Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Технология

Технология пәнінен 5-6 сыныптар үшін зертханалық жұмыстар
Технология пәнінен 5-6 сыныптар үшін зертханалық жұмыстар

Ақтөбе қаласы
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп
технология пәнінің мұғалімі Матаева Бакыт Зулхарнаевна

5 класс
Тарауы: Тамақ әзірлеу технологиясы.
Сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Көкөністердің тағамдық құндылығы.
Сабақтың мақсаты: Дәрумен мен минералдық заттарға
бай көкөністерді анықтау.
Сабақтың мазмұны:
1. Көкөністер туралы мәліметтер.
2. Көкөністер – дәрумендердің негізгі қайнар көзі.
3. Көкөністің құрамындағы дәрумендер мен минералдық заттардың мөлшері кестеде көрсетілген.
4. Қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар: сызғыш, қарындаш.
Орындалу реті:
1. Дәрумен мен минералдық заттарға бай, ең жоғарғы деңгейдегі көкөністі анықтау. Мысалы: каротин (провитамин А) – 9,0мг.
2. Қай көкөністе дәрумен мен минералдық заттардың мөлшері жоғары болғанын анықтау, құндылығы бойынша орын беру.
Мысалы: І орын — аскөк (В12 – 0,10мг, С – 10мг,
кальций – 223 мг, магний – 70мг).
ІІ орын — картоп (В1 – 0,12мг, калий – 568мг).
ІІІ орын — орамжапырақ (темір – 10мг), сәбіз (А – 9мг), қызылша (натрий – 86мг), көк пияз (В12 – 0,10мг), асқабақ (РР – 9,50мг).
Оқушының сарамандық жұмыс бойынша жеке пікірі:
Мысалы: Көкөністер адам денсаулығына өте пайдалы. Ең құнды болып аскөк көкөнісі анықталды.
Орындаған: ____________________________________________
(оқушының аты-жөні, сыныбы)

Тексерген: _______________ ____________________

(бағасы) (пән мұғалімінің қолы)

5 класс

Тарауы: Тамақ әзірлеу технологиясы.
Тірек-кесте.
Сабақтың тақырыбы: Көкөністердің тағамдық құндылығы
мен шипалық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Көкөністердің тағамдық құндылығы
мен шипалық қасиеттерін айырып, кестені толтыру.
Сабақтың мазмұны:
1. Көкөністердің тағамдық құндылығы мен шипалық қасиеттері туралы теориялық материалды меңгеру.
2. Теориялық материалға сүйене отырып, төмендегі көрсетілген кестені өз бетімен толтыру.
3. Қорытынды жасау.


№ Көкөністер түрлері Тағамдық құндылығы Шипалық қасиеттері
1. Орамжапырақ Дәрумендер мен минералдық заттарға бай Толық және атеросклерозбен ауыратын адамдарға пайдалы.
2. Сәбіз Каротин көзі Ағзаны жұқпалы аурулардан сақтайды, көзге пайдалы, ағзаның жетілуіне, дамуына ықпал жасайды. Іш қатқанда, бауыр, бүйрек, жүрек қан тамырларына пайдалы. Суық тиюге қарсылығын күшейтеді.
3. Қызылша Тамыр жемісі мен жапырақтарында белок көп, кальций бар Жүйке жүйесінің қызметі мен жүрек бұлшық еттерінің жиырылуын реттейді. Шырыны тұмау тигенде адам ағзасына пайдалы.
4. Қияр Құндылығы жоғары Асқазанның сөлінің бөлінуін күшейтеді, майдың, белоктың т.б. сіңімділігін арттырады.
5. Қызанақ Каротин, В тобы дәрумендер көп, кальций тұзы жеткілікті, дәруменді тағам Ішектің қызметін жақсартады, жеңілдетеді.
6. Тәтті бұрыш. Аскорбин қышқылы мол, жақсы сақтайды, каротинге бай Өте пайдалы.
7. Асқабақ Көптеген құнды, дәмді тағамдар даярлайды Шырыны пайдалы, түрлі ем ретінде пайдаланады.
8. Пияз Өте құнды, бағалы азық «Пияздан барлық ауру қашады», бактерицидтік қасиеті бар (гайморит, бронхит, тыныс жолы ауруларына қарсы қол-ды). Қант немесе бал араластырылған пияз шырыны өкпе туберкулезіне, жөтелге жақсы ем. Қантты азайтады, сондықтан қант диабетімен ауыратын адамдарға пайдалы.
9. Сарымсақ Өте бағалы азық, тағамдарға ашқылтым дәм береді, көгеріп кетуден сақтайды Бүйрегі, асқазаны, ішегі ауыратын адамдарға жеуге болмайды. Тумау кезінде өте пайдалы.
10. Картоп «Екінші нан», 2% белок, 0,4% май, 16-18% крахмал бар
Қант диабетімен ауыратын адамдардың аз тұтынғаны жөн. Дәрілік зат есебінде қолданады. Ішке тарту жоғары тыныс жолының ауруын емдеуге көмектеседі.

5 класс
Тарауы: Тігін бұйымдарын модельдеу.
Сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Мататану. Табиғи маталарды талдау.
Сабақтың мақсаты: Теориялық білімдеріне сүйене
отырып, табиғи маталары туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың мазмұны:
1. Теориялық материалды меңгеру.
2. Өз бетімен 1-2 табиғи матаны таңдап, бөлек-бөлек талдау.
Құрал-жабдықтар: табиғи мата түрлері (шыт, бәйкі, сәтен, фланель, бомази, зығыр, поплин және т.б.), сызғыш, қайшы, қарындаш, желім, скотч, ақ беттер, плакат. «Матаның қасиеттері».
Дайындау жұмыстары: 5х5 см төртбұрыш сыз.
4х4 см матаны қиып дайындау, төртбұрыштың ішіне жапсыру.

Орындалу реті:
І. Мата туралы түсінік беру.
1. Матаның аталуы ___________________________
2. Талшығы _________________________________
3. Матаның қолданылуы ______________________
ІІ. Мата беттерін анықтау.
1. Матаның оң мен теріс жағын анықтау.
2. 5х5 см төртбұрыштың ішіне оң жағын көрсетіп жапсыру.
ІІІ. Матаның негізі мен арқау жіптерін анықтау.
Жиегі бар ма, жоқ па? _____________________
1. 5х5 см төртбұрыш сызу.
2. 4х4 см матаны қиып алу.
3. Негізгі жіптің орналасуын анықтап, жапсырып көрсету (бағыттауыш арқылы →).
4. Арқаулық жіптің орналасуын анықтау, жапсырып көрсету (белгі «+»).
ІV. Матаның қасиеттерін анықтау.
1. Үлгі маталардың қасиеттерін анықтау.
2. «Орташа», «төмен», «жоғары» параметр арқылы сипаттау, белгі қою.
Мысал: 1. беріктігі – «орташа»
2.
3.
4.
5.
6.

V. Жұмысты аяқтау.
VІ. Жұмыс орнын жинау.

Орындаған: ____________________________________________
(оқушының аты-жөні, сыныбы)

Тексерген: _______________ ____________________
(бағасы) (пән мұғалімінің қолы)

Үйге тапсырма: 1-2 табиғи матаны осы жоспар-үлгісі
бойынша талдау.

6 класс
Тарауы: Өсімдік шаруашылығы.
Тірек-кесте.
Сабақтың тақырыбы: «Тамыр жемісті дақылдары».
Сабақтың мақсаты: Теориялық мағлұматқа сүйене отыра
төмендегі көрсетілген тірек-кестені толтыру. Көкөніс туралы
сипаттамасын бере отырып, өсіру
технологиясымен танысу.
Сабақтың мазмұны:
1. Теориялық білімдерін бекіту.
2. Көкөністің сипаттамасы мен өсіру технологиясына қысқаша мағлұмат беру.
3. Көкөністің сыртқы көрінісін суреттеп салу, бояу.
4. Төмендегі көрсетілген кестені өз бетімен толтыру.
Құрал-жабдықтар: сызғыш, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш т.б.

Орындалу реті
№ Көкөніс түрі Суреті (бояу) Қысқаша сипаттамасы Өсіру технологиясы
1. Қант қызылшасы Бағалы дақыл, өте құнды мал азығы, суармалы жерлерде өседі, екі жылдық өсімдік (І жыл өсу кезеңінің ұзақтығы – 150-170 күн, ІІ жыл 100-125 күн), жылу сүйгіш, суыққа шыдамды, бірақ үсікке шалдығады, жоғары өнімді дақыл 1. Топыраққа себілген тұқымы үшін қолайлы t 14-150С.
2. Әр гектарға бір тонна тамыр мен соған сәйкес пәлек түзу үшін, оған орта есеппен 6кг азот, 2кг фосфор, 6,7кг калий қажет.
3. Топырақтың 10см тереңдігі +5,60С жылынғанда бастап, ССТ-8-12А сеялкасымен себеді, әрбір шаршы метрге 18-25 дана, аралығы 60см кең қатарлы себу әдісі. Әр суару мөлшері 1 гектар жерге 60-700 текше метр су беріледі. Күзде жинайды (15-20.09.)
2. Сәбіз Дәрумендерге, әсіресе каротинге бай дақыл (1кг сәбізде 25-250гр каротин болады). Көмірсутек 9% бар, суыққа төзімді өсімдік құрғақшылыққа төзімді. Топырақтың, ылғалдың мол болғанын ұнатады, бірақ көп болса, жарылып кетеді, нашар сақталады. Сәбіз әкке бай, қышқыл топырақта жақсы өседі Топыраққа ауқымды t 18-200С жылылықта сіңірсе, ол біркелкі көктеп шығады. Әр гектарға 3,5кг азот, 1,5кг фосфор және 7кг калий пай-ды. Себу мөлшері 1 гектарға – 4-8кг, аралығы 45см етіп, кең қатарлы етіп себеді. Аяз түскенше жинап алған дұрыс. Сақтау кезінде t +1+20С, ауа ылғалдылығы 90-95%
3. Пияз Екі жылдық көк өсімдік, суыққа шыдамды. Жақсы ылғалданған топырақ қажет, ол қуаңшылыққа шыдайды, ылғалдылығы төмен болу керек Тұқымы +3, +50С-та өнеді, +15, +230С-та жақсы өседі. Ерте көктемде еккені дұрыс, қатар аралығы 20см кем болмауы керек. Себу нормасы 1 га – 6-10кг тұқым. Бау-бақшада 1см-ден қалдырып, 1-1,5см тереңдікке еске де жеткілікті. Сиретіп отырады. Піскен пияздың «мойыны» құрғақ, жапырақтары кепкен болуы керек
4. Қияр Топырақтың үстіңгі қабатында орналасады, арамшөптен таза, топырақтың борпылдақ болуын сүйеді Бірінші негізгі жапырақ пайда болғанда, өркендерді сиретеді. Қысқа сабақты қиярлар үшін қатардағы ара қашықтығы 6-8см, ұзын сабақтылар үшін 10-12см. Жаз бойы 3-5 рет суарады. Суару нормасы 1га – 500-700м3 су
5. Орамжапырақ Нормасына сәйкес қопсытады, суарады. Кеш, ерте пісетін орамжапырақтар өте пайдалы Әр гектарға 400-500м3 су кетеді. Кеш пісетін сорттарын жеңіл топырақта 6-8 рет, ал ауыр топырақта 5-7 рет суарады. Бүрку мен тозаңдандыру кемінде 2-3 рет жасалады

Оқушылар көкөніс немесе жеміс-жидек туралы мағлұматтар жинап, буклет, карточка, мәнжазба, шығармашылық жоба жазып тапсырады.

6 класс
Тарауы: Тамақ әзірлеу технологиясы.
Тірек-кесте.
Сабақтың тақырыбы: «Ас үй ыдыстары».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған теориялық
білімдеріне сүйене отырып, кестені толтыру.
Сабақтың мазмұны:
1. Асхана жабдықтары мен ас үй ыдыстары туралы теориялық мағлұматты өту.
2. Әр ас үй ыдысына қысқаша сипаттама беру.
3. Төмендегі көрсетілген тірек-кестені өз бетімен толтыру.
4. Ыдыстың суретін жапсыру немесе суретті салу, бояу.
Құрал-жабдықтар:
тірек-кесте, суреттер, сызғыш,
қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар,
желім, т.б.
№ Ыдыс түрлері Суреті (жапсырма немесе салынған) Сипаттамасы
1. Алюминий ыдыс Жеңіл, әрі ыстық-суыққа төзімді, мықты, жеңіл, жақсы жуылады, таттануға шыдамды. Бетіндегі пленка буланады. Қияр тұздауға, орамжапырақ ашытуға, қышқыл сорпа дайындауға болмайды
2. Шыңылтыр ыдыс Қауіпсіз, ұқыпты ұстамаса, шынысы ұшып кетеді. Төзімді, сорпа даярлауға жақсы, бірақ ботқа пісіргенде күйіп кетеді
3. Шыны ыдыс Ыстыққа төзімді, әйнектен жасалған, тамақ көпке дейін жылуын сақтайды. Тағам пісіру процесі байқалады
4. Шойын ыдыс Тамақты қуыруға, бұқтыруға, қыздырып пісіруге қолданады. Сырты қара түсті қаптама пленкамен қапталған. Егер бүлінсе, тағамның түсі қарайып, дәмі бұзылады, аскорбин қышқылы азаяды
5. Қыш ыдыс Негізінен етті жалын пеште дайындауға пайдаланылады. Ашық отқа қоюға болмайды
6. Болат ыдыс Хромникельді болаттан жасалған, қауіпсіз, жоғары коррозиялық қабілеті бар, ағамның, азықтың құндылығын сақтайды, күйіп кетпейді
7. Тефлон ыдыс Ішкі беті тефлонмен (күрделі полимер) қапталған. Аздаған май жағын қыздырып алады. Майсыз еемесе аздаған ғана май пайдаланады, көпке шыдайды

Қосымшасы: буклет жасау, ыдыс-аяқтың тарихын тауып, іздену.

6 класс
Тарауы: Тамақ әзірлеу технологиясы.
Тірек-кесте.
Сабақтың тақырыбы: «Ас үй ыдыстары».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдеріне
сүйене отырып, әр ас үй ыдыстың ерекшелігі мен кемшілігін анықтау, кестені толтыру.
Сабақтың мазмұны:
1. Теориялық мағлұматты меңгеру.
2. Ас үй ыдысының адам үшін ерекшелігі мен кемшілігін тауып, айырып көрсету.
3. Төмендегі көрсетілген кестені өз бетімен толтыру.
Құрал-жабдықтар: қосымша әдебиеттер, сызғыш, қарындаш т.б.

№ Ыдыс түрі Ерекшелігі Кемшілігі
1. Алюминий ыдыс Жеңіл, төзімді, көпке жетеді, жақсы жуылады, шыдамды Беті бұзылса, адам уланады. Қышқыл тағамдарды дайындауға болмайды
2. Шыңылтыр ыдыс Әдемі, қауіпсіз, сорпа даярлауға жақсы, жақсы жуылады, ұқыпты ұстаса, шыдамды Шынысы ұшып кетсе, тамақ күйіп кетеді
3. Шойын ыдыс Заманға сай, жаңа ас үй ыдысы, қолдануға өте тиімді Егер пленка бүлінсе, тағамның дәмін бұзады, аскорбин қышқылы азаяды
4. Шыны ыдыс Төзімді, жылуын сақтайды, процессіз бақылап көріп отыруға болады. Заманға сай, өте тиімді Шыны сынуы мүмкін. Ұстағанда көпке дейін ыстық болады
5. Қыш ыдыс Ашық отқа қоюға болмайды
6. Болат ыдыс Қауіпсіз, коррозиялық қабілеті жоғары, хромникельді болаттан жасалған, күйіп кетпейді, тағамның азықтық құндылығын сақтайды. Заманға сай, өте тиімді ыдыс Жуу процесі ұзақ, ауыр ыдыс

Ас электр бұйымдары
№ Ас үй электр бұйымның түрі Ерекшелігі Кемшілігі
1. Миксер
2. Кофе ұнтатқыш
3. Тостер
4. Комбайн
5. Жалын пеш
6. Ыдыс жуатын машина
7. Электр ет тартқыш

6 класс
Тарауы: Тамақ әзірлеу технологиясы.
Сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: «Жарма өнімдері».
Сабақтың мақсаты: Тағамдық құндылығы жоғары
жарманың түрін анықтау.
Сабақтың мазмұны:
1. Жарма өнімдері туралы мәлімет.
2. Берілген кестесінен және тағамдық құндылығы, химиялық құрамы жоғары жарма өнімдерін анықтау.
3. Белгілеп, орын беру І орын – (0), ІІ орын – (∆), ІІІ орын – (□).
4. Қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар: ақ бет, қарындаш т.б.
Жұмыстың орындалу реті
1. Құрамында крахмалы көп жарманы анықта, белгіле, орын бер.
(O) І орын — күріш
(∆) ІІ орын — манка, арпа ақталған
(□) ІІІ орын — арпа.
2. Құрамында белоктары көп жарманы анықта, белгіле, орын бер.
(O) І орын — «геркулес»
(∆) ІІ орын — қарақұмық
(□) ІІІ орын — тары.
3. Құрамында майы көп жарманы анықта, белгіле, орын бер.
(O) І орын — «геркулес»
(∆) ІІ орын — тары
(□) ІІІ орын — қарақұмық.
4. Құрамында калорий көп жарманы анықта, белгіле, орын бер.
(O) І орын — «геркулес»
(∆) ІІ орын — тары
(□) ІІІ орын — қарақұмық.
Қорытынды. Жұмыс барысында тағамдық құндылығы өте жоғары екенін анықталған.
І — «геркулес» (белок – 13,1%, май – 6,2%, ккал – 355%).
ІІ — тары (белок – 12%, май – 2,9%, ккал – 334%).
ІІІ — қарақұмық (белок – 12,6%, май – 2,6%, ккал – 329%).

Оқушының пікірі: ______________________________________
_______________________________________________________

Орындаған: ____________________________________________
(оқушының аты-жөні, сыныбы)

Тексерген: _______________ ____________________
(бағасы) (пән мұғалімінің қолы)

6 класс
Тарауы: Тамақ әзірлеу технологиясы.
Тірек-кесте.
Сабақтың тақырыбы: «Сүт және сүт тағамдары».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған теориялық
білімдерін тірек-кесте арқылы бекіту.
Сабақтың мазмұны:
1. Сүт және сүт тағамдары туралы мәлімет.
2. Тағамдық құндылығы мен шипалық қасиеттерін айырып, талқылау.
3. Төмендегі көрсетілген кестені өз бетімен толтыру.
4. Қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар: қосымша материалдар, сызғыш, қарындаш т.б.

№ Тағам түрі, суреті Тағамдық құндылығы Шипалық қасиеттері
1. Сүт Дәрумендердің көзі (А,В,С,Д,Е). Ең құнды тағамдық зат белок, май, мин.тұздар, казеин, лактоза, кальций, фосфор. Ең бағалысы – жаңа сауылған сүт Адамның тіршілігіне сүтте барлық қажетті заттар бар
2. Ацидофиллин Балаларға өте тәтті шырын Диеталық тамақтануда, кейбір асқазан ішек ауруларына, шипалы тағам ретінде пай-ды
3. Кілегей Тағамның дәмін келтіріп, сіңімділігін арттырады. Аса құнды белоктар, сүт майы бар Диеталық тағамға, көбіне балаларға ұсынылады
4. Сүзбе (ірімшік) Нәзік, жұмсақ, қою тағам, тез бұзылады Пайдалы
5. Сары май Сүт майларының концентраты құрамында сүт майлары, белоктар, каротин дәрумендері бар Адам организміне жақсы сіңеді, тумау кезінде өте пайдалы
6. Ірімшік (сыр) Құнарлы азықтардың бірі құрамында белок, май, дәрумендер, кальций, фосфор бар Өте пайдалы
7. Қымыз Сүйікті сусын биенің сүтінен ашытылады. Құрамында белок, май, А, С дәрумендері, мин.заттар бар Емдік қасиеті күшті, ас қорыту жолдарындағы бездердің сөл бөлуіне көп әсерін тигізеді. Туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды емдейді
8. Шұбат Түйе сүтінен ашытылады. Құрамында май, белок, мин.заттар мен дәрумендер бар Емдік қасиеттері мол, өте пайдалы

Қорытынды сөз: __________________________________
_______________________________________________________
Қосымшасы. Оқушылар осы тақырыпқа байланысты ізденіп, шығармашылық жоба, мәнжазба жазып, буклет жасайды.

6 класс
Тарауы: Тігін бұйымдарын модельдеу.
Сарамандық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Мататану. Жүн және жібек
маталарды талдау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған теориялық
білімдеріне сүйене отырып, табиғи маталары туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың мазмұны:
1. Мататану элементтері.
2. Жүн және жібек маталар туралы мәлімет.
3. Жүн және жібек маталарын талдау.
4. Төмендегі жоспар-үлгісі арқылы оқушы өз бетімен 1-2 жүн немесе жібек матаны талдау.
Құрал-жабдықтар: жүн және жібек
маталардың үлгілері, ақ беттер, сызғыш, қарындаш, желім, скотч, плакат «Матаның қасиеттері» т.б.

Орындалу реті:
І. Мата туралы түсінік беру.
1. Матаның аталуы ___________________________
2. Талшығы _________________________________
3. Матаның қолданылуы ______________________
ІІ. Мата беттерін анықтау.
1. Матаның оң мен теріс жағын анықтау.
2. 5х5 см төртбұрыштың ішіне оң жағын көрсетіп жапсыру.
ІІІ. Матаның негізі мен арқау жіптерін анықтау.
Жиегі бар ма, жоқ па _____________________
1. 5х5 см төртбұрыш сызу.
2. 4х4 см матаны қиып алу.
3. Негізгі жіптің орналасуын анықтап, жапсырып көрсету (бағыттауыш арқылы →).
4. Арқаулық жіптің орналасуын анықтау, жапсырып көрсету (белгі «+»).
ІV. Матаның қасиеттерін анықтау.
1. Үлгі маталардың қасиеттерін анықтау.
2. «Орташа», «төмен», «жоғары» параметр арқылы сипаттау, белгі қою.
Мысал: 1. беріктігі – «орташа»
2.
3.
4.
5.
6.

V. Жұмысты аяқтау.
VІ. Жұмыс орнын жинау.

Орындаған: ____________________________________________
(оқушының аты-жөні, сыныбы)

Тексерген: _______________ ____________________
(бағасы) (пән мұғалімінің қолы)

Үйге тапсырма: 1-2 табиғи матаны осы жоспар-үлгісі
бойынша талдау.
Категория: Технология | Добавил: Бакыт (2012-04-14)
Просмотров: 13116 | Рейтинг: 2.3/15
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 9:21 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru