Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Самопознание

Адами қарым-қатынас ізгіліктері. Махаббат – өмір өзегі
Шетел тілдер педагогикалық колледжі
Өзін-өзі тану мұғалімі Садирова Гульбахар Тохтасуновна

Сабақтың тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері. Махаббат – өмір өзегі»
Сабақтың мақсаты:
- адами қарым-қатынас ізгіліктері, махаббат туралы түсініктерін кеңейту;
- студенттерді ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, компьтерлік слайдтар, «Кешіре білген сайын абыройың арта түседі», «... Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі», «... кекшілдік өзіңі де, өзгеге де шөп шығармайды. Асығыстың да тапқызар абыройы шамалы», «Махаббатсыз дүние бос...», «Бұл өмірде махаббаттан асқан қазына жоқ»
Шаттық шеңбері
Мұғалім студенттермен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып сөзі М.Шахановтың, әні Е.Хасанғалиевтің «Айналайын» әнін айтады.
Адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында сәлемдесудің түрлері көп. Әрбір ұлттың сәлемдесу түрлері де әртүрлі. Мәселен, Сәлеметсіз бе! Здравтвуйте! Бонжур! Чао! Хау ду ю ду! Және т.б.
Алайда әр халық дәстүрінде, әр ыңғайда орындалып, әр тілде айтылғаны – әр қилы ұғымды білдіргенімен бұл орайдағы мүдде біреу - ақ. Ол бір-бірінің саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен кездесіп тұрғанына қуаныш білдіру, ниеттері ақ, адал екендіктерін сездіру. Барлық замандар мен барлық халықтарда сәлемге сәлеммен жауап бермеу әдепсіздіктің ең нашар түрі, сол ортаны, жұртты сыйламаушылық болып табылады.
Қалай амандасқан жөн? Бұл орайда ең бірінші ескертетін жәйт, сіз амандасқалы тұрған адамға жарқын жүз, райлы пейіл танытуыңыз болса керек. Оны менсінбей тұрғандай, қолды селсоқ, сұлық ұсына салу тәрбиелімін деген адамға еш жараспас.

1-жаттығу. Рольдік ойын «Сәлемдесу әдебін білесіз бе?»
Сәлем беру – имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттілік белгісі. Тәуліктің үш мезгіліне қатысты «қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деп айтылады. Адамдар бір-бірімен ақ жарқын, жымия амандасуға тиісті.
Қазақ халқының сәлемдесу түрлері көп. Қазір біз соларды орындап көрейік.
Шәкір: Сәлематсыз ба? (басын иіп амандасады)
Ұстаз: Сәламатта болыңыз.
Бекмырза: Сәлеметсіз бе, Райымбек Өсербайұлы!
Р.Өсербайұлы: Сәлемет пе, Бекмырза!
Қыз бала: Аман-саусыз ба? (оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын иіп)
Әже: Аман сау болыңыз.
Ер бала: Ассалаумағалейкум! (қол алысып)
Ата: Уа алейкум ассалам.
Жасы кіші: Сізге амандық тілеймін. (бас иіп)
Жасы үлкен: Рақмет. Саған да амандық тілеймін. (жасы кішінің арқасынан қағып).
Адами қарым-қатынастағы маңызды іс-әрееттің бірі – сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті ьілден, тілдің тазалығынан басталады. Халықтың сөйлеу мәдениетіне әдепті сөйлеу, шешендік сөйлеу, астарлап сөйлеу жатады. Шешендік сөйлеу көп ойды аз сөзбен жеткізу ғана емес, мақалдатып, тілдің шырайын келтіре сөйлеу. Ал, астарлап сөйлеу кісінің көңліне тимес үшін, әрі жекіп, ұрсып, дөрекі сөздерді қоспау үшін ойды тұспалдап айту. Ал әдепті сөйлеу сыпайы сөздер, құрмет сөздер, аялы сөздер, жағымды сөздер арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырма. Күнделікті өмірде кездесетін әдепті сөздерді естеріңізге түсіріп төмендегі кестені толтырыңыздар.
Үлгісі:
Сыпайы сөздер Құрметтеу сөздер Аялы сөздер Жағымды сөздер
Кешіріңіз, рахмет ... Ардақты,
Аса құрметті ... Құлыным, айналайын Құлпырып кетіпсің!
Өте тамаша!

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Адам өмірінде сөйлесудің қандай маңызы бар?
2. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін адам қандай тұлғалық сапаларға ие болуы керек?
3. «Сені түсінсе – сол бақыт» деген тұжырымды қалай түсінесіздер?

Сөйлесу барысында тұлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Сөйлесу – өмірлік қажеттілік. Бұл қазіргі адам өміріндегі күнделікті ең маңызды құрамаларының бірі. Сөйлесу арқылы біз жаңа ақпарат аламыз, басқа адамдармен қатынастарымызды ретке келтіреміз, дос табамз, отбасын құрамыз, еңбек етеміз, оқимыз, өмірімізге керектінің бәрін табамыз.
Сөйлесудің барлық халықтарға ортақ ғылымда белгіленген вербальды және вербальды емес түрлері бар (1-сызба). Вербальды адамдардың бір-бірімен сөздер арқылы сөйлесуі болса, вербальды емес сөйлесу интонация, мимика, темб, пауза т.б. дене қимылдары мен қалыптары арқылы жүзеге асырылады.
2-жаттығу.
Студенттер бірнеше топқа бөлініп, кестеде көрсетілген дене қимылын көрсетеді, ал қалған студенттердің міндеті- олардың көңіл-күйін, көзқарастарын анықтауға болады. (слайд)
Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. Кикілжіңнің себебі стереотиптер, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуі болатындығын естен шығармаңыздар. Қандай шиеленіскен жағдай болмасын, эмоцияға беріліп, қызығушылықпен іс-әрекет етпеңіздер. Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз, кейін қалпына келмеуі мүмкін.
3-Жаттығу. «Үнсіз пошта»
Жаттығуды студенттер санына қарай команда болып орындайды. Тізбектегі ең соңғы студентке оқытушы бір сөз айтады (мысалы ағаш, адам, жаңбыр т.б.). басқалары бұл сөзді естімеуі керек. Соңғы студент естігенін өзінің алдында отырған адамның арқасына саусағымен салады. Осылай ақпарат тізбек арқылы ең бірінші отырған адамға жетеді. Ол өзінің арқасына не салғанын айту керек.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Студенттен алған ақпарат оқытушы айтқан ақпаратқа сай келе ме?
2. Осы жаттығу арқылы қандай қорытындыға келеміз?
3. Өзгертілген ақпарат кикілжіңнің тууына себеп болуы мүмкін бе?
Кикілжің ұғымы әркімге таныс. Кикілжіңнің негізгі бес түрі кездеседі: ішкі тұлғалық, тұлғааралық, тұлға мен топаралық, әлеуметтік.
Кикілжіңді дұрыс шешу жолдарын мұқият оқып, есте сақтаңыздар және керекті кезде қолдануға тырысыңыздар.
Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы
1-қадам. Кикілжіңнің себебін табу.
2-қадам. Эмоцияны қадағалау
3-қадам. Негізгі ережелер бойынша келісімге келу
4-қадам. Ұстанымдарды анықтау
5-қадам. Жасырын қажеттілік пен қызығушылықты анықтау.
6-қадам. Баламалы варианттар ұсыну.
7-қадам. Өзара тиімді варианттарға келісу
Өмірде бізде одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түсетін қасиет ол – махабат.
Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылық.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.
Тапсырма. Тренингілік жаттығу
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
2-кезең. Ұқсас ұғымдарды іріктеу.
3-кезең. Қарсы ұғымдарды іріктеу.
4-кезең. Ұғымның артықшылықтарын анықтау.
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
5-кезең. Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?
• Махаббат қай уақытқа жағымсыз қасиетке айналады?
6-кезең. Ұғымды тұырымдау.
Махаббат – бұл ...
Сонымен, махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды.
7-кезең. Өзара әсер рефлексиясы
Жүректен жүрекке
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады- дей келе сабағымызды қоырытындылап, баршаңызға жүректер таратамын. Әрбіріміз оған жақсы тілектер жазып Жер тәрізді шарға орналастырамыз

Студенттер білімін бағалау:
Үй тапсырмасы: Даналық тағылымы: оқулықтағы 126-129, 136-141 беттердегі берілген мәтінді оқу.
Категория: Самопознание | Добавил: дильгуль (2012-04-07)
Просмотров: 7381 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-12, 9:55 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru