Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Әліппе – білім бастауы» ертеңгілігі.
«Әліппе – білім бастауы» ертеңгілігі.

Мақсаты: Сауат ашу пәнін оқу барысында оқушылардың алған білімдерін көрсету.
Көрнекілігі: оқулықтардың макеттері, ұлы ағартушылардың портреттері,еңбекке баулу сабағында жасалған қолөнер, оқушылардың ұқыпты жазылған үлгі дәптерлері т.б.
Өту барысы:
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі:
Бүгін егеменді ел болған еліміз ескеріліп, етек-жеңіміз кеңейіп, тәуелсіз тұлпардай атақ-даңқымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгінгі күнде біздер , сіздер үшін тойларыңызға тағы бір тоцй қосылмақ. Бұл той балалардың тұсаукесер тойы іспеттес, кеше ғана алаңсыз, ағаш атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгін бойларына жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуынан аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
[/c]Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Ортаға екі оқушы шығады. Қолдарында «Әліппе» оқулығы. Амандасады:
- Қайырлы таң!
- Қайырлы таң!
1. – Рұқсат болса танысуға бола ма?
2. –Әбден болады.
1. –Менің есімім – Дарын.
2. –Өте тамаша есім екен. Есіміңіз болашағыңызға серік болсын! Менің есімім-Дана.
1. –О,о! «Көп қарияның ішінде бір бала дана болады » деген, яғни, ата мен әженің жып-жылы ұясынан шыққан боларсың. Даналығың өміріңмен өріліп жүрсін!
2. –Рахмет, дарындығыңды байқаттың-ау, Дарын!
1. –Ал, жол болсын, Дана!
2. – Әлей болсын,Дарын. Мен №14 мектеп-гимназиясына бара жатырмын.
1.-Таптым,таптым! 1 «Ә» сыныбының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне жол тартқан екенсің-ау, солай ма, Дана?
2. – Дәл солай, қарашы Дарын. Міне құрметті ата-аналарымыз да ертеңгілікке келген екен.
1.- Қадірлі ұстаздарымыз да төрден орын алыпты.
Екеуі бірігіп: Ендеше. 1 «Ә» сынып оқушыларын құрметтеп шақырып, өнерлерін көрейік.

1. Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Армысыздар, аналар, ұстаздар!
2. Болашақ ғалым, даналардың өнерлерін тамашалайық.
Ән «Алғашқы қоңырау»
Нұрила:
Армысыздар, ұстаздар!
Білім берген әз жандар.
Бас иеміз сіздерге,
Күн шыққан мынау ақ таңда!
Аружан:
Шашу,шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Аналар шашу шашады.
Әйгерім:
Ал, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Айжан:
Кім зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық.
«Білімді» қарсы алайық,
Бәріміз қол соғайық!

Қол шапалақтап «Білімді» қарсы алады.
Білім:

Күн нұрындай білімнің,
Күнімен мол білімнің.
Құттықтаймын достарым,
Құтты болсын Ұлы күн!
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым атасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Ортаға «Әліппені» шақырайық!

Әліппе:
Амансыздар ма, қадірлі ұстаздар, асыл ата-аналар, өнерпаз бүлдіршіндер!
Оқушылар: Хош келдіңіз, сүйікті Әліппеміз!
Әліппе:
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Жақсы білім-көрімдік,
Не үйрендік, не білдік?
Ән «Алғашқы қоңырау»

Әліппе:
Менің атым Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Әліпбилер шығыңдар,
Орындарға тұрыңдар.
Баста, кәне, айтысты,
Жібермеңдер намысты.

Әріптер айтысы:
«А» Астанам аты астана
Астанам менің Бас қала.
«Ә» «Әдептілік» дегенің
Әрқашан да керегің.
«Б» Б-дегенің бала ғой
Жұмсаса әжең бара ғой.
«Ғ» Ғалым болар ғылымда
Ғажайыптар ашамын.
Ғарыштың да тыңына,
Ғылым дәнін шашамын.
«Е» Есті бала ержетіп,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп,
Есерлігін қоймаған.
«С» Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
«Ш» Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз.
«Т» Тәртіпті бала-сүйініш,
Төбең көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала-күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
«І» Інілерін ағалар,
Ісіменен бағалар.

Әліппе: Сөз мәйегі мақал ғой, мақалдатпаймыз ба?
«О» Отан оттан да ыстық
«К» Көзі жаманның сөзі жаман,
Сөзі жаманның өзі жаман.
«Е» Екі сөйлегенің өлгенің
«Ү» Үш сөйлегенің көрге кіргенің
«З» Сұрап бір ал, сұрамай екі ал,
Сонда бай боласың, байға сай боласың
«Ж» Жігіт сегіз қырлы бір сырлы болсын.
«Ө»Өсекшінің тілі қышып тұрады,
Қышыған тіл сөзді бұзып тұрады.
Бәрі: Мақалымыз мақал болды, ешкіге біткен сақал болды.
Әліппе: Жасырынған жұмбақтар, шатасқан жаңылтпаштар қайда жүр?
Оқушылар: Қадірлі Әліппе! Біз жұмбақ айтайық, шешуін қонақтар тапсын.
Әліппе: Олай болса, қонақтар, ойланып дайындалып отырыңыздар.
Қанат: Судан шығады, судан қорқады.
Аружан:Ертеңгісін алдыңда, түсте өзіңмен, кешке соңыңнан ереді.
Әйгерім:Бір із, бір іздің соңы мың із.
Әдемі: Бұл-қызық. Ол қандай қызық?
Алмас: Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау.
Елжан: Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.
Әліппе: Өте жақсы, ендігі кезекті жаңылтпаштарға берейік. (Балалар кезекпен жаңылтпаштарын айтып шығады)
Әліппе: Тамаша, енді өсы өнерімізді бимен қошеметтейік.
Би «Қара жорға»
Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Әрі қарай жақсы оқыңдар. Сау болыңдар!
Хормен: Сау болыңыз, Әліппе! Сізге көп рахмет!
Білім:
Еңбек, білім мәнінде,
Есептейтін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне.
Математика:
Сәлемет пе, достарым,
Сұрағы боп жоспардың.
Төрт амалды қолданған,
Мен математика достарың.
Ал, ойланыңдар: Ойда жүр бес ешкі,
Қырда жүр бес ешкі,
Болады сонда неше ешкі?
Хормен:Болады сонда он ешкі.
Математика: Өте жақсы.
Бастаңдар енді санамалық,
Кім ұшқыр да, кім ұтқыр.
Оннан кері саналық.
Жауаптар:
10-ешкі ойда жүр.
9-ешкі торда тұр.
8-і серке екен.
7-уі жеке жүр.
6-уы алды екен.
5 ешкі бесте екен
4 ешкі тойған екен
3 ешкі жайылуды қойған екен
2 ешкі секіріп тұр
1 ешкі «кекіріп» тұр.
Математика: «2» мен «5» туралы не айтасыңдар?
Хормен: Екіге көз жасыңды төккенше,
Беске теріңді төк.
Математика: Мен сендерге ризамын. Көріскенше күн жақсы!
Ән «Мұғалім-ол біздің»
Білім: Білімге құмар балалар,
Ана тілін таныңдар.
Ана тілін көп оқып,
Ақыл, білім алыңдар.
Олай болса,ана тілінің құрметіне, қонақтардың құрметіне
Әсем әнге салайық,
Мына көпке лайық.
Кезек келді ән-биге,
Көңілденсін халайық.
Қазақ биі.
Білім: Қызыққа жұрт кенелді,
Қуанышқа бөленді.
Сергітуді бастаушы
Дене шынықтыру, кел енді.
Дене шынықтыру: Сәлем, достар білімдар,
Қане, түзу тұрыңдар.
Сергітуді бастаймыз,
Қапы қалмай болыңдар.
«А» дегенде отырып,
«Б» дегенде тұрыңдар.
А а а
Б б б
Қайталайық тағы да,
Барлығымыз қосылып.
А а а
Б б б
Қане «Үп» деп айтайық
Демді ішке тартайық
Енді «Уһ» деп айтайық,
Демді шығар қайтарып
Би «Мектап вальсі»
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Қойылым «Ақ бауырсақ»
Қорытынды.

Билетаева Б.Ж.
бастауыш сынып муғалім

[c]

Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Dina277 (2011-03-10) | Автор: Билетаева Б.Ж. E
Просмотров: 6011 | Комментарии: 1 | Теги: әліппемен қоштасу | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 1:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru