Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Тікбұрышты проекциялау әдісі
Сызу сабағына инновациялық жаңа технологияларды енгізу

Бибеков Кабыш Тлеужанович
Бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі
«№34 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Шығыс Қазакстан облысы,Семей қаласы
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқанды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау керектігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясеткерлер үшін де ең басты, маңызды мәселесі болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған. Жаңа технологияны үйрену мақсатында екінші деңгей тыңдаушысы Ш.Е. Калихановаға тәлім алушы бола отырып, 9 сыныпта «Параллель проекциялау» тақырыбын дәстүрлі әдіс-тәсілдерімен жоспарлап өткізсем, «Тікбұрышты проекциялау әдісі» тақырыбындағы сабағымды Блум таксономиясы бойынша бірлесе жоспарлап өткіздім. Бұл сабақ « Диалогты оқыту»; «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»; «Оқуды және оқыту үшін бағалау»; «Талантты және дарынды балаларды оқыту»; «АКТ-ны қолдану»; «Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс»; «Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»; «Көшбасшылық» модульдеріне яғни, Бағдарламаның жеті модуліне негізделді. Сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып, ғылыми дүниетанымын жетілдіріп, коммуникативтік біліктілігін арттырды.
Білім беру саласында қол жеткізілген білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.
Бұл сабақта мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері Блум токсономиясының білу, тусіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері арқылы жоспарланды және ойдағыдай жүзеге асты. Сабақ соңында оқушылар формативті бағалау арқылы барлығы бағаланды.
Сабақта сызу пәні информатика, математика және физика пәндерімен тығыз байланыста болды. Информатика пәнінен Power Point бағдарламасын пайдалану арқылы слайдтар жасау, интерактивті тақтаны пайдалану т.б. АКТ кеңінен қолданылды.
Қазіргі жаңа бағдарламаның жеті модуль мәнмәтінініне сәйкестендіріліп өткізілген сабақта оқушылар теориялық білімдерін іс-тәжірибеде және өмірмен байланыстыра көрсете білді. Сабақ өз көздеген мақсатына жетті деп ойлаймын.
Жаңа бағдарламаның жеті модуль мәнмәтінініне сәйкестендіріліп, яғни Блум таксономиясы бойынша жоспарланып өткізілген сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.

Сызу Күні Сабақ

Сабақтың тақырыбы Тікбұрышты проекциялау әдісі.

Мақсаты Тікбұрышты проекциялау әдісін жазықтықта салу.
Жұмыс нәтижесі Нүктенің, кесінділердің және жазық фигуралардың тікбұрышты проекциясын жазықтықта салады.

Сілтеме Ж. М. Есмұхан. Сызу. Алматы «Мектеп» 2005 жыл 35 бет;
М.М. Хасенов. Сызу. Графикалық кескіндерді түрлендіру.
Алматы «Мектеп» 2005 жыл 21 бет;
Ж. М. Есмұхан, Ы. Нәби, С. Жұматай. Сызу. Міндетті графикалық жұмыстар Алматы «Мектеп» 2005 жыл
19 бет.

Негізгі идеясы Диалогты оқыту; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы

Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут

Сабақ жоспары 1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
2. Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
3. Рефлексия
4. Үйге тапсырма
Үйге тапсырма §11 оқуға, 39 беттегі №4 жаттығу

Сабақтың барысы:
Ойлауды
Блум
бойынша жіктеу Мақсат Тапсырма түрі. Түрткілер. Нәтиже Бағалау критерийлер дескриптор Ұпай Жиынтық баға
І. Білу Тақырыпты ашу.
Үй тапсырмасы «Параллель проекциялау әдісі» тақырыбы бойынша Білім көлемін зерделеу: толық жауап 3
білімін анықтау толық емес жауап 2
Дұрыс емес жауап 1
1-слайд. «Миға шабул»
1.Түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі......(қиылысу нүктесі)
2. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса......(параллель)
3. А нүктесінің А' нүктесін π' жазықтығындағы s бағыты.......( параллель проекциясы)
Сабақ тақырыбын табу
Параллель проекциялау әдісін еске түсіреді.
ІІ. Түсіну Оқулық мәтінін игерту. 2-слайд. Оқулық мәтіні бойынша топтық жұмыс. Тақырыптың басты идеясын табу:
І топ Кесіндінің тікбұрышты проекциясы; Тапсырманы толық орындады 3
ІІ топ Жазық дененің тікбұрышты проекциясы; Қателіктері болды 2
ІІІ топ Екі жазықтықтағы дененің тікбұрышты проекциясы; Мүлдем орындай алмады 1
ІV топ Текшенің тікбұрышты проекциясы;


ІІІ. Қолдану Алған білімін тәжірибеде қолдану. тапсырмалар
І топ Кесіндінің тікбұрышты проекциясы; 39 бет №1
ІІ топ Жазық дененің тікбұрышты проекциясы; 39 бет №2 а
ІІІ топ Екі жазықтықтағы дененің тікбұрышты проекциясы; 39 бет №2 ә
ІV топ Текшенің тікбұрышты проекциясы; 33-сурет
Сергіту Бейнежазба бойынша Алған білімін тәжірибеде қолдана
алады. Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру Қалыптасқан

3
Толық емес

2
Қиын 1
Талдау Шешім шығару Параллель және тікбұрышты проекциялаудың ерекшелігін белгіле Параллель және тікбұрышты проекциясының ерекшелігін дәлелдейді. Пікірталасқа түсу диалог құрып,қорытынды жасайды 3
тек диалог құрайды 2
жұмысқа қатыспайды 1
Жинақтау Жағдаяттан шыға білу Кесінді, жазық денені, текшені және екі жазықтықтағы дененің тікбұрышты проекциясын құрастыру. тікбұрышты проекциясын құрастыра отырып нақтылайды Жағдаяттан шыға білу құзыреті Толық шықты

3
Қиналды
2
Шаға алмады
1
Бағалау Ойын жинақтауға дағдыландыру. Дүниетанымын кеңейту. І топ Тұрмыстық техниканы тікбұрышты проекциямен байланыстыр.
ІІ топ Тікбұрышты проекцияны жиһаз жасаумен байланыстыр.
ІІІ топ Тікбұрышты проекцияны құрылыспен байланыстыр.
ІV топ Тікбұрышты проекцияны оқу-құралымен байланыстыр. Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. Логикалық ойы Креативті

3
Ойы жүйелі, тың ойы емес

2
Жалпыға ортақ ой 1

Өзін-өзі бағалау парағы
Аты Үй тапсырмасы Оқулық мәтіні Деңгейлік тапсырма Параллель және тікбұрышты проекциялаудың ерекшелігі Құрастыру Дүниетанымын кеңейту Қорытынды баға
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: нуралы (2013-03-09) | Автор: Бибеков Кабыш Тлеужанович E
Просмотров: 6542 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-05-05, 2:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru