Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Кітап жүйесі
№21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Семей қаласы.
Жауапты кітапхана меңгерушісі: Дудриқызы С.
Кіріспе бөлім .
Кітап-досың, жолдасың,
Өмірдегі жол басшың
Жақын болсаң онымен
Жаман бала болмассың,
Себер шуақ нұр көпке
Аяла оны құрметте!
Үңіле оқып әр бетін,
Күтіп ұста, кірлетпе!

Сабақтың тақырыбы: Кітап жүйесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кітаптың жүйесін таныстыра отырып, оны құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу, білімге деген құштарлығын арттыру. Ақыл-ой өрісін арттыру.

Кітап-араб сөзі-жазба, ал түрікше дәптер, мерзімді баспасөз басылымы дегенді білдіреді. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.

Мұқаба.
Мұқаба-кітаптан басталатын элемент. Бұл элемент кітапты қорғау үшін жасалынған. Мұқабасында бұл кітапты кім жазғанын, оның атын білесіңдер. Ал мұқабасындағы суреттен қай кейіпкер, не туралы айтылғанынан хабардар боласыңдар. Мұқаба екі жартыдан құрастырылып, сырты матамен тысталып, біріктіріледі. Кітаптың сыртқы бетіне кітаптың аты басылады және авторлары беріледі.

Титул парақ.
Титул парақ-оқырманға басылым туралы туралы негізгі мәліметтерді жеткізеді. Титул парақта автордың аты-жөні басылымның тақырыбы, баспаның орналасқан жері, басылым шығарылған жылы көрсетіледі. Титул парақ жалғыз немесе екі беттен немесе қосарланған төрт беттік болуы мүмкін.

Тираж.
Тираж-кітаптың баспадан шыққан данасы яғни саны.

Аннотация.
Аннотация-кітаптың қысқаша мазмұны туралы түсінік. Құжаттың қолданылуына байланысты мазмұнын, түрін, және де басқа да ерекшелік түрін білдіретін қысқаша сипаттама болып табылады. Аннотацияда кітаптың мазмұнын ашып қарастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Алғы сөз.
Алғы сөз-оқырмандарға басылым туралы алдын-ала мағлұмат беру, оның мазмұнының, құрылымының ерекшеліктері түсіндіреді.

Иллюстрация.
Иллюстрация-кітапты безендіруге арналған суреттер, фото суреттер, кестер, сызбалар, карталар.

Мазмұн.
Мазмұн-ол параграфтардан тұрады. Оларды римше, немесе үлкен не кіші әріптермен бөлуге болады. Кітаптан бірнеше авторлар болса оны мазмұнынан тауып алуға болады.

Кітапқұмарлар бәсекесі.
1-белес.
Ойлан, тап.
Тапқырлар тобы:
1. Кітаптар тұрағы қалай аталады?
2. Кітаптармен жұмыс істейтін маманды қалай атаймыз?
3. Кітапханаға барып үнемі кітап оқитын адам қалай аталады?
4. Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіңдер?
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?
Ойшылдар:
1. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығарылады?
2. Кітапты жазған адам қалай аталады?
3. Халықаралық Балалар кітабы күні қай күн?
4. Дүниежүзілік кітап күні қай күн?
5. Оқушының алғашқы кітабының атауы
Білгірлер:
1. Алғаш қазақ әліппесін жасаған және оқу құралын жазған кім?
2. 1-қырқүйек қандай күн?
3. Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы
4. Кітап кім үшін жазылады?
5. Кітаптың алғы сөзі арқылы нені білуге болады?
2-белес.
Мақал-мәтелдің жалғасын жалғастыр.
Тапқырлар:
1. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз ................
2. Тіліңмен жүгірме,
............... жүгір.
3. Ғылым-теңіз,
Білім-............
4. Білек бірді жығады,
Білім .......................
Ойшылдар:
1. Кітап-ғалым,
Тілсіз ...........
2. Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір ............
3. Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс ..........
4. Жақсы сөз-.............
Білгірлер:
1. Кітап ақылды қуаттандыратын ...........
2. Өмірде ең жақын кеңесші-...........
3. Кітапсыз үй-жансыз ..............
4. .................. арзан,
Іші толған маржан.

3-белес.
Жұмбақтар.
Тапқырлар:
1. Білімнің мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
2. Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы.
Білімнің нәрін тереді
Балаға тәлім береді
Ойшылдар:
1. Үндемес серік,
Ақылы берік.
2. Ұшымен қазып,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім
Асыл сөз жазып.
Білгірлер:
1. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасын биік белеңге.
2. Тілі бар үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен.
Кітап бізге нені үйретеді?
• Ата-ананы құрметтеу
• Табиғатты сүю, аялау
• Білімге, өнерге ұмтылу
• Адамгершілікке, әдептілікке баулу
• Ой ұшқырлығын дамыту
• Белсенділікті арттыру
• Еңбексүйгіштікке баулу
• Сөздік қорды байыту
• Батыл, өжет болу
• Денсаулықты нығайту
Кітап арқылы біз:
ертегілер әлемін,
таңғажайыптар әлемін,
салт-дәстүрлер әлемін,
жұмбақтар әлемін,
мақал-мәтелдер әлемін,
жаңылтпаштар әлемін,
бүкіл әлемнің тарихын танимыз.
Артық болмас білгенің ...
Қортынды бөлім .
Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалармен таныстыру.
Категория: Школьная библиотека | Добавил: Саукетай (2014-03-21) | Автор: Сауле E
Просмотров: 1823 | Комментарии: 1 | Теги: кітапханалық сабақ | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 1:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru