Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Оқуға құштарлық
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп
Мерзiмі: 12.10
Сабақтың тақырыбы: 6- сабақ Оқуға құштарлық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: жауапкершілік, қызығушылық, еңбекқорлық, төзімділік.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:тыныштық сәті, сөзжұмбақ, жағдаяттар шешу,сергіту сәті, логикалық есептер, сөздерді табу, әңгімелеу, денсаулық ағашы, проблемалық сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, математика, биология, дене шынықтыру
Сынып: 2 «а»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білім бере отырып, дұрыс әрекет жасай білуге дағдылау.
Сабақтың міндеттері:
- Оқу- білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
- Оқушылардың оқуға, білім алуға деген ынталарын датыму.
- Оқушылардың бойындағы жауапкершілік қабілеттерін дамыта отырып, кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Ескертулер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т сақтау
1Тәртіп
2 талап
3тыныштық
4 тазалық
5татулық
Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 4мин Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, интербелсенді тақта,слайд, ән мәтіні

2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар себеттегі гүлдердің түстері бойынша3 топқа бөлінеді.
Мына сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
1 топ «қызығушылық»
2 топ «еңбекқорлық»
3 топ «жауапкершілік»
Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық!» өлең жолдарын толықтырады
4 мин
3.Жаңа сабақ:
Тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?(Мақал- мәтелдер)
Олай болса мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою арқылы, мағынасын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
1. .............- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
2. .........- инемен құдық қазғандай.
3. ............ білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4.Оқу –түбі ...
5.Білім қымбат, білу ...
- Балалар, бүгін біз оқу , білімнің адам өміріндегі қажеттілігі , маңыздылығы туралы әңгімелесеміз.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Оқуға құштарлық» деп аталады .Оқусыз білім жоқ дегендей оқуға құштарлық барлық баланың бойында табылуы қажет. Ендеше бүгінгі сабақта білім неге жетелейтінін білеміз. Яғни,
1. Болашаққа жетедейді.
2. Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі
3. Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.
4. Өмірді түсінуге көмектеседі.
5. Мамандық таңдауға көмектеседі.


6 мин
4. Дәйексөз
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
Ұлдар қайталайды, қыздар қайталайды, барлығы бірге қосылып айтады.
Оқушылар қайталайды, жаттап алып дәптерге жазады.
Мағынасын түсіндіреді. 2 мин
4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы
Адамның үш түрі
(Аңыз)
-Мына мүсіндердің әрқайсысының өзінің құндылығы және мағынасы бар,- деп бір патшаға көрші мемлекеттен алтыннан жасалған бірдей үш мүсін жібереді.Патша мүсіндерді өзінің қоластындағы адамдарына беріп, олардың айырмашылығын табуын талап етеді. Уәзірлері ол мүсіндерді таразыға салып өлшейді, ұзындығын өлшейді, аптынның сапасын тексереді. Бірақ еш айырмашылығын таппайды.Басқа көрген сырт адамдар да ешнәрсе байқамайды. Тек бір ақылды уәзір ғана берілмейді.Ол кішкене мүсіндердің оң құлақтарында тесіктер барын аңғарып, тесіктерге жіңішке алтын сымды кіргізеді де мынаны байқайды. Бірінші мүсіннің құлағына кірген сым екінші құлағынан шығады, ал екіншісінің-аузынан шығады, үшіншісінің ішінде қалады.Сосын біраз ойланған уәзір патшаға келіп:
-Уа, патшам, жұмбақтың шешімі табылған сияқты.Бірінші мүсін- бір құлағына айтылған сөз екінші құлағынан шығатын адамға, екінші мүсін - естігенін, білгенін аяғына дейін тыңдамай, ой елегінен өткізбей, басқаға жеткізетін адамға ұқсайды. Ал үшіншісі - оқығанын, естігенін,білетінін есінде сақтап, өз бойынан өткізіп, өмірде қажетіне пайдаланатын адам, -деп айтады.
Сұраққа жауап:
1. Осы үш мүсіннің қайсысы құндырақ? / Бойына білім жинайтын және оны дұрыс пайдаланатын адам /
2. Білім бізге не үшін қажет? /Білімді болсаң, барлық жағдайда сөзбен, ақылмен жеңесің.Басқа адамдарға ақыл айтасың. Білімді адам күшті адам./
3. Білімді болу үшін не істеуің керек?

4 мин
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 тапсырма
Постермен жұмыс
1 топ «ұстаз» алатын орны туралы айтып береді.
2 топ «кітап» не үшін қажеттілігін айтып береді.
3 топ «білім» неге жетелейтіні туралы айтып береді.
2 тапсырма Кестедегі жасырынған сөздерді табыңдар.

Б І К І Т А Қ
О Л О Қ А Б Ы
Қ І Е У П О Л
У М С Ш Ы Л М
Ұ С Т А З А А
С О Ө А Қ Ш Қ
А Й Л М Ы А А
Н Д Е Е Н Қ Л
А Ә Ң К Ә Қ - М
Е П Ж Т Л А Ә
С Т А Е І Л Т
Е Е З П П А Е
П Р У Е П М Л

Жасырынған сөздер: Білім, оқу, ұстаз, оқушы, кітап, ақыл, болашақ, мақал-мәтел, сана, ой, ес, өлең, ақын, дәптер, мектеп, әліппен, есеп, жазу, қалам
Әр топ бір сөзді таңдап оны орыс тіліне және ағылтын тіліне аударады.
3- тапсырма өлең жолдарын шығару
........... ....... оқимын,
........... ........ тоқимын.
........... ....... атанам,
........... бата алам.
Кітапты көп оқимын,
Ойға білім тоқимын.
Ойлы бала атанам,
Үлкендерден бата алам.
4- тапсырма «Кім жылдам» логикалық есептер шығару
1. Бір күні соқыр атасы немересіне кітапты беріп былай дейді:
- «Балам егер де сен осы кітапты оқысан, мен саған 1000 теңге ақша беремін » дейді. Бір апта өткен соң немересі атасына кітапты алып келіп
- «Ата мен кітабыныңды оқып болдым, енді ақшаны беріңіз»- дейді. Сонда атасы айтады:
- Балам сен кітапты оқыған жоқсын- дейді
Атасы соқыр болса да немересінің кітапты оқымағанын қайдан білді?
Жауабы: атасы кітаптың ішіне 1000 теңгені салып қойған.
1. Арман мен Айдын ағаштың діңіне өздерінің аттарын жазып кеткен, ағаш жылына 5 см өсті, 3 жыл өткен соң балалар өздерінің жазған ағаштарына келеді, олардың жазып кеткен жазулары қанша см өсті.
Жауабы: жазулары сол қалыпты өспейді

20 мин
6.Топпен ән айту. «Мектебім» әнін айту.
Әні мен сөзін жазған: Бота Бейсенова
1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.

Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,
Қайырмасы:
Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін

2 мин
7. Үй тапсырмасы.
А. Сопыбековтың «Ұстаз» өлеңін оқу, өз сөздерімен әңгімелеу. 20-22-бет. 1 мин
8.Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған әсерлерінізді бойларыңызға сіңіріп, жүрегімізге түйіп алайық. Айналамызға нұр шашайық!
Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет 1мин

Источник: http://вконтакте
Категория: Самопознание | Добавил: leila_2301 (2017-02-07) | Автор: Кайсина Ляйля Кулумхановна E W
Просмотров: 841 | Теги: Нету | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru