Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «М.Орынбасаров атындағы орта мектебі»мм Сидакова Эльмира Жасаганбергеновна Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру 2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту 3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар, суретпен жұмыс Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет Сабақтың мазмұны I. Ұйымдастыру - Оқушылармен амандасу - Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу - Сабаққа зейіндерін аудару II. Өткен сабақты еске түсіру - Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? - Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз. III. Мағынаны тану 1) Жұмбақ жасыру - Өзі төрт қанатты, Және алты аяқты, Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік) - Тұмсығына жібін байлап Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты, Бүтіндейді жыртықты. (ине) - Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? - И дыбысынан басталып тұр - И дыбысын айтып көрейік - И - и - и - Қалай айтылады? - Созылып айтылады. - Созылып айтса қандай дыбыс болады? - Дауысты дыбыс. - Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? - Қызыл түсті текшемен. - И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? - И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі? - Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық? - Й әрпімен таныстық - И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру. 2) Кітаппен жұмыс - И дыбысына байланысты сөздерді оқыту 3) Топтау И 4) Мәтінмен жұмыс - «Ит» мәтінін оқыту Ит – адамның досы. Олар иесін қорғайды. Балалармен ойнайды. Мал бағады. Аң да аулайды. Итке иесі – қамқоршы. - Мәтін не туралы? - Ит туралы - Ит не істейді? - Ит мал бағады, аң аулайды - Мәтінде неше сөйлем бар? - Мәтінде 6 сөйлем бар 5) Тақтамен жұмыс - «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру - Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату - Екінші сөйлемді жаздырту - Сөздерді буынға бөлдіру 6) Дәптермен жұмыс - И әрпін ауада жазып көрсету - И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету - Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру IV. Сабақты қорытындылау Біз бүгін И дыбысы және әрпімен таныстық | |
Просмотров: 979 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|