Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Әдептілік – әдемілік белгісі» Көңілділер Тапқырлар Клубы
Гимназия 5
Бейсебаева Шынар Исатаевна /
«Әдептілік – әдемілік белгісі» Көңілділер Тапқырлар Клубы Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептлікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдістері: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: мақал жазылған үлестірме қағаздар, слайдтар.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
(Психологиялық дайындық)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Олай болса, бүгінгі жарысымыз «Әдептілік – әдемілік белгісі» деп аталады..
1. Таныстыру
2. Сұраққа жауап
3. « Сиқырлы сөздер»
4. Қане, ойланайық
5. Мақал – мәтелдер сөздерін жинау
6. Жағдаятты талдау.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Таныстыру
Топ аты: «Достық»
Ұран : Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Капитанды таныстыру
2. Сұраққа – жауап: Әр топқа 3 сұрақтан
1. Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.

3. Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.

1. Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
2.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.
3. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.

1. Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек?
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.
2.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?
3. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.

3. « Сиқырлы сөздер» Капитандар сайысы
Әр аттам сайын 1 минутта қанша сиқырлы сөздер айтып шығады.
4. «Қане, ойланайық» Конвертпен тапсырманы беру.Үш топтың жауабын салыстыру.
1-топ. Үлкендердің алдынан ......
Құстарды .........

Ата-ананың ақылын .............

2-топ. Сыныпта .................
Тамақты .........
Қыз баланы ..............

3-топ. Өтірік айтуға ...............
Достықты .................
Оқулықты ..............

5. Мақал – мәтелдер сөздерін жинау
І топ: 1. Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
2. Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.

ІІ топ: 1. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі — келіп-кетіп жүргені.
Аға әдепті болса - іні әдепт,і
Апа әдепті болса - сіңлі әдепті.
ІІІ топ: 1. Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
6. Жағдаятты талдау. Күй тарту.
1. Асқар мектептен достарымен қайтып келе жатты. Жолда олар әр нәрсе туралы әңгімелесіп, арасында айтысып та қалды. Сөйтіп, Асқардың үйіне де келіп қалды. Асқар достарын жібергісі келмей:
-Балалар, жүріңдер біздің үйге. Менде «Жануарлар өмірі» деген қызықты кітап бар.Үйде тамақтанып та аламыз. Әйтпесе қарным да ашып кетті.
-Ал анаң ренжімей ме?- деп сұрады Ержан.
-Жоооқ. Менің анам ондай емес.
Есікті Асқардың анасы ашты. Анасы үй киімімен, алдына жапқыш тағып алған. Қолында шаң сүрткіш сулы шүберегі бар. Кір жуғыш машинаның дауысы естіледі. Балалар кірген бөлмеден жиһаздардың орны жылжытылғанын көрді.
-Балалар, сендер кешіріңдер, бізде тазалық жұмысы жүріп жатыр еді. Мен қазір сендер жейтін бір нәрсе дайындап жіберейін, - деді анасы.
Балалар бас тартып еді, үй иелері көнбеді. Бәрі ыңғайсыз жағдайға қалды.
-Бұған кім кінәлі?
-Сендер Асқардың орнында болсаңдар не істеуші едіңдер?
-Асқарға қандай кеңес бересіңдер?

2. Сенбі күні еді. Анасы Жандосқа картопты тазартып, еденді ылғал шүберекпен сүртіп қоюын тапсырып кетті. Ал Жандос оған еш уақыты болмады. Таңертең оған бір минутқа ағайынды екі көрші достары келді. Бірақ кете қоймады. Үстел үсті хоккей ойнады. Сосын компьютерде біраз уақыт атысып ойнады. Кілем үстінде каратэнің әдістерін бір-біріне көрсетті. Үстел үстіндегі конфеттерді жеп тауысты. Енді отырып ән айтуға кірісті. Сабағы да жайына қалды.
1. Не істеу керек еді?
2. Оларды үйіне қайтару керек пе еді?
3. Анасының өтініші ше?

3. Серік театрға келісімен дүрбіні алып, жан-жақтағы көрермендерге қызықтап қарай бастады. Ол адамдардың қалай киінгенін, шаштарын қалай түзеткенін қызықтады. Бұл өте тамаша екен!
1. Сендер бұған не дейсіңдер?
2.Театрдағы дүрбі не үшін керек?
3. Серіктің ісіне қандай баға берер едің?

Әділқазылар қорытындысын шығарғанша көрермендермен ойын өткізейік.
Көрермендермен ойын. Сұрақ-жауап:
1.Кешіккен адамды қанша уақыт күтуге болады?
2.Қонаққа шақырған уақыттан ерте келуге бола ма?
3.Сыйлықтан бас тартқан дұрыс па?
4.Сыйлық ұнамаса не істеу керек?
5. Қай уақыт аралығында телефон шалған дұрыс?
6. Досың сен танымайтын адаммен амандасса, сен не істейсің?
7. Дастарқанға кім бірінші отырады: үй иесі ме, әлде қонақтар ма?
2. Ойын « Дұрыс-бұрыс»
- Мен сендерге жағдаяттарды оқимын. Егер дұрыс болса, сендер қолдарыңмен шапалақтайсыңдар. Ал егер дұрыс болмаса-аяқтарыңмен еденді топылдатасыңдар.
-Кездескенде сәлемдесеміз.
-Әңгімелескенде әдепті түрде сөйлесеміз.
-Досымыздың айтқанына құлақ аспаймыз.
Танымайтын адамға: «Әй, сенің атың кім?»- деп сұраймыз.
-Адамдар сөйлесіп тұрғанда сөздерін бұзамыз.
-Сыйлық берсе алғысымызды білдіреміз.
Жүргізуші: - Тәрбиелі адам болғың келсе, әдептілік ережесін есіңде сақта. Құмырсқа, ара, балықтар тіршілік ете бастасымен ортада өздерін қалай ұстау керек, не істеу керектігін біледі. Олардың табиғаты солай қалыптасқан. Ал адамдарда ондай жүйе жоқ, қалыптаспаған. Ендеше адамдар оны үйренуі керек. Мұнда бәрін пайдалануға болады: әңгімелесу, кітап оқу, кино, спектакльдер көру, бақылап байқау, айналадағылардың айтқан ақылдарын көңілге тоқу қажет. Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар.
Ән айту. «Біз дәуірдің түлегіміз!»
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: ТатьянаТатьянка (2017-11-30) | Автор: Бейсебаева Шынар Исатаевна E
Просмотров: 523 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-19, 11:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru