Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

"Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат"
Семей қаласы №35жалпы орта білім беретін мектеп
Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Айшукенова Данагүл Ермековна
Тренингтің тақырыбы:«Ана мен бала арасындағы махаббат»
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар,суреттер, интерактивті тақта,түрлі түсті қарындаш, жүрекше
Алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстары:
1. Төмендегі сұрақтар бойынша түсірілген бейнебаян.
а) Ата ана махаббаты дегенді қалай түсінесіз?
ә) Ата анаңа қандай тілек тілеген болар едіңіз?
2. "Менің отбасымның суреті"деген тақырыпта сурет салу
3. Тренингке шақыру қағаздарын дайындау

Тренинг бағдарламасы:
1.Есімдер аллитерациясы.
2.Бейнебаян тамашалау
3. «Қолынан танып біл!». Жаттығу
4.«Менің анамның үні».
5. «Ән».
6. «Үшеуіміздің суретіміз!»
7. «Өтінемін!» ойыны.
8. Педгогикалық ойын. «Мадақтау»
9. «Біз бақытты жанұямыз!» тақырыптағы сурет
10. «Жүрек жылуы» тренингі
11. «Ой-түйін»

Тренинг барысы:

І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.
1. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
Жүргізуші: Ендеше құрметті ата аналар осындай мейірімді, жаймашуақ атмосферада ата ана махабаты деген тақырыпта емін еркін отырып әңгімелессек дейміз. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі . Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ.
Қадірлі ата ана! Біз сіздердің бауыр еті балаларыңызбен және баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін деп тұла бойы елжіреп, жүрегіңіз дүрсілдеп отыратын сіздермен бірнеше сұрақтар төңірегінде бейнебаян түсірген едік. Енді осы бейнебаянға назарымызды аударсақ.
ІІ.Негізгі бөлім
1.«Қолынан танып біл!».
Көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
2. «Менің анамның үні».
Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек.
3. «Ән айтайық».
Барлығына таныс әуен алынады. Шеңбер бойымен бір бір жолдан айтады. Соңғы шумағын барлығы бірге айтады.
4. «Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды,анасы (әкесі) жалғастырады және екінші суретті анасы бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
5. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т.б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
6. Педгогикалық ойын. «Мадақтау»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр ана қағазға жазып,баласына айтады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).
8. «Біз бақытты жанұямыз!»
Жүргізуші: Құрметті ата аналар! Сіздердің алдарыңызда балалардың «Біз бақытты жанұямыз!» атты тақырыпқа салған суреттері ілулі тұр. Енді сіздер жақынырақ келіп осы суреттерден өз отбасыларыңыздың суретін тауып алуларыңызды сұраймыз.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
ІІІ. Қорытынды
1. «Жүрек жылуы» тренингі
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер.
2. «Ой-түйін»
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Әкем-біреу, анамда біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,
Олар барда – мереке. Көрген емен,
Қабақтарын шытқанын түнергенін
Әке-білек, саусағы-балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.

Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында жүрекше, күн, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар. - Осы белгілер бойынша оқушыға,ата-анаға,мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.
Категория: Самопознание | Добавил: Дастан (2012-02-02) | Автор: Данагул E
Просмотров: 15347 | Рейтинг: 2.3/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 11:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru