Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі»мм Құрман Света Әділқызы Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Төрт түліктің кеңесі туралы мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқуға үйрету. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Дамытушылық: Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қайталау Сабақтың типі: жүйелеу,пысықтау Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, Көрнекілігі: оқулық, суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Түйе туралы не білеміз? Оның сүтінен қандай тағамдар әзірлейді? Оның етінен не әзірленеді? Терісінен ше? ІІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. ІІІ. Жаңа сабақ Кіріспе Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық. қ а й т а л а у 1. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.(қозы) 2. Ер қанаты не? 3. Төрт аяғын тең басқан. ( түйе) 4. Жабағыдан кейінгі не ? (тай) 5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран). 6. Ешкінің төлі. ( лақ) 7. Сүттің түсі қандай? (ақ) 8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп аталады? (уыз) -Сонымен бірінші қатардағы ,торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты? -Қайталау. -Қандай ауыз әдебиетінің саласымен таныс едік? Төрт түлік туралы жырлар. Оқулықпен жұмыс ә/ Жырды мәнерлеп рөлге бөліп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары: 1. Өлең не туралы? Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: Дәптермен жұмыс Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптеріңе теріп жаз Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні Тұрмыс жағдайы төмен адам Қоры үзілген қу Еңбекқор адам Шаруа қуған Батыл, өжет адам Найза ұстаған ер Шаруасы жақсы, бай адам Ел ішіндегі зор Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар: 59 беттегі суреттерге зер сал.Қай түлік қай жерді қалайтынын айт.Мәтіндегі сөз тіркесін пайдалан. Қой 1 сурет: күнгейлі қара тас Сиыр 2 сурет. Қалың қорыс ну Жылқы 3 сурет: бетегелі бел Түйе 4 сурет: жалмаң құлақты сор ІҮ.жаңа білімді бекіту: Сонымен,төрт түлік қандай жерді, қандай кісіні қалайды екен? Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін ата. Ү. Қорыту: Сабақта не туралы білдік? ҮІ. Үйге тапсырмасы. ІҮ деңгей топ бойынша мәтінді сахналауды ұйымдастыру. Бағалау. | |
Просмотров: 933 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|