Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Намыс абырой 9-сынып. Сабақ жоспары
Өзін-өзі тану 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Намыс абырой
Сабақтың мақсаты: Оқушылырдың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
• Ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;
• Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
• Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сенім
Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іс пен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл, сана, білім мен
Өнеріме сенемін!
Арым - таза, ақ көңіл
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы, ақ ниет
Адамдыққа сенемін!
Ә. Табылдиев

Ойланайық, пікірлесейік
Берілген сұрақтар арқылы адамның ар-намысы,ұяты туралы ойларын тыңдау
 Ар, Намыс, Ұят ұғымдары туралы не білесіздер?
 Өз ісіңізге қатты ұялған кезіңіз болды ма?
 “Ар-намыс керек адамға” дегенді қалай түсінесіз?
 Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер көмектеседі?
Тапсырма
Баубек Бұлқышев әңгімесінен үзінді
...Жау оғының астында қасқайып күлісіп тұрғаншығыс адамдарын жаным сондай сүйеді. Асылы, біздің халық намысқой, «өлімнен ұят күшті» дейтін халық қой. Ел намысы үшін өлген ер өлімі бізде қадірлі,сондықтан біз өлімнен намыс жоғары дегенді жау оғының астында да қайталап айтамыз.
Мықты бол, Шығыс ұлы!
“Өлімнен ұят күшті”, “Өлімнен намыс жоғары” деген сөздерді
талдап түсіндіріңдер
Дәйексөз
Ұят– ар сақтайды, арлыны ел мақтайды.
Халық мақалы
Дәйексөзді дәптерге жазу, мағынасын түсіндіру
Мәтінмен жұмыс
Балқар аңызы
Алғашқы қар жауған күн екен. Таңертең бір қария үйден шығып, айналаға қараса, аппақ қар жатады және өздерінің үйінің есігінен шығып кеткен бір ізді көреді. «Астапыралла, отбасымның барлық мүшесі әлі ұйықтап жатыр емес пе? Сонда үйден шығып кеткен бұл кім екен? »-деп әлгі іздің соңынан түсіп жүре береді. Үйден біраз ұзағанда біреуді кезіктіреді. Ол-Нәсіп екен. Ақсақал «Сен қайда бара жатырсың?»-деп

сұрайды. Сол кезде Нәсіп «Мен осы күнге дейін сіздердің үйлеріңізде болдым. Енді басқа үйлерге кетіп бара жатырмын. Оларға да баруым керек қой»-деп жауап берді. Ақсақал Нәсіпке кетпеуін, үйге қайта келуін өтінді. Сонда Нәсіп «Мен сенің бір тілегіңді орындайын, айтыңыз» дейді.Ақсақал болса, «Жүр,үйге жүр. Отбасыммен ақылдасып отырып, тілегімді айтайын»-дейді. Алайда Нәсіп осы жерде күтетінін, ақсақалдың өзі барып, отбасы мүшелерімен ақылдасып келуіне кеңес береді. Амал жоқ, ақсақал асығып, алып-ұшып үйіне келеді. Әйелін, бала-шағасын оятып, ақылдасуға шақырады. Бәрі жиналып, әр түрлі тілектерін айтады. Біреуі алтын керек, ақша керек, енді бірі жылқы және басқа мал керек дейді. Ақсақал соңында «Ал бәрің де айтып болдыңдар ма?» - деп сұрайды. Сол кезде біреуі «анау шымылдықтың ар жағында отырған кішкентай келін қалды. Сол айтқан жоқ»- дейді. Атасы жас келіннің тілегін сұрап келуге кіші қызын жұмсайды. Бір кіші қайын сіңілісі тілмаш секілді отбасы мен келіннің арасына делдал болып жүреді. Сөйтіп, жас келіннен қандай тілегің бар деп сұраса, ол «абырой, намыс керек» депті. Оны естіген ақсақал «Бәріңнің манадан айтқан ойларың көңілімнен шықпады. Жас келініміздің тілегі ерекше екен. Мен осыған тоқтам жасап отырмын. Барып Нәсіпке айтамын»- деп, тұра жөнеліпті. Нәсіпке келіп, «Байлығымы, дүние-мүлкімді алып кете бер. Бізге тек абырой,намысты қалдырсаңыз болғаны,-дейді. Мұны естіген Нәсіп «Мен кеткелі тұр едім.Ал мына тілектеріңмен аяқ-қолымды байлап тастағандай болдыңдар.Енді мен ешқайда кетпей,сіздермен бірге бола беремін. Абырой, намыс болған жерде, бақыт та, береке де болады. Адамға абырой, намыстан асқан рухани құндылық жоқ»-депті. Сөйтіп, Нәсіп ақсақалға ілесіп, үйлеріне келген екен.
Нәсіп қандай ой түйді?
Қарияның шешімімен келісесің бе?
Назар аударыңыз
Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.
Л. Хочиева

Намыс сөзіне 5 жолдан тұратын шумақ құру
Тапсырма
Берілген нақыл сөздерді оқып, түсіндіру.
Адамның ұяты етінде, адамгершілігі ниетінде.
Халық нақылы
Ар-намысыңның пәктігі –
Жан-дүниеңнің шаттығы.
Мұзафар Әлімбаев
Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді,
Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді.
Халық нақылы
Абырой – ар еңбегі.
Халық нақылы
Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар,
Намысы жоқ жігіттің, намыспенен несі бар?
Халық нақылы
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.

Қазақтың намысын оятқан Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына тоқталу.

Желтоқсан құрбандары

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей.


Жастар жиналған Ушанов алаңы осы


Тәуелсіздік монументі

Түйіндеме
Абай
Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат-жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын.
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.
Түсіну үшін мынадай салыстыру келтіруге болады: күн адамның рухы болса, сәулесі оның ақылы. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады.
Ақыл мен жан мен – өзім, тән мекені,
Менімен менікінің мағынасы екі.
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
Менікі өлсе өлсін оған бекі.
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ та қайтып келіп, ойнап күлмес.
Мені мен менікінің айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес
Абай
Есіңе сақта!
...Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?

Намыс
Намыс деген нақты шындық білгенге,
Намыссыз ер нағыз өмір сүргенбе?
Намыс үшін нақақ кетсем өкінбен,
Найзағаймын намысыма мінгенде.
Намысымда нәзіктігім бардағы,
Намысымның биік - биік арманы.
Азаматтық ақиқатқа сүйеніп,
Намысымды жоғалтпасам болғаны.
Намыс нардың көтереді жүгін де,
Намыс ерлік еңіреген бүгінде.
Намыспенен жүріп өтсем тағдырды,
Өшпестей боп қалар менің ізім де.
А. Калетаев

Категория: Самопознание | Добавил: саулешка (2011-03-01) | Автор: Кажыкенова Э.А. Семей №30мектеп E
Просмотров: 13992 | Рейтинг: 2.0/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 9:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru