Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Профессиональное образование

Құзыретті білімге көшу жағдайындағы педагогикалық технология
Құзыретті білімге көшу жағдайындағы педагогикалық технология

Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.
12 жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру жүйесінде «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңадан қолданысқа енген сөздердің мәні мен мағынасы біреуге түсінікті, таныс болса, біреуге бейтаныс, таңсық болуы мүмкін.Осыдан келіп педагогикалық терминологияға қосылып отырған «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңа терминдерді шынында да қалайша түсініп, қалайша қолданамыз деген ой туындайды.
Тұжырымдамада көрсетілгендей құзыреттіліктің өзі бірінен-бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады:
- өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
- өзінің қызметін бағалай білуі;
- түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
- өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
- өз бетінше алған ақпаратты талдай, таңдай білуі;
- түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.
Білім беру нәтижелері ретінде құзыреттіліктер:
- құндылықты-бағдарлы құзыреттілік
- мәдениеттанымдық құзыреттілік
- оқу-танымдық құзыреттілік
- коммуникативті құзыреттілік
- ақпараттық-технологиялық құзыреттілік
- әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі
- тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі бойынша анықталатындығы да белгіленген. Сонда құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағаларын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады.
Құзырлылық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді.
Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды.
Коммуникативті құзырлылықты оқыту технологиясы сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды.Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану негізінде қарым-қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс, біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.Коммуникативтік оқыту тілдік әрекеттің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған.Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.Бұдан коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз ететі.Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы тәжірибемізде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс шаралардан көруге болады.
Бұл сабақ түрлері арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабаққа әр түрлі белсенді тапсырмалар енгіземіз. Сонымен қатар тапсырманы берген соң оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастырамыз
Біздің ойымызша пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі мынадай құрамда болу керек: сөйлеу материалдары, яғни сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, оқу, жазу. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика) үш бағытқа бөлінеді:
1. Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру. Жаңа сөздер үйрене отырып, сөздік қорлары байиды, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.Меңгерген сөздерді өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тұжырымдайды.
2. Фонетикалық бағыт – қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Бұл кезеңде ұйымдастырылатын жұмыстар оқушының шығармашылық қабілетін ашуға бағытталып, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын игертуді көздейді. Атап айтқанда, олар: графикалық диктанттар, дыбыстық, буындық, сөздік талдауға арналған жаттығу жұмыстарының түрлері, логикалық ойындар, сурет салу, әріптермен жұмыс және т.б.
3. Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. Жетелеу сұрақтарын қойған кезде, сұрақтар бір сөзбен немесе бір ғана сөйлеммен жауап беретіндей болмауы керек. Керісінше, оқушының ойын жинақтап, бірнеше сөйлемдер арқылы күрделі, мағыналы пікірін білдіретіндей болғаны дұрыс. Мәтін сөйлемнен құралады десек, сөйлем белгілі бір ойды білдіреді.Сөйлемдерден ой жүйесі құралады. Жүйелі ойдан мәтін құралады. Мәтін мазмұны әңгімені білдіреді.
Осы үш материал 1-4 сынып оқушыларының арасында, әрине жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы керек. Коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру негізінде Сент-Экзепюридің сөзін айтқым келеді: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым-қатынас байлығы».Шынымен де бізге бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз, сұқбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік оқыту технологиясының элементтерін енгізу үшін тиімді жұмыс түрін енгіздік. Бұл балаларды бөлек отырғызып, әрқайсысымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі. Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта балалардың білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамытамыз. Ал нақтылап айтсақ, салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен коммуникативтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке, жұппен жұмыс істеу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз.
. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек. Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда
Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған.
Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру.
Қорыта келе осы технологиялардың бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой — өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Раушан67 (2014-12-13)
Просмотров: 987 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-04, 3:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru