Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Төзім мен табандылық
ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мектеп №5 мектеп-гимназиясы. Мерзiмі:
Мұғалiм: Минахунова Сандуғаш Сынып 4А
Оқушылар саны: 25
Тақырып Төзім мен табандылық
Құндылық Дұрыс әрекет
Қасиеттер төзімділік,табандылық,сабырлылық.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды төзімділікке, табандылыққа баули отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
- Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
 Өзара жағымды қатынасын,сабырлылық қасиеттерін дамыту;
- Төзімділік пен табандылыққа,сабырлылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, слайд, сурет, гүл
Сабақбарысы:
1.Ұйымдастырукезеңi.
1. Сәлемдесу
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Оқушылардың құрал -жабдықтарын түгендеу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Ескертулер

2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Бүгінгі сабақта біз «Төзім мен табандылық»тақырыбында әңгімелесеміз.
- Ендеше үйге қандай тапсырма берілді?
(110-беттегі Р.Әбілқадырованың «Әдемі әже» әңгімесі)
1.Рөлге бөліп сахналау
2.Талқылау сұрақтары:
• Әдемі әженің демеп келе жатқан қандай адами қасиеттер екен?
• Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымнан нені түсіндіңдер?
• Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма?Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
• Төзімділік пен табандылықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?
• Төзімділік пен табандылықты өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?
• Дұрыс әрекет құндылығының төзім мен табандылықпен қандай байланысы бар?
Түйіндеме
Табандылыққа жетудің жолдарын балалардың өздеріне айтқызу!
1. Еңбектеніңдер!
2. Қиындықтан қашпаңдар!
3. Кедергілерді жеңе біліңдер!
4. Бастаған істеріңді аяғына дейін орындаңдар!
5. Мақсаттарыңа жете біліңдер!
Бәрекелді!
3.Дәйексөз.
Табандылық кез-келген кедергіні жеңеді.
Леонардо До Винчи
1.Дәйексөзді хормен оқыту
2.Қыздарға оқыту.
3.Ұлдарға оқыту
4.Балалар жауабына сүйеніп қорытынды жасау

4.Әңгiмелеу

Құмырсқаға сабақ болды
«Айгөлек» журналынан

Үш құмырсқа бірлесіп, шөп – шаламмен бітеліп қалған бұлақты тазалап, су ішпек болыпты. Бір кезде:
- Уһ, әбден шаршадым! Басқа жақтан бұлақ тауып, шөлімді қандырсам болмас, - дейді қызыл құмырсқа.
- Бастаған соң, тастама. Шыдап бақ! Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады, - дейді көк құмырсқа.
Бетінен қайтпаған қызыл құмырсқа көк құмырсқаның сөзін тыңдамай, басқа бұлақ іздеп кетіп қалды.
Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақтың көзін ашуға бар күшін жұмсайды.
Қызыл құмырсқа талай жер жүрсе де, бұлақ таба алмайды. Әбден шаршап, шөлдеген соң, ол тілі аузына сыймай, сол алғашқы бұлаққа қайтпақшы болады.
Көк құмырсқа мен жасыл құмырсқа бұлақты тазалап болып, мөп мөлдір салқын су ішіп отырады. Қастарына тілі салақтап, қызыл құмырсқа келді. Достарынан ұялып, беті қызарған қызыл құмырсқа қайта – қайта кешірім сұрайды. Содан бері қызыл құмырсқа не істесе де «табандылықпен аяқтармын – ау!» деп өз – өзіне серт етті.

Талқылау сұрақтары:
• Қызыл құмырсқаның әрекеті туралы не айта аласыңдар?
• Неліктен құмырсқа «табандылықпен аяқтармын» деп серт берді?
• Сендерге төзімділік, табандылық бойынша үлгі – өнеге болатын қай сала адамдарын білесіңдер?
Құмырсқаның әрекеті қалай бағалар едің?
Балалар бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 2 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу,дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау.5 минут.)
1-топ: «Төзімділер»тобы-қызыл түс
1-тап: Дәптердің 33 –бетіндегі тапсырма:
Аңызды оқып,Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбелеп жазыңдар
2-топ: «Табандылар»тобы- жасыл түс
1-тап: Дәптердің 34 –бетіндегі тапсырма:
Төменде берілген түйінді ойларды толықтырып жазыңдар.
1-топ: «Төзімділер»тобы
2-тап: «Төзім мен табандылыққа жету жолдарын жазу»
6.Топпен ән айту.
Болайықшы осындай

Өлеңі мен әнін жазған: А.Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

7.Үй тапсырмасы.
1. Оқулықтың 111-бетіндегі Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін оқып келу.

8.Соңғы тыныштық сәті
-Балалар,бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді, жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп,жүрегімізге сақтап алайық.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау.
-Рахмет!Сау болыңыздар!
Категория: Самопознание | Добавил: ТатьянаТатьянка (2018-01-02) | Автор: Минахунова Сандуғаш E
Просмотров: 1309 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 6:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru