Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Мырзаханова Гульмира Амантаевна Семей қаласы, №38 мектеп-лицей Сабақтың тақырыбы: «Қозғалысқа» берілген есептер. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды нысандардың қозғалыстарына (бір-біріне қарама-қарсы, біріне-бірі қарама-қарсы, бір бағыттағы (қуып жету, кейін қалу)) берілген есептерді түсініп, талдауға және шығара білуге үйрету. Міндеттері: Білімділік: Бір-біріне қарама-қарсы, бірінен-бірі қарама-қарсы, бір бағыттағы (қуып жету, кейін қалу) қозғалысының мағыналарына түсінік беру, қозғалыстарға берілген есептердің шығару әдістерімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, танымдық, зеректік қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды өзара сыйластыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, ұжымдық қарым- қатынасқа, сабақ үстіндегі белсенділіктерді арттыруға және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: презентация, таратпа материалдар. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. «Ой қозғау» 4. Жаңа материалды игеру 5. Сергіту сәті 6. Тақырыпты бекіту 7. Үй жұмысы 8. Қорытындылау, бағалау Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасып, түгендеу. ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру. б) Оқушыларды төрт топқа бөлу. 2. Ұй тапсырмасын тексеру 3. Ой қозғау. - Нысандардың жүрген жолын қалай табуға болады? - Нысандардың жүрілген жолы мен уақыты белгілі болған жағдайда, жылдамдықты табуға бола ма? - Егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, онда жолға кеткен уақытты қалай анықтаймыз? 4. Бүгінгі сабағымызда нысандардың түзу бойынша қозғалысының мүмкін нұсқаларын қарастырамыз. Нысандардың түзу бойынша қозғалысында келесі түрлерін ажыратуға болады: 1. Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс 2. Бір пункттен бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс 3. Бір бағыттағы қозғалыс (қуып жету) 4. Бір бағыттағы қозғалыс (кейін жету) 1-топ – Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс Арасы S км екі пункттерден бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі нысан шықты. Бірінші нысанның жылдамдығы V1 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы V2 км/сағ. Екі нысан бір мезгілде жолға шығып, тоқтамай бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп отырса, нысандар бір-біріне жақындайды. Уақыт бірлігінде нысандардың бір-біріне жақындауын жақындау жылдамдығы деп айтады. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы нысандардың жылдамдықтарының қосындысына тең болады. V жақынд. = V1 + V2 Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыста нысандардың белгілі уақытта жүрген арақашықтығын білу үшін жақындау жылдамдығын жүрген уақытына көбейту керек. S = Vжақынд ∙ t 2 топ – Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс Бір пункттен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі нысан шықты. Бірінші нысанның жылдамдығы V1 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы V2 км/сағ. Екі нысан бір мезгілде және бір пункттен жолға шығып, тоқтамай бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүріп отырса, нысандар бір-бірінен алыстайды. Уақыт бірлігінде нысандардың бір-бірінен алыстауында алыстау жылдамдығы анықталады. Бір-бірінен қарама-қарсы бағытта қозғалу кезінде алыстау жылдамдығы нысандардың жылдамдықтарының қосындысына тең болады. V алыст. = V1 + V2 Бір пункттен шыққан бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыста нысандардың белгілі уақытта жүрген арақашықтығын білу үшін алыстау жылдамдығын жүрген уақытына көбейту керек. S = Vалыст ∙ t 3 топ – Бір бағыттағы қозғалыс (қуып жетуі) Екі нысанның арасы S км тең және олар бір мезгілде бір бағытта бірінен кейін бірі V1 және V2 жылдамдықтармен (V1> V2) жылжып келеді. Егер бір бағыттағы қозғалыста нысандардың жылдамдықтары V1> V2, олар бір-біріне жақындайды және жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың айырмасына тең. V1> V2, Vжақынд.= V1 – V2 4 топ – Бір бағыттағы қозғалыстың (кейін қалуы) Егер екі нысанның арасы S-ке тең болып, және олар бір бағытта бірінен кейін бірі V1 және V2 жылдамдықтармен (V1< V2 ) жылжып келеді. Егер бір бағыттағы қозғалыста нысандардың жылдамдықтары V1< V2, олар бір-бірінен алыстайды және алыстау жылдамдығы жылдамдықтардың айырмасына тең. Егер V1< V2, онда нысандардың алыстау жылдамдығын анықтау Vалыст.= V2 –V1 5. Сергіту сәті. 6. Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар. 1 тапсырма. Арасы 600 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі поезд шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 70 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 80 км/сағ. Олар қанша уақыттан соң кездесті? 2 тапсырма. Арасы 10 км А және В пункттерінен бір мезгілде біріне-бірі қарама-қарсы бағытта 2 жаяу адам шықты. 1-ші жаяу адамның жылдамдығы 3 км/сағ, ал 2-ші жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. 4 сағ кейін арақашықтығы қандай? 3 тапсырма. Кішкентай балапан өрмекшімен танысқысы келеді. Қазір олардың арасы 40 м. Егер өрмекшінің жылдамдығы 360 м/мин болса, ал балапанның жылдамдығы 370 м/мин болса өрмекшіні қуып жете ала ма? 3 мин кейін олардың арақашықтығы қандай болады? 4 тапсырма. Ит 800 м/мин жылдамдықпен қашып келе жатқан қоянды 750 м/мин жылдамдықпен қуып келеді. Ит пен қоянның арақашықтары қандай жылдамдықпен өзгереді? Егер қазір ит пен қоянның арасы 600 м болса, 8 мин кейін ол қалай өзгереді? 5 тапсырма. Арасы 500 км екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы автобус пен жүк машинасы шықты. Егер жүк машинасының жылдамдығы автобустың жылдамдығына қарағанда 4 есе үлкен. Олар 4 сағ кейін кездессе автобустың жылдамдығы қандай? 7. Үйге тапсырма беру. 8. Қорытындылау, бағалау. | |
Просмотров: 2338 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|