Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің жолдары

Бұларда нұсқаға қарап сурет салу қорғаған дүниені тану мүмкіндігі екендігі, сурет бейнелеу өнерінің негізі екендігінің жыл сайын мәні жойылуда. Балалар шығармашылығының кейбір теоретиктері графикалық сауаттылықтарына оқытудың қажеті шамалы, тек олардың жалпы эстетикалық дамуына ықпал жасау қажет деп мәлімдейді. Сондықтан олар балаларды бейнелеу өнеріне тартуда, оларға өз бетінше шығармашылықпен айналысуға көп мүмкіндік туғызу керек деп есептейді. Оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі балалар психологиясы, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу болуы тиіс. Бірақ осы кезде өткізілген балалар суретінің халықаралық көрмесі, көрсеткендей жаңа әдістеменің теориялық қағидаларының логикалығы мен құрылымдылығы, практикада жарамсыздығын айқындайды.
Бала - бақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында оқу-тәрбие міндеттерін шешуде сабақтың төрт түрі қарастырылады. Олар нұсқаға қарап сурет салу сабағы, сәндік сурет салу сабағы және өнер туралы әңгіме сабақ.
Нұсқаға қарап сурет салу сабақтары. Нұсқаға қарап сурет салу сабағы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтарды өткізудің мақсаты балаларды бейнеленетін заттардың нұсқасына қарап бейнелеуге үйрету болып табылады. Заттардың формасын, өлшемдерін, түр - түсін дұрыс қабылдауға үйрету, олармен таныстыру барысында заттың қасиеттерін сараптауға үйрету міндеті қойылады.
Тәрбиеші бұл сабақтарда нұсқаға қойылған заттардың формасына өлшемдер қатынасына, жарық пен көлеңке құбылысына, көз деңгейінен жоғарғы немесе төмен болуы сияқты ерекшеліктеріне талдау жасайды. Мысалы, бала жалаудың суретін салу алдында тәрбиеші оған өлшемдерінің қатынастарына көңіл аударады. Үлкен өлшемнің көлденеңінен бағытта кіші өлшемнің тігінен бағытты орналасқандығына, түстерінің аспан көк екендігіне және ондағы жарық пен көлеңке, ою-өрнектер көріністеріне балалардың назары аударылады. Тәрбиешінің мұндай жүйелі түрдегі талдаулары нәтижесінде балалардың көру аппараты арқылы алынған әсері талдау, сараптау қабілеттері артып отырады. Нұсқаға қарап сурет салу барысында бала зат туралы мәліметтері толыға түседі. Сурет салу барысында бала нұсқаны мұқият қарап, оның құрылымындағы ерекшеліктерін табуға талпынады. Зат формасын тану екі бағытта жүргізіледі бірі-көру арқылы (яғни нұсқаға қарап сурет салу) және ұстап білу арқылы жүзеге асады.
Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында тәрбиеші зат формасы туралы дұрыс түсініктер бере отырып, жарық пен көлеңке, перспектива, түстану, анатомия туралы ғылыми мәліметтер негізінде балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Сурет салушыға зат формасының сипатымен қатар оның құрылымына көңіл аудару қажет. Зат формасы, үлкен және кіші бөліктерден тұрады. Кейбір заттар симметриялық ал кейбір заттар симметриялық емес бөліктерден тұратындығы көрсетіледі. Адамдар мен жан - жануарлардың формасындағы симметрия және әр түрлі өсімдіктердің заттардың формаларының ерекшеліктері сабақта талдап көрсетіледі. Мұндай талдаулар мен қатар суреттер салу нәтижесі балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен баланы сурет салуға үйрету адамның жалпы дамуына әсер етеді.
Сурет сабағында тәрбиеші бала алдында қандай міндет қойсада, оны шешу ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді. Суретті салу барысында нұсқаны танып білу маңызды. Нұсқаны танып білу жай қарап көру емес ол зат туралы толық емес, жеке дара түсініктерден бастап, зат туралы толық елестетудің болуын көздейді. Бала нұсқаға қарап отырып, сурет салу барысында нұсқаны мұқият қарайды, оның ерекше сипатын зат құрылымын айқындауға талпынады. Соның нәтижесінде зат туралы түсініктер, ойлау мен ой қорытындылары анықталып, нақтылана түседі. Сонда ғана салатын нұсқаны көруге, ойлануға, өлшеуге, салыстыруға мүмкіндік туады.
Сурет салу барысында зейін маңызды орын алады. Мысалы, кубтың перспективалық көрінісінде оның ені мен биктігі бірдей болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәніндегі өлшемдері әр түрлі. Сол сияқты балаларға жапырақтың суретін салдыру барысында бала, оның формасының сипатын түсіне алмайды, ал егер олар сол жапырақты басқа қайың, қарағай, терек, шырша жапырақтармен салыстырып көретін болса онда, салатын жапырақтың формасының сипатын анықтауға мүмкіндік туады. Мұнан шығатын қорытынды балаға зат формасын қабылдауға, суретін салуға өлшемдер қатынасын, формасын, құрылымын салыстырудың орны ерекше. Сонымен қатар балалардың зейін тәрбиелеудің маңызы үлкен.
Балалардың белсенді зейінін тәрбиелеуде ешбір оқу пәні, нұсқаға қарап сурет салу сияқты мүмкіндікке ие бола алмайды. Нұсқаға қарап сурет салу балалардың кеңістік туралы ойлауы мен қиялын дамытады. Перспектива құбылыстарының қарапайым ережелерімен танысу, кеңістікті ойлаудың күрделі екендігін көрсетеді. Үш өлшемді көлемді затты жазықтық бетінде бейнелеу, баланың кеңістік туралы ойлауының қажет екендігін көрсетеді. Барлық графикалық ой, бейнеленетін затты көру дағдысына негізделеді. Сондықтан сурет салушы заттың конструкциялық құрылымын, бөліктерінің өзара байланыстарын, форма сипатын, заттың кеңістіктегі қалпын елестете білу қажет.
Балалардың айқын образдық елестету қабілеттерін дамыту, нұсқаға қарап сурет салу, есте сақтаудың дамуына ықпал етеді. Адам өмірінде есте сақтаудың ролі ұшан теңіз. Нұсқаға қарап сурет салу тек қана образдық есте сақтаумен шектеліп қалмай, сол сияқты қозғалыс, эмоциялық және сөздік-логикалық естердің дамуына ықпал етеді.
Баланың зат туралы айқын елестетуінің негізінде қиял қабылеті дамиды. Нұсқаға қарап сурет салу кезінде абстракциялық ойы дамиды. Зат формасының құрылымына конструктивтік талдау абстрактылы ойлаусыз мүмкін емес, ол сурет салу барысында үнемі зат құрылымына талдау жасап отырудың қажет етеді.
Зат формасын үйренудің басқа түрлелеріне қарағанда абстрактілі ойлау процесінің барлық уақытында, нұсқаға қарап сурет салудың мүмкіндігіндей жағдай бола бермейді. Мұның бәрі сурет салуды үйрену адамның жалпы дамуына әсер етеді.
Нұсқаға қарап сурет салу дегеніміз жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы карандашпен сурет салуды ғана қарастырып қоймай, оған қоса кескіндеме өнерінің мүмкіндігі арқылы түрлі түсті бояулармен сурет салуды білдіреді.
Кескіндемені оқытудың міндетіне нұсқасына қарап, жеке затарды, қарапайым натюрморты, ингерьерлер мен пейзаждарды салуды көздейді. Кескіндеме элементтерімен танысу барысында балалар түрлі түсті қарандаштармен, акварель және гуашь бояулармен жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін меңгеруді көздейді. Балалар акварельмен табиғат заттарын (жапырақ, жәндіктер т.б.) бояуларды араластырмай-ақ бір түспен бейнелеуге үйретілді. Сонымен қатар олар түрлі-түсті бояуларды бірінің үстіне бірін жағуды үйренеді. Алғашқы кезде бұл заттарды ақ фонда бейнелесе, соңынан оларды жарық түсті фонда бейнелеуді үйренеді. Балалар жұмысты ылғалды түрде жазу тәсілдерін қолдануға, түстердің бір-біріне ұласуы, түстерді бірінің бетіне-бірін қалау тәсілдеріне бағытталады.
Кескіндемені оқу барысында тәрбиеші балалардың қоршаған ортаны қуаныш сезімімен қабылдайтындығын ойынан шығармауы тиіс. Балалардың алғашқы әсерлері біртіндеп, ойға айналмауы қажет. Сондықтан балаларды түстанудың ережелерімен, өзінің натурадан алған әсерлерін түстер арқылы бейнелеуді қолдана білуге, заттар беттеріндегі жарық пен түстердің үйлесімін, көру арқылы қабылдағанынан алшақтатпай бейнелеуге үйрету қажет.
Нұсқаға қарап сурет салу балаларға эстетикалық тәрбие берудің тамаша мүмкіндігі болып табылады. Нұсқаға қарап пейзажды, ағашты, гүлді салу барысында бала табиғат әсемдігіне, түстер мен формалардың алуан түрлігі мен байлығына қызыға түседі. Ол тұтас заттың және оның бөліктерінің пропорциялық қатынастарын көре біліп, табиғат формаларының гармониясы мен ритмін, түстердің түрлі деңгейдегі реңдерін көре білуге үйренеді. Балалардың байқампаздығын елгезектігін дамыта отырып, біз эстетикалық тәрбие беру міндеттерін шешеміз.
Сәндік сурет салу сабақтары. Сурет салу балаларға графикалық сауаттылық негіздерін меңгертумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Балалардың шығармашылық қабылетін дамытудың ерекше мүмкіндігі сәндік сурет салу сабағы. Бейнелеу өнері бағдарламасында ою-өрнектер құрастыру, альбомдарды безеңдендіру, бөлме ішін безендіру тапсырмалары қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың мектепте берілуі кәсіптік қызметке дайындау емес, шығармашылыққа тәрбиелеу балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашу және қоғамдық пайдалы еңбекке тарту болып табылады.
Сәндік сурет салу сабақтарында балаларға сәндік өнердің көркем бұйымдары таныстырылады. Бұл сабақтарда қазақ қолөнерімен балаларды таныстыру мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі:
• қолөнердің түрлері;
• қолөнер шеберлері, қазақ киіз үйі;
• қазақ халқының ою-өрнектер;
• тұрмыста жиі қолданылатын сәндік қолөнер бұйымдары;
• сәндік өнер бұйымдарын жасау технологиясы;
• қолөнер шеберлерінің құрал саймандары;
• ұлттық киімдер мен ыдыс-аяқтар;
• ер тұрман ат абзелдері;
• қолөнер бұйымдарын жасауға қолданатын материалдар;
• шаруашылыққа қажетті бұйымдар т.б.
Қазақ сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын балаларға таныстыру барысында бұйымның көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Бұйымның қолөнердің қандай түріне жататындығы, оны жасаған шебер, бетіне салынған ою-өрнектер, бұйымды жасау технологиясы, қолданған құрал саймандары материалдары туралы таратылып айтылады. Осындай бағыттағы талдаулар негізінде бала көркем өнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері туралы қажетті білімдер жүйесін меңгерді. Қолөнер бұйымдарының атауларын үйренеді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде балалардың көркем өнер білімдері жүйеленіп, олардың әсемдік тарламдары арта түседі. Мысалы, балаларға кілем өнерін таныстыру барысында кілемнің түкті кілем және тақыр кілемдерге бөлінетіндігі, кілем сәндік өнердің жүнді көркем өңдеу түріне кіретіндігі айтылады. Мұнан соң кілемнің бетіне салынған ою-өрнектің композициясына назар аударылып, оны тоқуға қажетті материалдар қалай дайындалатындығы, тоқу станогының құрамындағы бөлшектерінің атаулары туралы мәліметтер беріледі. Арнайы дайындалған таблицалар бойынша кілемді тоқу технологиясымен таныстырылады. Қазіргі шеберлердің тоқыған кілемдерінің бірі үлгі ретінде көрсетілді.
Бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі - әңгіме сабақ деп аталады. Әңгіме сабақтың мақсаты балаларды еліміздің даңықты суретшілерінің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, бейнелеу өнерінің негізін құрайтын терминдерге түсінік беру, өнертанудың алғашқы ұғымдарын меңгерту, өнер арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Қорыта айтқанда, балалардың көркемдік білімдері нұсқаға қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарда белгілі бір сурет салу барысында, немесе өнер туындысын қабылдау барысында игеріледі. Балалардың көркемдік білімдерінің құрылымы бейнелеу сауаттылығын құрайтын жарық пен көлеңке, перспектива, түстану, композиция, симметрия, заңдылықтары туралы білімдерден және бейнеленетін көріністі қағаз бетіне орналастыра білу, зат құрылысын салу, зат көлемін көрсете білу, кеңістікті бейнелеу икемдіктері мен дағдыларынан құралады. Ал тәрбиешінің балаларға көркемдік білім беру әдістері: салатын нұсқаны талдау, бейнелеу жолдарын көрсету, жаңа сабақты түсіндіру, көрнекілікті сабақта қолдану, балалардың бейнелеу жұмыстарын басшылық көрсету және көркемдік –эстетикалық тәрбиені қалыптастыра білу, өнер туындыларына және бұйымдарына көркемдік талдау жасау іс-әректтер жүйесінен құралады.
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: shinar19690131 (2019-10-24) | Автор: Бейнелеу өнері сабақтарында эстетик E
Просмотров: 489 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru