Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьная библиотека

«Нашақорлық ортақ қасірет»
Нашақорлық ортақ қасірет.
Тәлімгердің сөзі: Балалар, «Жақсы мінез – құлыпен ақыл – күш басым болып, екеуі біріккенде адамшылық қасиеттерге айналады» деп Әл – Фараби бабамыз айтып кеткен. -Енді мына затқа көңіл аударыңдар. Нені көріп тұрсыңдар?
«Жас Ұлан» тобы: Қара ноқат көріп тұрмыз.
Тәлімгердің сөзі: Балалар, ноқат сияқты бойымыздағы жаман қасиеттер бірден көрініп тұрады. Жаман қасиетке ерік берсек, осы қара дақ ұлғайып жан дүниемізді, рухымызды билеп алады. Қазіргі уақытта заманымыздың қара кеселі болып отырған не?
«Жас Ұлан» тобы: Маскүнемдік , нашақорлық , түрлі жұқпалы аурулар.
Тәлімгердің сөзі: Олай болса, өздеріңдей жас өспірімдер сол зардаптарға шалдығып, өмірдің ащы дәмін татуда. Мына көрініс соның дәлелі болмақ , назар аударыңдар. Талдауға дайындық жасаңдар.
«Жас Ұлан» тобының 8-ші сынып оқушылары «Нашақорлық ортақ қасірет» атты көрініс көрсетеді.
(Қайғылы ауыр музыка ойналады. Сахнаға ана мен бала шығады. Баланың қолында шприц. Азған. Жүдеген. Қиналған. Нашақорлық ауруының жанын қоярға жер таба алмай жүр).
Баланың сөзі: – Апа, кешір мен. Кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесіз бе, мен... – нашақормын, мен үшін бұл дүниенің қызығы жоқ.. Мен үшін өмірдің бар қызығы нашн, наша, анаша! Наша тауып берші, апа. Наша тапшы, өліп барам, апа. Наша, наша... мені аясаң, мені балам десең, наша тауып берші, апа... (жылайды).
Ананың сөзі: – Құлыным – ай, құлыным.. қалай тап болдың бұл пәлеге? Анаша дегенің көрініп келген ажал еді ғой. Соны біле тұра... сорлы балам... ажалмен ойнағаның не болғаның, өміріңнің бар қызығынан, қуанышынан айырып, сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осыншама сорлатқан қай тасжүрек? (Осы кезде шатыр – шұтыр, құлақ тұндырар мзыка үні естіледі. Сахнаға есірткі таратушы шығады. Үстінде қара киім. Бетінде адамның бас сүйегі бейнеленген бетперде.)
ЕСІРТКІ таратушының сөзі: -Ол қаніпезер кім еді деймісің? Ол – мен. Мен. Мына менмін. Не істейсің маған, байғұсым?
Ананың сөзі: -Сен бе едің? Сен бе едің, жүзіқара. Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған! Не жазығы бар еді?


ЕСІРТКІ таратушының сөзі: - Рас, оның маған еш жазығы жоқ. Егер сенің балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан алам. Кім береді маған оны?
Ананың сөзі: - Ақша, ақша деймісің. Ақшаңдап қалғыр... Қай заманда адамнан ша қымбат болып еді. Ақшаның орнында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді құлынымның?
ЕСІРТКІ таратушының сөзі: - Күнәсі не дейсің? Күнәсі - әлсіздігі. Балаң «жоқ» деген сөзді айта алмайды екен. «Жоқ» деген сөзді үйретпепсің балаңа. Маған да керегі сондай адамдар. Ия, мен оны дискотекада қармаққа іліктірдім. Ол менің қолымды қайтара алмады. «Жоқ керек емес» деп айта алмады. «Жоқ» деген сөзді үзілді – кесілді айта алмауы сенің балаңның түбіне жетті. Мен экстази бердім.
Ананың сөзі: – Экстази бердім деймісің. Ол неменесі тағыда?
ЕСІРТКІ таратушының сөзі: - Ол жас балаларға арналған түрі.
Ананың сөзі: – Құлыным – ай, заманның кеселіне қайдан ұрындың? Көзіңді аш құлыным, көкірегіңді аш құлыным, көкірегіңді аш (Ана күңіреніп жылайды).
Баланың сөзі: Я, жаратушы Аллам! Қолдай гөр, сүйей гөр мені, сүйей гөр Қолдары да, қорғаны жоқ жан едім Жасаған ием! Құлап барам, сүйей бер! Перделерге табынына – табына болған ем, Жаратушы жалғыз ием қуат бер. Азабымды, тозағыңды жеңейін. Жаратушы жалғыз ием шуақ бер, Өзіме де, өзгеге де төгейін. Я, АЛЛАМ! Жаратушым, Қорғаушым, Өзің – өмір, өзің – қуат, қорғансың. Іші өртенсін, дұшпандарым долдансың, Достарым кеп демесін бір, қолға алсын. Я, АЛЛАМ! Адамдарға қас қылма, Сорлы қылма көк аспанның астында, Я, АЛЛАМ! Жауыздықтан сақтай гөр Жамандыққа, жауыздыққа бастырма.

Ақ сақалды қарияның сөзі: -Уа, күнәһар қос пендем! Неге мұңаясындар! Енді кімді кінәлайсыңдар?
Ананың сөзі: -Менің баламды азаптап, өзімді қинайтындай қандай күнәм бар?
Ақ сақалды қарияның сөзі: -Бала жастан көңіл бөлу керектігін ұмыттың ба? Көбіне баланың сөзін сөйлеп, өзгені кінәладың?
Тәлімгердің сөзі: -Мінекей, көріністі көріп, әр қайсымыз ой түйдік. Осы ойымызды ортаға салып көрелік. Ал, енді қандай мінез ерекшеліктерін байқадыңдар?
1 – оқушы. Бұл көріністен баланың нашақорлығын көріп отырмыз. Жаман мінез рухани кесел. Кеселді жою үшін түбіріне балта шабуымыз керек. «Баланы жастан» деген мақал бекер айтылмаған. Ата – ана баласына бала жастан көңіл бөлу керек деп ойлаймын.
2 – оқушы. Баланы әлсіз – жауапсыз деп айтар болсам, әр адам өз мінезіне өзі жауапты. Мінездегі ақау адаммен бірге өсе келе, кейін қоғам үшін үлкен кеселге айналады. Болашақта өз достарымды жауапкершілікке мықтылыққа шақырамын.
3 – оқушы. Менің байқағаным ақымақтық пен ақылсыздық, адамның мінезінің екі ерекшелігін игере алмаған уақытта солқылдақ шыбық сияқты күштің басым жағына иіліп кетеміз. Сол себепті мінезімізді ақылға жеңдіре білуіміз керек.
4 – оқушы. Бұл жерде ана баласына кеш болса да, жігер берді. Өмірге көзін ашты. Ал, бала қайраттанып тәубесіне келді. Ештен кеш жақсы демекші, баланың дұрыс жолға түскені баласына да, анасына да, қоғамға да үлкен олжа болып тұр.
5 – оқушы. Құран Кәрімнің «Бұқара» сүресінің 54 – аясында тәубе туралы былай делінген: «Әй, қауым! Ал енді жаратушыларына тәуба қылыңдар. Әрі өздеріңді түзетіңдер. Бұларың сендер үшін жаратушыларының қасында қайырлы. Сонда тәубелеріңді қабыл етті. Өйткені, ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді».
Тәлімгердің сөзі: -Өте жақсы айтасыңдар, дәл ол сендердей әрбір бала жақсы мен жаманды сараласа, адамгершілігіміз биіктен көрінеріне сеніміміз мол. Сендердің сөздеріңе, ойларыңа Абай атамыздың мына сөзі куә: «Адамның адамшылығы – ақылмен ғылымда, жақсы ата – анадан, жақсы құрбы ұстаздан» деген. Балалар, сөзімді қорытындылай келе, сендерге – «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп болашаққа нық сеніммен қарап, ертеңінен сара жол таңдайтын жаңа заманның білікті де, білімді жастары болады деп сенемін»
Категория: Школьная библиотека | Добавил: Kamilya (2015-01-13) | Автор: Калиева Анар Есентаевна E
Просмотров: 1521 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 12:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru