Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Көбелекті бейнелеу
Ашық сабақ

Сынып: 1
Пән: бейнелеу өнері
Тақырыбы: «Көбелекті бейнелеу»

Семей 2011
1 сыныптағы «Көбелекті бейнелеу» тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Көбелекті бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
1. Қоршаған табиғаттың жануарлар әлемінің әр түрлілігімен таныстыру: Бейнелейтін зат қалыбының тән ерекшеліктерін жеткізе отырып, сызықтық суретті құруға үйрету.
2. Бояулар, қарындаштармен жұмыс дағдыларын, графикалық икемділіктерін дамыту.
3. Табиғатқа деген ұқыпты қатынасын, көру, сезу, табиғаттағы барлық тірі жандарды уайымдау икемін тәрбиелеу.
Шұғылдану түрі: жазықтықта бейнелеу.
Сабақ түрі: білімдерін, дағдыларын және іскерліктерін жетілдіру.
Мұғалімге арналған жабдықтартар: түрлі көбелектер бейнесі бар суреттер, фотографиялар, графикалық және көркем репродукциялар.
Оқушыларға арналған жабдықтар: альбом, қара қарындаш, өшіргіш, акварель бояулар, бояу жаққыштар.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (балаларды эмоциялық икемдеу).
2. Жаңа материалды мазмұндау.
3. Көбелектің ретті құрылымын көрсету.
4. Тәжірибелік жұмыс.
5. Суреттерді қарап шығу.
6. Үй жұмысы.
Сабақ барысы.
Жұмбақты шешіңдер!

Төрт гүл жапырағы да жыбырлады,
Жұлып алайын деп ем, пыр-пыр етіп ұша барды.
Сәнқұмар көйлекте ашық түсті, серуеннің бұл аңшысы.
Гүлден гүлге ұшады, жалығып кетсе – демалады.
Құс емес, қанаты бар:
Гүл үстінде ұшады,
Балшырын жинайды.

Көбелектер қалай пайда болады?
Көріксіз жасыл көбелек құртынан бір күні жеңіл қанатты дерлік және дене бітімі сымбатты әдемі көбелектің пайда болуы - табиғат кереметі мен жұмбағы.
Сонымен бұл жұмбақ үрдіс негізінен қалай болады екен? Басында болашақ әдемі - көбелек те, ал әзірше жұмыртқада жасушаның екі түрі болады. Олардың біреуі көбелек құрттың өсуі мен дамуына, ал екіншісі көбелектің қалыптасуына жауап береді. Көбелек құрты «өзінің жасушаларының» арқасында қажетті өлшемдеріне дейін өскенде және көбелекке айналған кезде көбелек үшін жауап беретін басқа жасушалары жандандырылады. Осыдан кейін қуыршақ денесінде қарқынды даму үрдісі басталады, тұмсығы, ұзын аяқтары және өте сұлу қанаттары пайда бола бастайды, дем алу, асқорыту және көбею органдары қайта қалыптасады.

Тек осы барлық маңызды үрдістер аяқталғаннан кейін жаңа көбелек өмірге келуге дайын.
Гүл- өмір символы, жанның қуанышы.
Тау бөктеріндегі гүлденген бақтардан көз тарту мүмкін емес.
Апорттың, ақ алманың ақшыл-қызғылт гүлі немесе жабайы алма ағашының ашық қызыл гүлі қандай әдемі.
Ал жазықтыққа төмен түссең – жазықтық қызғалдақтармен, бақ-бақтармен және басқа да гүлдермен жайқалып тұр.
Көбелек пен гүл өзара қандай ұқсас, табиғат ана ашық түсті халықтық көйлектер кигізіп қойған егіздердей.
Бұған қарап тояр емессің!
Түрлі көбелектердің түрлерінің ерекшеліктерін қарап атайық. Сол кезде түстердің сан алуандығына, көбелектің түсіне назар аударыңдар.
Көбелектер – бұл әлемнің кез келген аймағынан табылуы мүмкін жәндіктердің ірі тобы. Көбелектердің 12-ге жуық тұқымдастары бар. Көптеген үлкен, ұсақ көбелектер және көбелектер гүлдерден сорып алатын бал шырынымен қоректенеді. Қоректену кезінде олар тозаңды бір гүлден екіншіге тасымалдауы мүмкін, сонымен көптеген өсімдіктер тозаңдану жоспарында ұсақ көбелектер мен көбелектерге тәуелді. Ұсақ көбелектердегідей, көбелектердің ұзартылған сорушы ауыздары және бір жұп сияқты жұмыс істейтін екі жұп қанаттары бар. Олардың қанаттары, егер көбелекке тиіп қалсаң, шаң түрінде сілкінетін қабыршақты болып келеді.
Махаон- бұл Papilionidae тұқымдасының үлкен көбелегі. Бұл көбелек, сонымен қатар сары кәдімгі махаон немесе еуропалық махаон сияқты белгілі. Оны Papilionidae тұқымдасының ең көп таралған өкілі деп санауға болады: махаонды палеоарктикалық аймақтың, Еуропаның және Азияның кез келген жерінен кездестіруге болады.

Ақ адмирал бұл Нимфалидтер тұқымдасының көбелегі. Оны орманды жерлерден солтүстік Британиядан, Еуропа және Азияның көп бөлігінен табуға болады. Осы түрдің таралу аймағы Жапонияға дейін жетті.

Голубянка тұқымдастары күндізгі көбелектерге жатады және 5 мыңнан астам түрін құрайды. Голубянкалар Байкал маңында көп таралған.

Лимонница көбелекті Еуропа, Азиядан және тіпті Африканың солтүстігінен табуға болады. Бұл - он үш айға дейін өмір сүруі мүмкін, шынымен, осы уақыттың көп бөлігін ұйқымен өткізетін, ұзақ өмір сүруші көбелектердің бірі.

Монарх көбелегі бүкіл әлем бойынша жақсы танымал. Жиырмасыншы ғасырдың басынан, көшпелі көбелек атауымен танымал Жаңа Зеландия және Австралиядан табуға болады. Оның қанаттары жақсы танымал қызғылт сары қара әшекеймен ерекшеленеді. Қанаттарының құлашы 8,5-12,5 сантиметрді құрайды.

Түздегі аяқжол.
Жүгіреді, түзді аяқжол жүгіреді.
Біресе еңістей, біресе дөңестей.
Гүлден гүлге ұша береді,
Шатырқанат көбелек жалындай.
Жазда алаңқайдағы ауада ұшып–қонып жүрген көбелектерді көруге болады. Олар біресе жоғары ұмтылады, біресе гүлге қонады және жалындар болып көрінеді.
Көбелектер өте жұмсақ және нәзік, кішкене тию оларды жаралауы мүмкін. Сондықтан көбелектермен өте абай болыңдар.
Кейбір көбелектердің, өзіне назар аударуға қорқатындай сабырлы кезінде ашық түсті бояуы жоқ. Ағашта отырғанда, олар көрінбейді, тек ұшуда ғана керемет бояуын көрсетеді. Көбелектердің мұндай ашық түсті бояуы жайдан жай емес, құс көбелекті көріп, ұстап алуға ұмтылған кезде, көбелек қанатын жайып суретін көрсетіп, құсты шошытып жібереді. Өте ашық түсті бояу құс үшін сондай залалсыз емес, оған тиіспеген жөн. Және көбелектің осы ерекше әдемі бояуы көбелекті құтқарып қалады.
Дос болайық, Көбелек!
Дос болайық, Көбелек!
Достар болған көңілдірек!
Бақшамызда гүлдер бар,
Төбесінен ұша бар!
Жаңбыр баққа жауса да,
Абыржыма босқа да!
Ештеңеге уайымдамай,
Қалпағыма тығыла бер!
Көбелектің ең ақын және үлкен бөліктері екі алдыңғы және екі артқы, үшбұрышты қанаттары болып табылады. Олардың бет үстілері ғажайып әшекей түзетін ұсақ түрлі түсті қабыршақты болып келеді. Қанаттары сопақша келетін кеудесіне бекітіледі. Оның бет үсті толық ұсақ түкті болып келеді. Кеудеден төменірек алты әлсіз аяқтары бекітіледі. Кеуде алдынан басымен, ал артынан құрсақпен жалғанған. Басы дөңгелек болып келеді. Онда екі күрделі көздері, жіңішке мұртшалар және шиыршық бұралған ұзын тұмсығы орналасқан. Құрсағы дөңгелек, жиі конусты болып келеді.
Тәжірибелік бөлімі:
Көбелек саламыз. Негізгі өлшемдерін белгілейміз. Кеуде қалыбын салу үшін бүкіл ұзындықты тең бөліп, орта тік сызық жүргіземіз. Кеуденің ортасын алдыңғы қанаттардың төменгі көлденең контуры белгілейді. Оны тік сызықпен белгілеп, кеуденің сопағын жүргіземіз. Басы мен құрсағын саламыз. Сызба түрінде көбелектің қанаттарын көрсетеміз. Контурдың тіреуіш бөліктерінен бағыт ала отырып, алдыңғы қанаттардың жоғарғы бұрыштарын; бүйір жақ көлбеу сызықтарды жалғайтын, алдыңғы және артқы қанаттардың шеткі тістерін жалғайтын тік көлденең сызық жүргіземіз; артқы қанаттарының төменгі ұштарын жалғайтын тік сызық жүргіземіз. Сөйтіп, бүкіл көбелек трапеция түрлі пішінге тура келтіреміз.
Көбелек қанаттарының қалыбы екі бүгілісі (басындағы және бұрыштар ұшындағы), тісті бүйір жақ контурлары (шеттеріндегі тістері және үш үлкен ойыстары бар) бар алдыңғы қанаттарының тұтас – шеткі иықтарымен және қанаттарының аздап бүгілген төменгі шеттерімен сипатталады. Артқы қанаттарының контурлары үстінен алдыңғы қанаттарымен жабылады, бүйір жақтар – тісті (үш үлкен ойыстары бар) және ішкі тұтас шеттері, аздап бір ойықпен бүгілген. Пішіндердің осы ерекшеліктерін контур элементінің әрбір соңғы нүктелерін жалғайтын, қарындаш - векторға параллельді тік сызықтармен белгілейміз. Мұнда әрбір элементтің өлшемдерін және бағыттарын анықтауда нақтылық қажет.
Контурдың тік сызықты элементтерінде бір немесе екінші жаққа бүгілістерін, ойыстарын және тістерімен контурдың нақты сызығының сипатын көрсетеміз. Мұртшаларын саламыз, бас қалыбын, құрсағының кеудесін дәлдейміз, қанаттарын әшекейлейміз. Табиғимен салыстырамыз.
Оның бояуын түсті акварельмен жеткіземіз. Алдымен қанаттардың сары таңбаларын саламыз, содан кейін артқы қанаттардың қызғылт-сұр төменгі шеттерін және қара таңбаларын, басын, кеудесін және құрсағын саламыз. Көбелек денесінің айналасындағы ортада орналасқан қара таңбалар шекараларының жұмсақтығын көрсетеміз. Салған көбелегімізді үлгімен салыстырамыз, түсті фонын, қанықтығын және бояудың ашық түстігін тексереміз.

Көбелекті салу жолдары
Өткен материалды бекіту.
Көбелектер туралы қандай жаңа ақпарат естідіңдер?
Көбелектер қалай пайда болады?
Көбелектердің қанша тұқымдасы бар?
Көбелектер немен қоректенеді?
Сабақтың соңында шолу және талдауға оқушылардың өздерін тарта отырып, композициялық және түстік шешімге назар аудара отырып, жұмыс талдауын жүргіземіз.


корытындысы

Источник: http://download.files.namba.kz/files/1800513

Категория: ИЗО и черчение | Добавил: fizra2011 (2011-02-28) | Автор: Мухамедиев Ерсаин Исаинович E
Просмотров: 11347 | Рейтинг: 1.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 8:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru