Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности

Тәулік кезекшісінің міндеттері
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері.»

Сабақтың мақсаты:
1. Тәуліктік наряд, оның құрамы, тағайындалу тәртібін және лауазымдық тұлғалардың негізгі міндеттерін оқып, білу.
2. Оқушылардың әскери білімдерін арттыру.
3. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, оқушылар арасында шынайы әскери достықты нығайту.
Сабақтың жоспары:
1. Тәуліктік наряд, оның құрамы
2. Тәуліктік нарядтың тағайындалуы
3. Тәуліктік нарядтың лауазымдық тұлғалардың негізгі міндеттері
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: ҚР ҚК Жарғылары, проектор, MyTest орнатылған ноутбуктар.

Тәуліктік наряд- әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға арналған.
Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы:
— бөлім бойынша кезекші;
— бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
— қарауыл;
— кезекші бөлімше;
— парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер, кезекші сүйреткіштердің механик-жүргізушілері;
— кезекші фельдшер және медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер;
— бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;
— бөлім штабы бойынша кезекші;
— өрт наряды
Ротаның тәуліктік нарядына:
- Рота бойынша кезекші
- Рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады.
Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ олардың міндеттері ротаның тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп белгіленеді.
Бөлімшелер нарядқа өздерінің командирлерімен бірге тағайындалады. Бөлім офицерлерінің және бөлімшелерінің арасындағы кезектілікті бөлім штабының бастығы белгілейді.
Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімшелердің командирлері жеке құрамды іріктеу және қызмет атқаруға, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.
Ротаға нарядтардың кезектілігін ротаның старшинасы, ал взводта – взвод командирінің орынбасары белгілейді.
Сарбаздардың, сержанттар мен офицерлердің арасында кезекті нарядтардың саны біркелкі және әділ бөлінуі керек. Нарядтың қағаздары жыл бойы сақталады, сонан соң жойылады.
Тәуліктік нарядқа дайындалу
Тәуліктік нарядка тағайындалатын бөлімшелердің командирлері жеке құрамды іріктеп және қызмет атқаруға даярлау үшін, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.
Нарядтың алдындағы түні тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдар барлық оқу сабақтарынан және жұмыстардан босатылуы тиіс.
Нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген сағаттарда жеке құрамға қызмет өтеуге даярлануына, оның ішінде практикалық оқу сабақтарын өткізуі үшін кем дегенде үш сағат және тынығуға кем дегенде бір сағат уақыт берілуі керек.
Тәуліктік нарядтың жеке құрамын даярлауды старшина немесе бөлімшеден тағайындалған басқа лауазымды адам жүргізеді. Дивизионнан немесе әскери бөлімнен тағайындалған тәуліктік нарядты даярлауды тиісті командирлер ұйымдастырады және олардың орынбасарлары жүргізеді.
Жұмысқа таратуға шығуға 15 минут қалғанда тәуліктік наряд қызмет өткеруге дайын болуы және олар өз кезекшілері мен бөлімнің қарауыл бастықтарының қарамағына қабылдануы керек.
Тәуліктік нарядты жұмысқа тарату оның қызмет өткеруге деген даярлығын тексеру, лауазымды адамдарға бағынуы, бұрынғы қарауылдарды ауыстыру құқығын беру болып табылады. Жұмысқа таратудың ұзақтығы 40 минуттан аспау керек.
Жұмысқа таратудың басталуына 10 минут уақыт қалғанда бөлім бойынша кезекшінің офицерлер қатарындағы жаңа көмекшісі жұмысқа тарату орнына кезекші бөлімшеден басқа тәуліктік нарядтың жеке құрамын сапқа тұрғызып, түгел болуын тексеріп, ол туралы бөлім бойынша кезекші келген кезде баяндайды.
Жұмысқа тарату кезінде тәуліктік наряд: оң қапталда – қарауылдар, сосын оңнан солға – парк бойынша кезекші, кезекші фельдшер, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы бойынша кезекші, бөлімшелер ретіндегі роталар бойынша барлық кезекшілер, шабармандар, асхана бойынша кезекші, өрт нарядының бастығы, кезекші белгі беруші-барабаншы; бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, тәуліктік кезекшілер мен кезекші сүйреткіштердің жүргізушілері өз кезекшілерінің артына бір–бірден тізіліп, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдардың оң жақ қанатына тұрады.
Бөлім бойынша кезекші бөлімнің басқару офицерлерінен, рота командирлері мен оған теңестірілгендерден тағайындалады. Ол бөлімшелер мен бөлім басқармаларының дабыл жарияланғандығы туралы дер кезінде құлақтануына, бөлімде ішкі тәртіпті ұстауға және тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне, бөлім штабы мен қызметтері офицерлерінің пистолеттері мен оқдәрілерінің сақталуы үшін жауапты болады. Бөлім бойынша кезекші бөлімнің командиріне бағынады. Оған бөлімнің барлық тәуліктік наряды бағынады.
Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі кіші офицерлерден немесе әскери қызметті келісім шарт бойынша өткеруші іскери қызметкерлерден сайланып, бөлім бойынша кезекшіге бағынады, кезекшінің орнында қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті.
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші сержанттардан тағайындалады. Ол бөлімге келген-кеткен адамдарды бақылау-өткізу пунктінен дұрыс өткізу-шығару мен қандай да бір болмасын мүлікті алып шығудың (алып кірудің) немесе әкетудің (әкелудің) дұрыстығына жауап береді.
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі сержанттардан немесе сарбаздардан тағайындалады. Ол бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге бағынады. Кезекшінің кезекті көмекшісі бақылау-өткізу пунктінде үнемі болуы керек және ол бөлім аумағында келген адамдарды өткізудің дұрыстығы мен қандай да бір болмасын мүлікті алып шығару не кіргізу немесе әкету не әкелу дұрыстығы үшін жауап береді.
Бөлім штабы бойынша кезекші бөлім прапорщиктері мен сержанттарынан тағайындалады. Ол штабтың қызмет бөлмелерін күзету, штаб үй-жайларының тазалығы, шабармандардың қызметті дұрыс өткеруі және байланыс жіберілімдері мен телефонограммаларды дер кезінде қабылдау үшін жауап береді. Бөлім штабы бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне және бөлім штабының бастығына бағынады. Кезекшілікті тапсыру мен қабылдау жайлы бұрынғы кезекші мен жаңа кезекші бөлім штабының бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.
Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер медпунктегі ішкі тәртіпке жәнедәрігер болмаған жағдайда – дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге жауап береді. Ол бөлім бойынша кезекшіге, көмекшісіне және медпунктің бастығына бағынады. Оған медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады. Бұрынғы және жаңа кезекші кезекшілікті тапсыру және қабылдау жөнінде медпунктің бастығына баяндайды.
Асхана бойынша кезекші кіші офицерлерден, прапорщиктерден немесе сержанттардан тағайындалады. Ол қоймадан азық түліктің дұрыс алынуына, олардың қазанға керекті мөлшерде толық салынуына, белгіленген норма бойынша тамақтың дер кезінде берілуіне, асханалық ыдыс аяқтың басы бүтіндігіне, санитариялық гигиеналық күйіне және ондағы тәртіп жағдайына жауап береді. Асхана бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне, тыл жөніндегі бөлім командирінің орынбасарына және бөлімнің азық түлік қызметінің бастығына бағынады. Оған асханада жұмыс істеуге белгіленген тәуліктік наряд және аспазшылар бағынады.
Өрт наряды бөлімнің штаттық өрт командасынан құралады, оның құрамына: наряд бастығы, жүргізушілер және өрт сөндіруші машиналар немесе басқа автомобильдер (мотопомпалар)саны бойынша өрт тобының нөмірі, өрт постардың саны бойынша постыға тұрушылар кіреді. Өрт наряды бөлім бойынша кезекшіге және өрт командасының бастығына бағынады.
Рота бойынша кезекші сержанттардан не жақсы даярланған сарбаздар қатарынан тағайындалады. Ол рота әскери қызметшілерін алған дабылдар жайлы уақытылы хабардар етуге күн тәртібінің дәл орындалуына және ротадағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі басқа да ережелерді орындауға, қарулардың, оқдәрі жәшіктерінің, рота мүліктерінің, сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының бүтіндігіне және тіуліктік кезекшілердің қызметті дұрыс өткеруі үшін жауап береді. Рота бойынша кезекші бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне, ал ротадағы ішкі қызмет тәртібі бойынша – рота командиріне және рота старшинасына бағынады.
Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол өзінің қол астында күкзетуге тұрған қару жарақтың, пистолеттер тұрған шкафтардың, оқдәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.
Жұмысқа таратудан соң жаңа кезекші бұрынғы кезекшіден тізбе бойынша құжаттарды, бөлім штабы мен қызметтерінің офицерлерінің қару жарақтары мен оқ дәрілерін қабылдап алады. Қару жарақ номері мен жинақталуы бойынша бірбірлеп жеке қабылданады. Сосын бұрынғы кезекшімен бірге хабарлау мен күзеттің техникалық құралдарының, радиациялық және химиялық барлау аспаптары дұрыс жұмыс істеуін тексереді.
Кезекшілікті өткізгеннен кейін және қарауыл ауысымы туралы қарауыл бастықтарының баяндауынан кейін бұрынғы жіне жаңа кезекші бөлім командиріне баяндауға келеді.
Мысалы: «Полковник мырза, лейтенант Омаров бөлім бойынша кезекшілікті тапсырды». «Полковник мырза, капитан Иванов бөлім бойынша кезекшілікті қабылдады».
Мұнан соң бөлім бойынша жаңа кезекші кезекшілікті қабылдап алу кезінде аңғарылған және ауыстырылған тәуліктік наряд жоя алмаған барлық кемшіліктер туралы, қарауыл күзеткен объектілерді ашу және жабу туралы хабарлайды.
Сабақтың қорытындысы
Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар
Үй тапсырмасы

АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы __

Источник: http://А Ә Д пәні оқулығы
Категория: Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности | Добавил: aitkali (2014-04-07) | Автор: Байназаров Айдын Айтқалиұлы E
Просмотров: 1400 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 4:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1475]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1140]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3910]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [281]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru