Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

«Жылы жүрек – жақсы тілек»
Сабақтың тақырыбы:
Сыныбы:
Сабақтың мақсаты:

Міндеттері:

Көрнекіліктер:

Пән аралық байланыс:

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту:

Үй тапсырмасын тексеру:

Пікірлесу сұрақтары:

Проблемалық сұрақ:

Жаңа ақпарат беру:

Ойын – жаттығу:

Мәтінмен жұмыс:

Сабақтың дәйек сөзі:

Тапсырма:

Дәптермен жұмыс:

Рефлексия:

Қорытынды:

«Жылы жүрек – жақсы тілек»
3 «Ә»
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеу.
Дамытуышылығы: қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Сабақтың дәйек сөзі жазылған плакат, жүрекшелер, таратпа парақтар.
Ана тілі, дүниетану.

Жаңа білімді хабарлау сабағы

Блок сабағы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
• Сәлемдесу, танысу
• Қызығушылықты ояту
• ІІ. Негізгі бөлім
• Үй тапсырмасын тексеру
• Пікірлесу сұрақтары
• Проблемалық сұрақ
• Жаңа ақпарат
• Ойын – жаттығу
• Мәтінмен жұмыс
• Сабақтың дәйек сөзі
• Тапсырма
• Дәптермен жұмыс
• Рефлексия
• Қорытынды

Сәлеметсіздерме ме, балалар! Көңіл – күйлерің қалай? Бүгінгі өзін-өзі тану сабағын сендермен мен жүргіземін. Сендермен тағыда қайта жүздескеніме қуаныштымын.

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Ө.Ақылбековтың «Өзіңді тану» өлеңін бірлесе айтайық.
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу- өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.
- Балалар, ең алдымен бірінші қадамды өзімізден бастайымыз керек. Өзіміз қандай болсақ, өмірде бізге сондай болып көрінеді.

Ал, енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын. Сабақ соңынан дәптерлеріңді жинап беріңдер, мен үй тапсырмасын тексеремін.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Жылы жүрек – жақсы тілек» деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты «Адамдар арасындағы бір – бірлеріне деген мейірімділігі, қайырымдылығы туралы жүректен шыққан жылы, жақсы тілектерін білдіруі» жайлы өздеріңмен пікірлессем деймін. Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.
1.«Жақсы болу – өзіңнен, Жаман болу- өзіңнен», – деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?
(Яғни, адамның жақсы болуда жаман болуыда өз қолында.Сондықтан жақсы болуға талпынуымыз керек.)
2.Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?
3.Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Жылылық пен қуаныш сыйлай білу әркімнің қолынан келе ма?
Осы сұрақ төңірегінде ойланып отырыңдар, сабақ соңынан жауаптарың тыңдалады.
Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді. Адам өзінің жүрегінің жылуын адамдарға, айналаға, табиғатқа қамқорлық пен қайырымдылық жасау арқылы, көмек көрсетуі арқылы көрсетеді.Адамдардың бір – біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады.Жақсы адам әрдайым қол ұшын беріп көмектесуге, жанашырлық танытуға, қамқорлық жасап қолдауға дайын тұрады.Адам жүрегінің жылылыққа, ізгілікке толы болуы үшін, адам бойында адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық міндетті түрде болуы керек. «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді». Бір – бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі.
Балалар біз сендермен қазір «Біз тіл табыса білеміз» деген ойын – жаттығу орындаймыз. Тақтада жазылған сөздерді біз күнделікті өмірде адамдармен сөйлескенде естіп, тіл табысу кезінде қолданып жүрміз. Сол сөздердің ішінен өзіңе ұнаған бір сөзді мен таратқан алақанның суреті салынған параққа жазыңдар. Оны мына «Біз тіл табыса білеміз» деген айдардың қасына жапыстырамыз. Мен сендердің таңдаған сөздеріңе байланысты сіздердің бойыныздағы қасиеттеріңізді айтып берем.
- Жақсы – адамдарға тек жаксылық ойлайтын адам
- Білім – ізденімпаз адам;
- Тамаша – әсерлі адам;
- Керемет – жан дүниесі бай;
- Орташа – қанағатшыл;
- Жұлдыз – жаңалыққа жаны құмар адам;
- Тәтті – балажан, бауырмал;
- Қамқор – қамқорлыққа дайын;
- Рахмет – ризашылық білдіретін және басқа адамға қуаныш сыйлай алаты;
- Ренжімеңіз – әдіптіліктің белгісі;
- Кешіріңіз – сыпайы адам.
-Бұл сыныпта тек жақсы, ізденімпаз, тамаша, көпшіл, әсем, өнерлі, шебер, қамқор жүректері адалдыққа құштар оқушылар білім алады екен.

Оқулығымызда «Жақсы ата» әңгімесі берілген екен. Мен сендерге әңгімелеп берейін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
«Жақсы ата» Е.Шайқыұлы

Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам көбіне-көп табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян.
Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататың адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді. Ол:
- Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.
Әкесі:
- Өзің ойнасаңшы, - деп сылап-сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп – қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:
- Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін, - деді.
Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмары қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:
- Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.
- Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, - деді мейірленіп.
 Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?
 Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
 Өздерің жылы жүректен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер.

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде халық мақалы «Жақсы сөз – жан семіртер» деген сөздердің астарында қаншама мән – мағына жатыр. Яғни, жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

Қазір біз Жылы жүрекке толған жақсы тілекке толы жылы лебіздерімізді мына мен таратқан жүрекшелерге жазу арқылы толтырамыз. Әркім өз тілегін кімге арнағысы келеді соған арнайды. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетсе қандай ғанибет!!!

Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.

 Жылылық пен қуаныш сыйлай білу әркімнің қолынан келе ма?
 Бүгінгі сабақта қандай ұғымдармен таныс болдық?
 Кімнен үлгі алар едіңдер?

- Балалар бүгін біз сабақта бір – бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір – бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік. Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, жақсылық туралы сөйлестік. Енді, өзіміздің жылы тілек, лебіз, сөздерімізді осы бір мен таратқан көбелек пен құстың бейнесіне жазайық. Тілектерімізді көбелектер мен көгершіндерге жазып, шарға жапыстырайық. Сіздер кішкентай, таза періштесіздер. Сіздердің айтқан тілектеріңіз әрдайым орындалады. Олай болса осы сіздердің жазған тілектеріңізді қазір сабақ біткеннен кейін есік алдына шығып, бүкіл әлем хабардар болсын, көрсін деп көк аспанға ұшырамыз.

-Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
Категория: Самопознание | Добавил: Мака (2017-04-09) E
Просмотров: 1718 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 3:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru