Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

Жеті Жарғының

Ол өз өмірін, күш – жігерін, ақыл – парасатын ел қамына, оның келешегіне, болашағына арнаған қайраткер.
ХVІІ ғасырдың аяқ шені мен ХVІІІ ғасырдың басында Тәуке хан тұсында жасалған қазақтың байырғы әдет правосының жинағы Тәуке ру, жүз араларындағы араздықты бәсеңдету, ауызбірлікті насихаттау арқылы өз билігінің беделін асыруды, қазақ хандығын нығайтуды, қоғамдық өмірде кейбір өзгерістер енгізуді мақсат етеді. Осы жолда көп күш - жігер жұмсайды, бұл кезде әрбір тайпа, ру, жүз көлемінде әртүрлі қолданылып келген, бытыраңқы қадамдардың ішкі өміріне сәйкес құрылған әдет правосы қағидаларын жинақтап, бүкіл қазақ сахарасы көлемінде жалпылай қолданылатын нормаларды іріктеп, белгілеу ең басты шаралардың бірі болды. Жеті Жарғы заңының қалай жасалғаны туралы мәліметтер әрбір оқырманды қызықтырары сөзсіз.
Ол үш жүздің атақты ру басшыларының Түркістан маңайында бас қосқан жиналысында қабылданды. ( Күлтөбенің басында күнде кеңес. Жиі – жиі болған жиын туралы айтылады. ) Жеті Жарғыға енген нормалар қазақ өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын қамтиды. Жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен билік, т.б. мәселелерді қамтыған. Жеті Жарғының жазбаша тұңғыш текстінің болуы ықтимал. Бірақ ол
Негізінде, Жеті Жарғының ережелері ауызша жатталып, елден елге, ұрпақтан ұрпаққа таратуға ыңғайланып жасалған болуы керек. Жеті Жарғының құрамында ежелгі ескі әдет нормаларымен бірге ( « қанға қан алу », « ел жәбірі - ер жәбірі », « барымта » т.б. ) әлеуметтік, тап қайшылықтарының сарыны бар. « Жаңартылған » нормалар да кездеседі. ( « Сұлтан қожаның құны - жеті құн », « екі әйел - бір еркек » т.б. ). Мазмұны жағынан алғанда, Жеті Жарғы - патриархалды - феодалдық қатынастар мен үстем тап өкілдерінің мүдделерін қорғап, Бұқараға бағынышты етіп ұстауға бейімделген әдет правосы нормаларының жинағы.
Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты « Хан кеңесі » сайланды. Осы кезде бұрынғы « Қасым салған қасқа жолдың », « Есім салған ескі жолдың » заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды.
Тәуке хан және жоғарыда аталған үш бидің қатысуымен 1684 жылы « Жеті Жарғы » жасалды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен ( б.з.б. 7 – 6 ғ. ) терезесі тең тұрған бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл – ауқатының артуына, ата - дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Жеті Жарғы осылай жасалды.
« Жеті Жарғыға » Әйтеке бидің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол - « Сүйек құны », « Өнер құны ».
1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы бір жанжал үлкен дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның есерсоқ баласы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші – домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп әбден өшігіп алады. Бүркіт ұстап құс салатын аңшылығы бар екен. Дегеніне көнбейтініне көзі жеткен жігіт бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркіт шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңын жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді.
Ақыры ел арасы « төрежақ », « қаражақ » болып екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Әйтеке би қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Алайда Әйтеке би қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, « өнер құнын » және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін « сүйек құнын » төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп Әйтеке бидің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бұл Әйтеке бидің ата - дәстүр салтына жетістігімен бірге өнерге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1 том. Алматы, 1998
2. Ақтөбе энциклопедиясы, 2001
Шаекенова Рзагүл Жақсылыққызы, Ақтөбе қаласы, № 34 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Категория: Школьная библиотека | Добавил: Rizo4ka (2014-06-03) E
Просмотров: 1292 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 9:46 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru