Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Қиял арманға жетелейді
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы
«Жанай орта мектебі»

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Кайракбаева Бахытхан Мухановна

Қиял арманға жетелейді

Армансыз адам болмайды.
Халық мақалы

Мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу.
Міндеттері:
-қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту;
-шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;
-жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер, «сиқырлы сақа» (асық), түрлі түсті қарындаштар, ақ парақтар.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады, Мұғалім балалардың көңілін көтеру үшін, жылы, мейірімді сөздер айтады:
-Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау менің қолымдағы сақа жай сақа емес, естеріңде болса, Данышпан ата сендердің білімдеріңе риза болғандықтан сыйға тартқан «сиқырлы сақа». Әрбірің осы «сиқырлы сақаны» ұстап, өз достарыңа, құрбыларыңа, сыныптастарыңа адал ниеттеріңмен жақсы тілектер айтсаңдар, сол тілектерің орындалады. Мысалы:
-Мен саған өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін.
-Мен сенің оқуда озат болуыңды тілеймін.
-Мен сенің достарыңның көп болуын тілеймін.
Сонымен бірге мына өлең жолдарын айтуларына болады.
Армен мен ақыл
Қ.Мырза Әли

-Шіркін-ай, күйші болсам, Шіркін-ай, ғалым болсам,
Бал тамған бармағынан! Тілдескен даналықпен!
Шіркін-ай, биші болсам, Әлемге мәлім болсам,
Шығып бір арманымнан! Ашқан көп жаңалықпен!
Шіркін-ай, әнші болсам, -Көзіңнен күлімдеген,
Кәдімгі күміс таңдай! Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!
Шіркін-ай, батыр болсам, Алдымен Білім деген
Айбатты арыстандай! Бәйгеден озып келсең.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын аша түсу үшін әңгімелесу жүргізіледі:
-Ерте-ерте, ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, алысты жақын етуді, теңіз, көлдердің үстімен жүруді, отынсыз тамақ пісіруді, су түбіне жүзіп,ондағы тіршілікті білуді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, даналығы, талабы, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз.
• Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыздар?
• Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім олардың пікірлерін өз ойымен және дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйіндейді.
-Қиял-адамның шексіз ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі, білімі арқылы қиялындағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты.
Тапсырма
Сабақта оқушылардың білім-біліктерін кеңейту мақсатында мынадай тапсырма ұсынылады:
Суретке қарап, «Кешегі қиял-бүгінгішындық» тақырыбына әңгіме құраңдар. Суреттегі бейнелердің бүгінгі күндегі көріністерін атаңдар.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім балаларды жақсы қиялдар мен армандарға жетелеу мақсатында «Ана қиялы» деген аңыз айтып береді.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға жазылған «Армансыз адам болмайды» деген халық даналығына балалардың назарын аударады және оның мәніне тереңірек тоқталады:
-Қиял-шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман-адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады.
Жаттығу-ойлану
Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмтылдыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Мұғалім балаларды үш топқа бөледі. Тапсырмаларды әр топқа бөліп береді.
Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ параққа өз ойларын жазады.
1-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.
2-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар.
3-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.
Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді. Мұғалім олардың ойларын қорытып, қиялдарының шындыққа асуына тілектестігін білдіреді.
Өзіммен өзім
Балаларды адамдарға, айналаңа көмектесу тұрғысынан қиялдауға дағдыландыру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.
Мұғалімнің сөзі:
-Балалар, көз алдарыңа алыс жерді, алыс өмірді елестетіп көріңдер. Ол жерде бәрі басқаша. Адамдар тек қана робот арқылы тіршілік етеді. Көліктер жоқ, оның орнына ұшқыш тәрелкелер бар... Күн қатты суық. Біздің достарымыз Алпамыс пен Ақбота адасып, сол жақта елге келе алмай, қиналып жүр. Данышпан ата бізден көмек сұрап жатыр. Әрқайсысымыз қалай көмектесуді ойлап отырмыз. Көзімізді ашамыз.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың қялдарын шығармашылық тұрғыда дамыта түсу мақсатында мынадай тапсырма беріледі.
Тапсырма: Әңгімені өз қиялдарыңмен жалғастырып жазыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім бүгінгі сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздер арқылы түйіндеп қорытындылайды.
Жүректен жүрекке
Сабақ соңында балалар жақсылық тұрғысынан қиялдай білу керектігін түсінгендіктерін кезектесіп айтып шығады.
Мұғалім балалардың қиялының болашақта орындалуына сәттілік тілеп, олармен бірге Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін айтады.
Өнер, білім бар жұрттарЫ.Алтынсарин
Өнер, білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғаншаЖылдам хабар алғызды.Аты жоқ құр арбаныМың шақырым жерлерге. Күн жарымда барғызды.
Категория: Самопознание | Добавил: Гульнурик (2012-02-13) | Автор: Кайракбаева Бахытхан Мухановна
Просмотров: 7619 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-04-29, 5:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru