкендер»- кімдер немесе қандай жандар? (Ой түйіндемелері)
Оқушылар бүгінгі сабақ негізінде тақырыпқа сай ойларын стикерге жазады.

Сабақ аяқталды. Сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет!
Ұлы Жеңіс мейрамы құтты болсын!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Мака (2016-12-11) E
Просмотров: 954 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru